120-сұрақ Тарихқа дейінгі кезеңдегі адамның мәдениеті туралы анықтаңыз


Тас дәуіріндегі Қазақстан аумағының ландшафтық-климаттық өзгеріске ұшырауын сипаттаңыз



бет2/84
Дата21.12.2023
өлшемі346,68 Kb.
#142148
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   84
2.Тас дәуіріндегі Қазақстан аумағының ландшафтық-климаттық өзгеріске ұшырауын сипаттаңыз
Тас дәуірінде, шамамен миллион жыл бұрын адамдар Қазақстан аумағын мекендей бастады. Ол кездегі табиғат жағдайлары казіргіден күрт өзгеше еді. Қазақстан фаунасының негізгі түрлері мамонт, жүндес мүйізтұмсық, жабайы бұқа-тур, үңгір аюы және т.б. болды. Бүкіл тас дәуірі бойы климаттық жағдайлар күрт өзгеріп тұрды. Кейін келе мамонттар мен мүйізтұмсықтар жаппай қырылып қалды, бүл жерде адамдардың іс-әрекеті де белгілі рөл атқарды деуге болады.Орта антропогендік уақытта Қазақстан тауларында барлық жерде қарқынды тектоникалық қозғалыстар орын алды.
3.Қазақстан – жылқыны қолға үйретудің ежелгі ошағы болғаны туралы баяндаңыз
Жылқының алғаш рет қазіргі Қазақстанның солтүстігінде қолға үйретілгені және қымыздың пайда болғанына бес жарым мың жыл болғандығы турасында сенімді дәлел табылған.Адам жылқыны осыдан бес жарым мың жыл бұрын қолға үйреткенін және бұның Солтүстік Қазақстандағы Ботай мәдениеті Энеолит дәуірінде (4_3 мыңжылдық) Арқайым ескерткіштері орта қола дәуірінде, Қазақстанның барлық аймақтарыннан кездесетін арий,сақтар, Ғұн кезеңдерінің ескерткіштері ежелгі Қазақстанда жылқының қолға үйретілгенін көрсетеді
4.Қазақстан территориясында табылған Андронов мәдениетінің ескерткіштерін сипаттаңыз.
Б.з.д. 2 мыңжылдықтың алғашқы ширегі бітер кезде Волга мен Алтай арасында мал шаруашылығымен айналасқан адамдар қола жасауды меңгерді. Мыс пен қалайының қосындысы қола. Оңтүстік Сібірдегі Ачинск қаласы маңындағы Андроново селосынан қола дәуірі ескерткіштері алғаш рет табылды.
Оны 1913 ж. Б.Г. Андрианов ашты. Ғылымда шартты түрде Қазақстан жеріндегі қола дәуірі ескерткіштерін Андронов ескерткіштері деп атайды. Бұл атауды ғылыми айналымға 1927 жылы С. А. Теплоухов енгізген.
Жоғары дамыған мәдениет түрі – сәндік әшекейлер көп кездеседі. Б.з.б 8-7ғ аралығында табылған шаш қыстырғыш пен білезік дәлел бола алады.
5.Қазақстан аумағындағы энеолит және қола дәуірін зерттеудегі ескерткіштер туралы баяндаңыз
Қоладәуірі. (б.з.б. 2-1 мыңжылдықтар). Тасғасырыаяқталғаннанкейін, қолағасырыбасталады. Қолағасырыдепаталуыныңсебебі, осы кездеЕвразиядақолаөндірутәсілімеңгеріліп, қолазаттарынжасайбастады. Қолаеңбекқұралдары мен қаруүшінқолданылатыннегізгішикізатболды. Қоладәуіріндерулыққатынасжойылып, тайпалықбірлестіктерқұрылды.
Қола дәуірінің басты үш ерекшілігі болды.
1.Қола металлургиясы. Түсті металлдар мен алтын өндірістік жолмен игеріле бастады.
2.Бақташылық, мал шаруашылығы. Біздің заманымыздан бұрынғы II мың жылдықтың ортасында Қазақстанның далалық тайпаларында алғашқы өндірістің өрлеуі байқалды, мал өсіру интенсивті түрде өрістед
3.Егіншілік. Егіншілік орташа дәрежеде дамыды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   84




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет