1996 жылдың қарашасынан бастап екі айда бір рет шығады H. A. Yesevi uktü Bülteni


АХМЕТ ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №2, 2014



Pdf көрінісі
бет111/220
Дата14.12.2022
өлшемі4,95 Mb.
#57292
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   220
АХМЕТ ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №2, 2014 
Ата-аналарымыз, аға ұрпағымыз ынтымақ та, бақ та, бірлік те еңбекте 
екендігін жақсы біледі. Халық «Бақыт кілті – еңбекте», «Ердің атын еңбек 
шығарады», «Еңбек қылмай ер оңбас, бірлік қылмай ел оңбас» деген 
тұжырымдамалық мақал-мҽтелдерді ұрпақтан-ұрпаққа ұрандай мирас етіп 
келеді. Ал Ҽл-Фараби: «...адам кез келген жұмысқа жарамды бола бермейді... 
Жұмысты неғұрлым жетік жҽне жақсы атқарса, білгір жҽне шебер болып 
шығады. Қандай ҽрекет, қандай іс істесек те, содан рахмет табу, соның 
рахатын кҿру біздің мақсатымыз болып табылады» деп ой толғаған сонау 
кҿне ғасырда.
Ұлы Абай: 
«Түбінде баянды еңбек егін салған
Жасынан оқу оқып, білім алған. 
Би болған, болыс болған ҿнер емес, 
Еңбектің бұдан ҿзге бҽрі жалған» – деген екен. 
«Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» деп еңбектің маңызын, 
мҽнін кҿрсетіп кеткен де біздің ата-бабаларымыз. Баланы еңбекке баулу жҽне 
дер кезінде бағалап отыру – басты мақсаттың бірі екендігін ҽрбір саналы 
азамат естен шығармағаны абзал. 
Еңбектің қадірін білетін, оны бақытқа жетудің, болашақта алаңсыз ҿмір 
сүрудің басты кепілі деп түсінуге жеткізетін тұлғаларды қалыптастыруға, 
ҽлеуметтік жаңғыртуды жүзеге асыруға кҿмектесетін жаңа ҽлеуметтік 
саясатты қалыптастыруды қамтамасыз етудің алғышартын тұжырымдады. 
Адам үшін барлық игілік тек еңбекпен келетіндігін, еңбек еткен ҽрбір 
адамның ұлы мақсатқа жететіндігін, еңбек бақытқа алып баратын ұлы іс 
екендігін білдіреді. 
Елбасы ұсынған жаңа қоғамда ҽрбір азамат ҿз жарамдылығына, 
қабілетіне, мүмкіндігіне, ықыласына, таңдаған – жүрегі қалаған 
мамандығына, білім, күш-қайрат дҽрежесіне қатысты еңбек – ҽлемнің 
ҽміршісі екендігін түсініп, оған белсене тікелей ҿзі араласқанда ғана 
мақсатына жетіп, армандарымен сатылап бҽсекелестікке барынша лайықты 
болуымен ғана қоғам ойдағыдай дамып, ҿмірі сапаланумен алға басады. 
Қоғамда бірлік, ынтымақтастық, ҽлеуметтік ҽділеттілік, тұрақтылық 
орнығады, еңбекке деген кҿпшіліктің ынтасын, ықыласын арттырады, адал 
еңбектің мҽртебесі қалыптасады, оны халық ҿз ҿмірінен кҿріп ҿседі.
Тұлғаның даму кезеңдері отбасы тҽжірибесі, мектептен алған тҽрбие, 
қоғамның дамуы, мемлекеттің еңбекшілдерді бағалаулары, бұқаралық 
ақпарат құралдарының жұмысшыларды, еңбек адамдарын, қызметкерлерді 
дҽріптеуі, үлгі-ҿнеге етуі салыстырмалы түрде тҽрбиелеу, ҿзін-ҿзі тануға 
жеткізуге үлесін қосады. Оларды дамытуды үш кезеңге бҿлуге болады: 
1. Бейімделу – қоғамның талаптары, ҽсер етуші, дамытушы ережелерін, 
заңдарын, заңдылықтарды белсенді игерулері жҽне пікір алысу, тҽжірибелер 
жинақтау, іс-ҽрекеттерді зерделеу, зерттеу, сабақ алу. 
2. Жеке ізденістер, ой елегінен ҿткізу, ҿзінің жарамдылығын байқау,


121 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   220




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет