13. «Тариқат» рет кездеседі Қаһар атты қаһарың, Омар хақында



бет3/12
Дата28.03.2023
өлшемі52,97 Kb.
#76670
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Һай зікірі
Құран оқып, еңіреп, малын харап қылса,
Жан-жүрекпен Һай зікірін айтың, достар.
Ол ғалымның жасы кеппес жанары бар,
Сахарларда ерте тұрып нала қылар.
Пейіш пен Тозақтың айтысы
Пейіш айтар:
мен артық, ғалым құлдар – төрімде,
Аят, хадис, құран бар ғалымдардың көңілінде.
Ғарасат майданы
«Куллу ман алайһа фанин» – Құранда мән:
Өледі екен басқа жан Бір Алладан.
Исрафыл сүр үрлеп, келер тағы
Көрден бәрі тіріліп шығар заман.
МІНӘЖАТ
Хикметімнен – талаптыға нұр жауар,
Бұзық ойлы бейбақ одан құр қалар.
Хикметтерім – келген пәрмен Сұбханнан,
Бар мағынасы Құран оның ұқ, қарғам!
МІНӘЖАТ
Кәміл пірсіз шайқысынған ниеті ылаң, –
Қабыл болмас Құраны оның оқыған.
Екі жастың жетпей жатып біріне,
Балар өзін барша жанның піріне.


110. «Хақиқат» 8 рет (Қаһар атты қаһарың, ЗІКІРШІНІҢ ҚАБІРДЕГІ ХАЛІ, ЛӘМӘКАНДА САБАҚ АЛДЫМ, МАХАББАТТЫҢ ІШПЕСЕМ ШАРАБЫНАН 3 рет, ХАҚ ҚҰЛДАРЫ, Расулдің әулеті)
Қаһар атты қаһарың
Тарихатты білмедім,
Хақиқатқа кірмедім,
Пір бұйрығын ілмедім: дертің – бұлар, Қожа Ахмет.
ЗІКІРШІНІҢ ҚАБІРДЕГІ ХАЛІ
Махаббаттың майданында сөнген-жанған,
Хақиқаттың дариясынан терген маржан,
Мағрифаттың дүкенінде зергер болған
Қимылдаса – дүр мен гауһар шашар, достар.
ЛӘМӘКАНДА САБАҚ АЛДЫМ
Хақиқаттың пәк сөзімен таң аттырып,
Ләмәканда* Хақтан сабақ алдым мән-а.
Бір уа Барым сабақ берді ашып перде,
Жер мен көктен шайтан безді, қашып көрге.
МАХАББАТТЫҢ ІШПЕСЕМ ШАРАБЫНАН
Алла деген шын ғашық пырақ мінер,
Бейнет шегіп ышықтан, жылап сүрер.
Тарихаттың базарын мұрат білер,
Хақиқаттың дариясын кешер, достар.
Хақиқаттың селіне шомылған жан, –
Өзі мұңдық, көзде жас, көңілде арман.
Қорлық, зорлық көргені – небір зордан,
Хақ Дидарын талап қып, жетер, достар.
Хақиқатқа ғашықтың нәпсісі өлі,
Нені іздесе шын сопы – тапты соны.
Тілі – шырын, шындықтың ақты сөлі,
Пұшық пұлға дүниені сатар, достар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет