151 Отан тарихы №4 (92) 2020



Pdf көрінісі
бет5/16
Дата18.04.2023
өлшемі273,76 Kb.
#84029
түріКнига
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Отан тарихы №4 (92) 2020
өкіметі көтерілісті басуға арнайы әскер жіберді. Бірақ көтеріліс 1740 жылы Сібір 
жолы бойында қайтадан күшейіп кетті. Бұл жолы көтерілісшілерді өзін ханмын деп 
жариялаған Қарасақал (Минлигула Юлаев) басқарғандықтан көтеріліс Қарасақал 
көтерілісі деп аталды. Үкімет бұл көтерілісті асқан қаталдықпен басты. Көтеріліс 
басшылары өлім жазасына кесіліп, көтеріліске қатысушыларға көп мөлшерде айыппұл 
салынды. Көптеген көтерілісшілер қазақ жеріне өтіп кетті (Валидов Р.,2006: 306).
1755 жылғы Батырша көтерілісі ұлттық езгінің күшеюіне қарсылық ретінде 
басталды. Көтеріліс басшысы молда Абдолла Әлиев (лақап аты Батырша) барлық 
мұсылман халықтарын кәпірлерге қарсы «қасиетті соғыс» ашуға үндеу жолдады. Ол, 
әсіресе, қазақтармен одақтасуға үлкен мән берді. Бұл башқұрт халқының Ресей 
империясының отаршылдық саясатына қарсы бағытталған кезекті ірі көтерілісі еді. 
Көтерілісші башқұрттардың жоспары бойынша, олар қазақтармен бұрынғы кездердегі 
сияқты біріге күш жұмсап, патша әскерлеріне қарсы күреске шығуды армандады. 
Қазақстанның шегіне көшіп бару башқұрттардың отбасы мүшелерінің қауіпсіздігін 
қамтамасыз ете-ді деп ойлады.
Көтерілістің зор ауқымдылығынан және екі халықтың күш біріктіре қарсылық 
жасауынан қауіптенген патша әкімшілігі оларды бір-бірімен араздастырып, өзара 
қақтығыстыруға әрекет жасап бақты. 
Қазақ халқының едәуір бөлігі башқұрт әскери жасақтарының басшысы Батыршаның 
үндеуін үсіністікпен қабыл алды. Орынбор әкімшілігінің тарапынан жасалған қоқанлоқы 
қорқытуларғақарамастан, көптеген башқұрттар қазақ даласынан өздеріне баспана тапты. 
Қазақтардың бұл көтеріліске жаппай қатысқан кездері де азболған жоқ. 
Орынбор өлкесінің губернаторы И.И. Неплюев қазақтардың билеушілеріне 
көтеріліске қатысқан башқұрттардыұстап беруді немесе ең болмағанда оларды шекара 
шебінен асыра қайта қуыпшығуды ұсынды. Бұл қызметі үшін олардың дүние-мүлкі мен 
мал басын тартып алуға рұқсат етті. Башқұрттардың әйелдері мен балалары қазақтардың 
қолында қалуы тиіс болды. Ұсынысты қазақтардың Нұралы хан бастаған аз ғана 
тобы қуана қабыл алды. Қазақтардың тарапынанжасалған жүгенсіз бассыздықтар туралы 
естіп білген башқұрттар енді кек алуға көше бастады. Атап айтқанда, олар Неплюевтен 
өздерінің қазақ даласына өтіп, олардан «кек алуына» рұқсат сұрады. Ресми түрде 
Неплюев рұқсат етпегенімен бекініс бастықтарына башқұрттардың Жайық жағына өтіп 
жатқанын байқамаған болуы жөнінде құпия нұсқау берді. Ал екі жақ бірін-бірі қырып-
жоюға тақалған кезде олардың өзенге жақын келмеуі туралы алдын ала ескерту жасады. 
Осы мақсатпен ол шекара шебін күзетуді одан сайын күшейте түсті.
Көтеріліс езіп-жаншып басылғаннан кейін кейбір қазақ рулары өздерінің араларында 
башқұрттарды жасырын ұстауды одан әрі жалғастыра берді. Бұл жағдай патша үкіметін 
генерал-майор А.Тевкелевті қазақ даласына арнайы жіберуге мәжбүр етті. А.Тевкелев 
қазақтардың қашқын башқұрттарды қызғыштай қорғамай, патша үкіметіне жедел түрде 
ұстап беруі тиіс екеніне көздерін жеткізуге тырысты.
Тевкелев қазақ старшындарын патша өкіметі билігінің талаптарын орындауға көндіру 
мақсатымен қорқытып-үркітіп, үрей де тудырды, қымбат бағалы сыйлықтар ұсынып 
алдауды да шебер пайдалана білді.
Нұралы ханның іс-әрекеттері қазақ-башқұрт қатынастарының одан әрі ушыға түсуіне 
себеп болып, бірнеше ондаған жыл бойы өзара жорықтар жасалып тұрды. Қазақтар 
ендігі жерде Жайықтың оң жақ жағалауына және башқұрттардың көшіп-қонып жүретін 
жерлеріне бұрынғыдай емін-еркін бара алмайтын болды. Осылайша қазақ-башқұрт 
арасындағы қарым-қатынас осындай шиеленісті жағдайда болды.
Осы уақытқа дейін Ресей империясы Әбілхайыр хатының орысша аудармасымен 
талай ұрпақты алдап келді. Сол тарихи хаттың түпнұсқасы 1999 жылы оқылғанда 
талай ғалымдардың көктен іздегені жерден табылғандай қуанды және тарихымыздың 
шындығын дұрыс бағытқа бұрып жіберді. Сол тарихи хаттың бұлтартпас нақты 
аудармасы да осы уақытқа дейін талай жерде жарыққа шықты. Алайда студенттер мен 
мектеп оқушыларына арналған оқулықтарда көрсетілмей-ақ келе жатыр. Әбілқайырдың 
қолынан қалай болмасын бір хат алу керек деген мәселені де қойған І Петр болатын. 
Ол осы тапсырманы 1722 жылы Тевкеловке қатаң тапсырды. Тевкелов сол үшін көп 
еңбек етті. Оған тек І Петр өлген соң 5 жылдан кейін, яғни 1730 жылы қолы жетті. 
Бұл тарихи хатта бодандық туралы бір сөз жоқ, болуы да мүмкін емес еді. Оның мазмұны 
Қазақ пен Башқұрт халқы арасындағы бұрынғы достықты орнату ғана еді. Осы уақытқа 


155


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет