10-сынып І тоқсан



бет52/169
Дата06.01.2022
өлшемі2,75 Mb.
#11377
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   169
Пәнаралық байланыс.

Бұл бөлімнің тарих, әдебиет, өзін-өзі тану, экономка, география пәндерімен байланысы бар. Мұғалім әртүрлі мәтіндерді талдау арқылы осы пәндерді кіріктіре алады.





4-БӨЛІМ: Ұлттық экологиялық мәдениет

Коммуника

тивтік дағдыларға сілтеме

Оқыту мақсаттары

Ұсынылатын әдіс-тәсілдер

Мұғалімге ескертулер


Оқыту ресурстары

2. Назарын шоғырландырып тыңдау

10.1.2.1 - мәтінді тыңдай отырып, негізгі идеяларды (ақпараттарды)қысқаша түртіп жазу (конспектілеу), жазбаға сүйеніп мәтін мазмұнын түсіндіру

Климаттың өзгеру себептері
ЖЖ. Тыңдалымалды тапсырма.

Оқушылар Қазақстанда болып жатқан әлемдік деңгейдегі және әлемде болып жатқан экологиялық жаңалықтар туралы жұпта әңгімелеседі. Тақырыпты екі қырын қарастыра отырып өздерінің тұжырымдамаларын кезекпен айтады.


Тыңдалым тапсырмасы.

Алдымен, бейнебаян тыңдалады. «Қарлы кесек» әдісі арқылы жұптар парақтарға сұрақтар жазып, басқа жұптарға лақтырады, сұрақты алған жұптар өз жауаптарын және аты-жөндерін жазып, жауаптарын қайтарады. Жұптар жауап жазылған парақтан жаңа сұрақ тудырып,келесі жұпқа лақтырады. Мұғалім белгі бергенге дейін тапсырма жалғаса береді.


Ағартушы ұстаз Ыбырай Алтынсарин айтқандай,«көзді ашып-жұмғанша тастан сарай салғызар, айшылық алыс жерлерден жылдам хабар алғызар» заманға адам баласы аяқ басты. Қазір ақшаңыз болса, қалағаныңыз қолыңызда.

Есесіне өзіміз өмір сүретін ортаның ойраны шықты. Экономиканы ойлап жүргенде экологиялық апаттарға жол берілді. Шартараптың шаруасын айтсақ, шошытып алармыз. Бір ғана Бейжіңнің жайы белгілі: ол жақтағы ауа – кәнігі көзді ашытатын көк түтін.

Ендеше «аурудан айықтыра алмады» деп жалғыз дәрігерге жабыла дүрсе қоя беруіміз дұрыс емес-ау?! Немесе табиғат қыңыр мінезін танытқанда, қырық пышақ болғанымыздан да не қайыр?! Дерт дендеп, климат күрт өзгерсе, бұл – мұқым елге ортақ мәселе.

Демек Жер бетінде болып жатқан келеңсіздіктерге ғаламдық экономикалық саясаттың «солқылдақ» болуы себеп. Сондықтан адамзатқа жаңа энергияға негізделген жаңа экономикалық сценарий қажет.

Айтылған жаңалықтағы осы мәтінді ары қарай дамытып, өз жобаларын жасайды.


Елбасының қатысуымен өткен Астана экономикалық форумының отырысы осы тақырыпқа арналды. Яғни халықаралық «ЭКСПО-2017» көрмесінің ашылуымен үндес болды.

Оқушылар тыңдалым мәтіні бойынша Елбасының 5 мысалын тізеді.


«Қарлы кесек» тәсілі

Мысалы: мақал-мәтелдер туралы мәтін оқыған соң мұғалім немесе оқушылардың өздері мақал-мәтел жазылған қағазды умаждап, бір-біріне лақтырады. Тосып алған оқушы сол мақалдың мағынасын ашып, түсіндіруі керек.


Көпшілік білетін мақалдардың тізімін жасайды. Ең көп мақал жазған оқушылар өз тізімдерін сыныпқа оқиды, ал басқалары кейбір мақалдарды немесе сол мақалдарға қатысты сұрақтарды өз тізімдеріне қоса алады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   169




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет