10-сынып І тоқсан



бет68/169
Дата06.01.2022
өлшемі2,75 Mb.
#11377
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   169
Мұхит флорасы
Т. Оқушылар мұхиттағы биологиялық алуантүрліліктің маңыздылығы туралы жеке ойланып, жұпта көмектесіп, топта талқылайды.

С. Оқушылар ұлулардың пайдасы туралы мәтін оқиды, оның маңыздылығын талқылау үшін, көрсетілім кезінде негізгі мәліметтерді жазып отырады.

С. Оқушылар мәтінді оқыған соң, талқылау барысында келесі сұрақтарды қарастырады:

  1. Неге ұлу қабыршағында өте күшті у бар деп ойлайсыздар?

  2. Егер су астындағы маржанды жартас болмаса ұлулармен не болар еді? Неге олай ойлайсыз?

Мұғалім сыныптағы пікірлерді қорытындылай отырып, маңыздылықтың тағы бір себебін айтады. Ол – биологиялық алуандылық медициналық қажеттіліктерді қамтамасыз етеді екен.

Сол себепті маржанды жартастарды көбіне «медициналық қалташа» деп айтады, себебі онда өмір сүретін ағзаларда ауруды тыныштандыратын, обыр ауруына қарсы химиялық заттар бар екен. Мысалы, ғалымдар ұлу қабыршағының химиялық заттарды қамтамасыз етуде таптырмас дүние екенін анықтады.

Мұғалім ұлу қабыршағы туралы клип көрсетіп, олардың қалай өмір сүріп жатқандарын, қалай қоректенетінін көрсетеді. Оқушылардан ұлу қабыршағына маржан жартаста өмір сүру неге қолайлы екені туралы ойлануларын сұраңыз.

Видеоны көріп болғаннан соң мұғалім әңгімелесу шеңберін құрып, әр оқушы ішкі және сыртқы жағынан бір оқушымен бір минут бойы осы тақырыпта сөйлеткізеді, келесі оқушы да бір минут бойы сөйлейді, осылай жалғасып кетеді.

Содан соң ішкі шеңбердегілер орын ауыстырады, сыртқы шеңбер сол қалпы қалады. Енді жаңа сұхбаттасымен сол тақырыпта сөйлесуді жалғастырады. Бұның алдында балалар алдыңғы сыныптасымен сөйлескен әңгімені қорытындылап, өз білімдері мен түсініктерін толықтырады.

http://mednewskk3.bitballoon.com/densauly253/lulardy-7-pajdaly16750.html

http://www.aktobegazeti.kz/?p=15496

6. Визуалды материалдар арқылы тілді дамыту

10.2.6.1 - әртүрлі графиктік мәтіндердегі (иллюстрация, фотосурет, сызба, шартты белгі) ақпараттарды салыстыру, негізгі идеясын түсіндіру.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   169




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет