120-сұрақ Тарихқа дейінгі кезеңдегі адамның мәдениеті туралы анықтаңыз


Жәңгір хан тұсындағы Қазақ хандығын сипаттап жазыңыз



бет36/67
Дата21.12.2023
өлшемі144,19 Kb.
#142145
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   67
61.Жәңгір хан тұсындағы Қазақ хандығын сипаттап жазыңыз
Тәукенің әкесі салқам Жәңгір туралы алғашқы мәліметтер 1635 жылғы оқиғаға байланысты айтылады: «... қара қалмақ тайшылары : Талай тайша, Қонтайша (Батур), Тургоча тайшы бүкіл қара қалмақтарымен қыстың күні Қазақ Ордасын шапты, ал Қазақ Ордасы қалмақтарға қарсы шықты... қара қалмақтар Қазақ Ордасындағы адамдарды өлтіріп, Есімнің ұлы Жәңгірді тұтқынға алды...». Басқа деректер бойынша Жәңгір 1635 жылы дүрбіт қалмақ билеушісі Талай тайшы мен тоғауыттарға қарсы соғысты. Бұл кезде тоғауыттар өзге қалмақ тайпаларынан батысқа қарай орналасты және олардың кейбір топтары Жайықтың ар жағында болды.
1643 жылы Орбұлақ шайқасы. 50 мың әскермен келген жоңғарларға 600 сарбазымен Жәңгір хан қарсы тұрып жеңіп шығады. Қосқолаң тауының арасында бекініп 10 мың әскерін талқандайды. Көмеккен Самарқандтың әмірі, қолбасшы Жалантөс 20 мың әскерімен келіп жоңғарлардың ту сыртынан шабуылдайды. Бұл соғыста қазақтар өздерінің ерліктерін көрсете білді. Қалмақтарды басқарып келген Батур қонтайшының ірі әскери жорығына тойтарыс берді. Бұл қақтығыс Орбұлақ деген жерде болғандықтан бұл шайқас осылай аталды. 1644 жылы Жәңгір ханның қалмақтарға тағы да қарсы тұруына тура келеді, бірақ бұл жолы халық көп қырғынға ұшырап, Жәңгір ханның ағасы отбасымен және көптеген адамдармен тұтқынға түседі. 1652 жылы Ресейден жоңғарлар әскеру қару сатып алып қазақтарды ойсырата жеңеді. Ақыр соңында 1652 жылы Жәңгір хан қалмақтармен болған осы шайқаста қаза табады. Бұл уақытта сыртқы саяси жағдай өте ауыр болды. Халық оның ерлігі үшін «Салқам Жәңгір» деп атаған.
62.1680-1718 жылдары Тәуке ханның билікке келуі, оның саясатын анықтаңыз
Тәуке хан тұсындағы қазақ хандығы 1680-1718-жж. Хандықтың ішкі және сыртқы саясаты саяси жағдайы. Жеті жарғы.Жәңгірдің баласы Тәуке хан (1680-1718) тұсында Қазақ хандығының күш-қуаты өсіп, бірлігі артты. Тәукенің туған жылы белгісіз, ал қайтыс болған жылына байланысты ғылыми зерттеулердегі пікірлер де әр түрлі. Жәңгір ханның ұлы және мұрагері Тәуке 1680 жылы Қазақ хандығының тағына отырдыҚазақша «жарғы» әділдік деген ұғымды білдіреді. Жеті жарғы» - жеті әдеттік құқықтық жүйеден тұратын қоғамдық қатынастарды реттейтін салалардың жиынтығы. Олар: жер дауы, жесір дауы, құн дауы, бала тәрбиесі және неке, қылмыстық жауапкершілік, рулар арасындағы дау, ұлт қауіпсіздігін қамтамасыз ету.Ханның ордасы орналасқан қала қасиетті Түркістан болды. Қазақтар Сырдария өзені өңіріндегі 32 қалаға иелік етіп, басқарып отырды. Тарихшы ғалымдар Тәуке хан билік құрған уақытты Қазақ хандығының «алтын ғасыры» деп атағанАтақты орыс тарихшысы А.И. Левшин осы билеуші туралы былай деп жазады: «Ол тайпаларды, өліспей беріспейтін алауыздықтан арылтты, олардың арасындағы бірнеше жылга созылған қанды қырғын сойқанды тоқтатты, ол өзгелердің бәрін де асқан ақыл-парасатымен, қара қылды қақ жарған әділеттілігімен өзіне бағындыра білді». Тәуке ханның сыртқы саясаты атырабындағы елдермен тату көршілік байланыс орнатуға, олармен экономикалық, сауда – саттық қарым – қатынас жасауға тырысқан бейбіт дипломатиялық саясат болды. Тәуке хан Бухара хандығымен бибітшілік қарым – қатынаста болуға, Орта Азиядағы отырықшы аймақтармен, қалалармен сауда – саттық жасауға тырысты. Қазақ хандығымен жауласып келген жоңғар хандығына да соғысты тоқтатып тату көршілік қатынас орнату жөнінде Қазыбек би бастаған елшілер жіберген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет