1996 жылдың қарашасынан бастап екі айда бір рет шығады H. A. Yesevi uktü Bülteni


АХМЕТ ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №2, 2014



Pdf көрінісі
бет25/220
Дата14.12.2022
өлшемі4,95 Mb.
#57292
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   220
АХМЕТ ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №2, 2014 
Синтаксистік тұрғыдан зерттеу дегеніміз – сҿйлеу процесінде зерттеу. Бұл 
жайлы I.Кеңесбаев былай дейді: «Фразеологизм сҿйлеу процесінде, демек 
сҿйлем ішінде құлпырып кететіні белгілі. Ал тұтас сҿйлемнің бҿлшегі ретінде 
(яғни мүшесі ретінде) кездесетін ФЕ ҿзін қоршап тұрған еркін тіркеске 
тұрғыласып, мағына жағынан да, синтаксистик байланыс жағынан да 
жымдасып жатады» [6].
Қазақ тілінде сҿз тіркесінің байланысу тҽсілдерінің бірі – аналитикалық, 
оның ішінде – кҿмекші сҿздер арқылы байланысу [7, 81-б.; 8]. Тұрақты 
тіркестер сҿз тіркесінің бір сыңары ретінде екінші сҿзбен кҿмекші сҿздер 
арқылы байланысады. Кҿмекші сҿздер кҿмекші есімдер, кҿмекші етістіктер, 
шылау сҿздер болып жіктеледі. Кҿмекші сҿздер тұрақты тіркестермен екі 
түрлі жағдайда келеді, біріншіден, тұрақты тіркестердің табиғи қалпы 
кҿмекші сҿздерден жасалса, екіншіден, тұрақты тіркестер кҿмекші сҿздер 
арқылы сҿйлемдегі басқа мүшелермен байланысқа түседі. 
Кҿмекші 
есімді 
тұрақты 
тіркестер 
қазақ 
тілінде 
арнайы 
зерттелмегенімен, кҿмекші есімдер туралы зерттеу еңбектің мысалдары 
қатарында айтылады [9]. Кҿмекші есімді тұрақты тіркестер: кӛз алдыңда, иек 
астында, от басы, ошақ қасы, ат үсті, екі кӛзі алдында, екі кӛштің 
арасында, демнің арасында, табан астынан, бас жарылса, бӛрік ішінде, 
балапан басымен, тұрымтай тұсымен, ашу үстінде, ауырдың үсті, 
жеңілдің астымен, алты қырдың астынан, бет алды, пышақ үстінен, тері 
үсті, т.б. Мысалы: Қос күрең арындап жҿнелгенде, қосағымдағы арық 
торының ашамай сүйектері арбаңдап, табан астынан шоқытып кетті 
(Қ.Жармағамбетов). Мен барсам, Молдағазы әл үстінде екен (С.Мұқанов). 
Қариялар күн қызылы тарап, аптап басылған екі кештің арасында құм 
шағылдың біріне шығады. Ҽңгіме дүкен құрады (С.Бердіқұлов). 
Жоғарыдағы сҿйлемдердегі табан астынан, әл үстінде, екі кештің 
арасында – кҿмекші есімді тұрақты тіркестер. Сондай-ақ кҿмекші есімдердің 
сҿйлемде тұрақты тіркестермен түйдекті тіркесте келуі де ұшырасады: Сол 
Шолпанқұл оққа ұшарының алдында маған хат жазыпты (М.Жолдасбеков). 
Құнанбайдың тығыз берген бұйрығы бойынша, бір шай қайнатым уақыт 
арасында жүз елудей жігіт атқа мінді (М.Ҽуезов). 
Кҿмекші етістікті тұрақты тіркестер. Кҿмекші етістікті тұрақты тіркестер 
М.Балақаев оқулығында лексика-грамматикалық топ болып, сҿз тіркесінің бір 
сыңары қызметінде жұмсалатын [7, 30-б.] түйдекті тіркес есебінде 
кҿрсетіледі. 
Е, ет, де, жазда кҿмекші етістіктерінің жеке лексикалық мағынасы жоқ, 
ҿз алдына дербес сҿйлем мүшесі бола алмайды. Сол себепті де осы етістіктер 
арқылы аналитикалық, перифразалық есімдермен тіркескен күрделі 
етістіктердің жасалуының нҽтижесінде лексикаланған, идиомаланған тұрақты 
тіркестер кҿп қалыптасқан [10, 266-267-бб.]. Мысалы, ӛзім деген, қылт етпе, 
кет әрі емес, жүрегі су етті, желеу етті, жан шықты дегенде, әзер дегенде, 
ғажап емес, бір емес, екі емес, бұрқ етті, боздағын бордай етті, бетің бар,


30 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   220




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет