Шоқан және орыс достары

Дата15.11.2023
өлшемі16,19 Kb.
#123656

Шоқан және орыс достары
Ғажайып ғалымның өмірі мен қызметі орыс халқының мәдениетімен, әдебиетімен тығыз байланыста өткені мәлім. Олай болуы заңды да еді, өйткені Шоқан өмір сүрген, қызмет еткен кез қандай да бір қиындық, кедергі, күрделіліктер болса да қазақ халқының рухани өріс қалпы мен деңгейі биіктей дамуға бет алған, баска жақын, алыс халықтардың нелер асылдарын танып, қабылдап, қажетіне карай игеріп, өз қарым - қатынасын анықтай алатын сергек дәрежеде болатын.
Шоқанның ғылымға қызығушылығын қалыптастыруда, әкесінің алдыңғы қатарлы орыс зиялы қауым өкілдерімен байланыста болуы көп әсер етті. Шыңғыстың ауылында академик А.И.Шренк, Сібір қазақтарының облыстық басқармасында қызмет істеген декабристер С.М.Семенов, В.И.Штейнгель, Н.В.Басаргин, Қазан университетінің студенттері С.Сотников, Н.Ф.Костылецкий, Т.Сейфуллин сияқты көптеген жоғары білімді адамдар болды. Шоқан Уәлихановтың ағартушылық идеялары мен демократиялық көзқарастары кадет корпусында оқып жүрген кезінде-ақ қалыптаса бастады. Шоқан корпустан жан-жақты терең білім алып, замандастарынан өресі анағұрлым биік адам болып шықты. «Шоқан нағыз плебейлік ортаға түсті... Плебейлік ортада өмір сүру Шоқанның демократиялық идеяларының қалыптасуына, сірә, әсер етпей тұра алмаған болуы керек», - деп жазады Г.Н.Потанин.
Шоқанның дамуына Қазан университетінің шығыс факультетін аяқтаған және корпуста орыс әдебиетінен сабақ беретін әдебиетші және шығыстанушы Н.Ф.Костылецский (1818-1867 жж.); өркениеттер тарихынан сабақ беретін, жер аударылған ғалым П.В.Гонсевский; жас кезінде Н.Г.Чернышевскиймен дос болған және оның идеяларын жақтаушы әдебиетші П.В.Лободовский көп ықпал етті. В.Г.Белинский мен А.И.Герценнің революция-демократиялық идеяларымен тәрбиеленген демократ орыс зиялылары еді. Н.Ф.Костылецкийден кейін Уәлихановтың ой-өрісінің кеңеюіне ықпал жасаған педагог, тарих пәнінің оқытушысы, ғылыми қызметке дайындалып жүрген аса білімді адам - П.В.Гонсевский еді. Ол корпуста қоғамдық қозғалыстар тарихы жөнінде дәріс оқыды және «оның дәрістері, - дейді Г.Н.Потанин, - біздер үшін өте маңызды болды».

Петербургте Шоқан достары П.П.Семенов Тянь-Шанский мен Ф.М.Достоевскийді кездестіреді, көрнекті орыс ғалымдары А.И.Бекетовпен, шығыс зерттеушілері: И.И.Захаровпен, Е.Кавалевскиймен, ақындар А. Манасов К.Курачкин, Я.Полонскиймен танысып, араласады. Бұлардың бәрі оның идеялық жағынан көп толып өсуіне бірден-бір себеп болғанын көреміз. Ресейдің әлеуметтік өміріндегі өзгерістер, орыстың революцияшыл демократтарының пікірлері оның демократтық көзқарасын тереңдете түседі. Шоқанның Қашқар сапарына негізінен ұйтқы болғандар орыстың тамаша ғалымдары Е.П.Ковалевский мен П.П.Семенов Тянь- Шанский еді. Бұған Шоқан Уәлихановтың Шығыс Түркістанды зерттеуге деген ыстық ықыласы қосылды.Тянь-Шань экспедициясынан қайтып келе жатып, П.П.Семенов Тянь-Шаньский Қашқарға экспедиция жіберу қажет екендігі жөнінде Г.Х.Гасфортқа ой салып, ол міндетті орындауды Ш.Уәлихановқа тапсыруға кеңес береді.
«Менің бұл дарынды жасқа генерал Гасфорттың ерекше көңіл аударуын өзіме міндет деп санағаным өзінен-өзі түсінікті, - деп ғалым кейіннен еске алады, - сондықтан Тянь-Шань саяхатынан қайтып келгеннен кейін, Уәлихановты қырғызша киіндіріп, сауда керуенімен Қашқарға жіберу жайлы ой салдым және Уәлиханов бұл міндетті зор табыспен орындап қайтты». Ол Г.Х.Гасфортқа: «генерал-губернатордың қарамағындағы қызметкерлердің арасында Қашқарға қырғыздардың ұлттық киімін кигізіп жіберген күнде, өзінің білімі мен дарындылығының арқасында тек Қашқар емес, бүкіл Алтышардың бүгінгі жағдайы жөнінде Ресей үшін аса бағалы мәліметтер жинап және сол кездегі Қытай Түркістанында болып жатқан бүліктердің себептерін анықтай алатын бірден-бір офицер - Уәлиханов» деп атап көрсетеді.[3,49] П.П.Семенов Тянь-Шаньский және К.К.Гутковский Шығыс Түркістанды зерттеу жөнінде материалдар жинаудың бағдарламасын жасады. Ғылым қамқоршысы деген атаққа ұмтылған Г.Х.Гасфорт бұл ұсынысты құптап, П.П.Семенов Тянь-Шаньскийден мұндай экспедицияны ұйымдастыру рұқсатсыз жүзеге аспайтындықтан, үкімет алдында қолдауға көмектесуін сұрады.
Орыс жазушысы, сыншы, тарихшысы Николай Михайлович Карамзин еңбектерін алғашқы рет жоғары бағалап, шығармаларынан үзінділер келтірген де Шоқан Уәлиханов. «Россия мемлекетінің тарихы» атты жинақ 1820 жылдардағы алғашқы басылымнан кейін Петербургте 1842-1843 жылдары қайта шыққан болатын. Міне осы басылымдарды Шоқан Уәлиханов оқыған да, өз еңбектерінде одан үзінділер келтіргенде, тарауларына, бөлімдеріне сілтеме жасап отырған. Мұның өзі жас ғалым отандастарының жерлестерінің ішінде бірінші болып, Н.М.Карамзиннің он екі томдық «Россия мемлекетінің тарихын» оқып біліп, пайымына барып, жоғары бағалағанның бір көрінісі еді.
Ш.Ш.Уәлиханов шығыс халықтарының тарихына зер салып, зерделей бастаған кезеңде О.И.Сенковскийдің еңбектерін де мұқият оқығандығын байқаймыз. Қазақ ғалымының қолында шамасы О.И.Сенковский еңбектерінің 1858-1859 жылдары Санкт-Петербургте басылған нұсқалары болған сияқты. Оның еңбектерінен пікір келтіре отырып, ол орыс ғалымын құрметтейтінін білдіреді.
Шоқан Уәлихановтың орыстың көрнекті жазушыларымен, ғалымдарымен т.б. жазысқан хаттары қазақ әдебиетінің тарихы үшін ерекше маңызды. Оның хаттары мен күнделіктерінен публицистикалық дарыны айқын аңғарылады.

Достарыңызбен бөлісу:

©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет