1996 жылдың қарашасынан бастап екі айда бір рет шығады H. A. Yesevi uktü Bülteni


АХМЕТ ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №2, 2014



Pdf көрінісі
бет80/220
Дата14.12.2022
өлшемі4,95 Mb.
#57292
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   220
АХМЕТ ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №2, 2014 
Модуляр бет безендіру: Батыс Еуропа жҽне АҚШ-та маңызды 
газеттердің кҿбі ҿздері ұнатқан жҽне ең кҿп қолданылатын бет баптауы, 
модуляр бет безендіруі болып есептеледі. Модуляр бет безендірілуі ақпарат 
немесе ақпарат тобының газет бетіне торлар жҽне тҿртбұрыштар түрінде 
орналасуын негізге алады. Бет безендіруі аралас емес, рет-ретімен берілген 
бет безендендіруінде тырнақты, эстетикалық колонтитулдар қолданылады
күнделікті жаңа хабарларды газет бетінің негізгі құрылымын ҿзгертпестен 
орналастыруға негізделеді. Модуляр бет безендіруінде түстер белгілі бір 
мҿлшерде ғана қолданылады, сызықшалар, рамкалар безендіру элементі 
болып табылады. Мүмкіндігінше жай, қарапайым беттеледі. Негізгі мақсаты, 
оқырманның қай ақпараттың қай жерден басталып, қай жерде аяқталатынын 
жҽне фотосуреттің, қай колонтитулдың, қай ақпаратқа тиісті екендігін 
қиналмастан түсіне алуына мүмкіндік жасау. 
Бульвар типі бет баптауы: Бульвар типті бет безендіру офсеттен 
бұрыңғы кезеңдерге барып тақалады. Бұл газеттер мазмұны, кҿлемі жҽне бет 
безендіруінің ҿзіндік ерекшеліктерімен де маңызды. Бульвар типі бет 
безендіруінде кҿбінесе түзу шойындар қолданылған. Колонтитулдар ҿте 
үлкен харіптермен жазылады. Кҿп мҿлшерде жҽне үлкен ҿлшемде 
фотосуреттер қолданылады. Фотосуреттер жақыннан түсірілгені лҽзім. 
Сызық жҽне рамкалар бет безендіруінің негізін құрайды. Ҿрнекті, түрлі-түсті, 
жуан сызық жҽне рамка кҿп қолданылады. Мҽтін аз қолданылады. Газет 
беттерінде мүмкіндігінше ақ түсті алаң қалдырылмайды, кҿптеген 
мҽтіндердің астына да түрлі-түсті фон береді. Калонтитулдарда, мҽтіндерде, 
сызық пен рамкаларда, ақпараттардың астынан да түрлі-түсті фон беріледі. 
Кҿбінесе қанық түстерден пайдаланылады.
Этнографик бет баптауы: 1960 жылдардан кейін теледидардың 
кҿбеюінің салдарынан адамдар газет-журналды оқудың орнына кҿбірек 
теледидар тамашалауды, ақпараттарды газеттерден емес теледидар 
экрандарынан алуды таңдады. Бұл жағдай тек түрік газетшілерін емес ҽлем 
жорналшыларының 
басын 
ауыртқан 
мҽселе 
болатын. 
Теледидар 
журналистиканың кҿптеген саласына да ықпал етті. Газеттер жылдам ақпарат 
беру жарысынан шығып қалды. Газет ҿндірушілер енді кҿлемді жҽне толық 
мҽлімет берудің қажет емес екендігін түсінді, осыдан кейін бет безендіруі 
туралы пікірлер туа бастаған. Бұл ұғымға этнографиялық (инфографика) 
ұғымы деп те айтуға болады. Этнографиялық бет безендіруінде 
теледидардағы секілді қысқа жҽне жеңіл ақпараттар беру негізге алынады. 
Ақпараттарды беруде мҽтіннен кҿбірек ҽр түрлі иллюстацияларды қолдану 
маңызды болып саналады. Теледидар экранына ұқсас беттерді жасайды. 
Ҽсіресе алғашқы беттерінде қанық түспен берілген фонның үстіне ашық түсті 
жазуларды қолданады.
Витриналық бет баптауы: Жаңа технологияның арқасында пайда 
болған мүмкіншіліктер белгілі бір ережеге қатып қалмай "мизанпаж" деп 
аталатын жүйе бойынша күнде жаңа газет-журнал беттерін жасап кҿруде.


88 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   220




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет