«Еркін микрофон» Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.
«Еркін микрофон»
Кері байланыс
Сабақ №4
Мектеп:
Күні:
Мұғалімнің аты-жөні:
Сынып:
Қатысқан оқушы саны:
Қатыспаған оқушы саны:
Сабақтың тақырыбы
Геометрияның негізгі ұғымдары.Аксиома. Теорама.
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары
7.1.2.1 нүктелердің түзу мен жазықтықта орналасу аксиомаларын білу және қолдану (реттік аксиомасы);
7.1.1.6 кесінділер мен бұрыштарды өлшеу аксиомаларын білу және қолдану;
7.1.1.8 кесінділер мен бұрыштарды салу аксиомаларын білу және қолдану;
7.1.1.11 берілген үшбұрышқа тең үшбұрыштың бар болуы аксиомасын білу;
7.1.2.2 түзулердің параллельдік аксиомасын білу;
Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушылар: Геометрияның негізгі ұғымдарымен.танысады, ойын жеткізе отырып, негізгі ұғымдарды түсіне тырып фигуралар туралы түсіктерді ұғынады
Оқушылардың басым бөлігі: Тақырыптың мазмұнын талдайды,пікірлерін дәлелдейді, тапсырмаларды орындайды.
Қатынас туралы біледі, есептер шығаруда қатесіз пайдаланады біледі
Кейбір оқушылар: Геометриялық негізгі ұғымдарға анықтама береді, өмірден , қоршаған ортадан геометриялық фигураларды таба біледі.
Геометриялық ұғымдар мен терминдер арқылы жауап береді, яғни математикалық сауатты болады.
Сабақ барысы
Сабақтың кезеңі
Педагогтің әрекеті
Оқушының әрекеті
Бағалау
Ресурстар
Басы 5 минут
Ұйымдастыру сәті Оқушылармен амандасу, түгендеу.Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
Шаттық шеңбері арқылы оқушыларға бір – біріне тілек айтқыза отырып, жайлы ахуал ұйымдастыру
Үйгетапсырмасын тексеру: Сандар сыры туралы мәлімет жинау
Психологиялық ахуалға берілген тапсырманы орындайды.
Негізгі бөлім Тақырыпты ашу
10 минут
Жаңа мәліметті түсіну «Түймедақ» әдісі
1 аксиома
а) Қандай түзу болмасын, ол түзуде жататын нүктелер де, жатпайтын нүктелер де болады.
ә) Кез келген екі нүкте арқылы тек бір түзу ғана жүргізуге болады.
2 аксиома
Түзу бойындағы үш нүктенің тек біреуі ғана қалған екеуінің арасында жатады.
3 аксиома
а) Әрбір кесіндінің нөлден үлкен ұзындығы бар.
ә) Кесіндінің ұзындығы оның әрбір нүктесі мен бөліктерінің қосындысына тең.
4 аксиома]
Түзу жазықтықты екі жарты жазықтыққа бөледі.
5 аксиома[
а) Әрбір бұрыштың нөлден үлкен градустық өлшемі болады.
ә) Бұрыштың градустық өлшемі осы бұрыштың қабырғаларының арасы арқылы өтетін кез келген сәулемен бөлінетін бөліктерінің қосындысына тең.
Теорема
Теорема – дәлелдеуді қажет ететін тұжырымдама
Теоремалардың кері теоремасы болады. Бірақ, барлық теореманың кері теоремасы жоқ.
Мысалы: 1) Егер үшбұрыштың бір төбесінен түсірілген биссектрисасы, медианасы және биіктігі, барлығы, беттессе, онда бұл үшбұрыш – теңбүйірлі үшбұрыш.
Осы теоремаға кері теорема: 2) Егер үшбұрыш теңбүйірлі болса, онда оның екі тең бүйірі қиылысқан төбесінен түсірілген биссектрисасы, медианасы және биіктігі, барлығы,
беттеседі.
«Түймедақ» әдісі арқылы жаңа мәліметпен өз бетінше оқып танысады. Нақты анықтамаларға (+) белгісін қояып отырады.
«Жапондық бағалау» әдісі арқылы бағалайды. Яғни «Дұрыс келісемін», «Толықтырамын, басқа көзқарасым бар», «Менің сұрағым бар». Сонымен қатар 1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады