1.Қазақстан аумағындағы тас ғасырына қатысты археологиялық ескерткіштердің ашылуы. Ежелгі адамгың шаруашылығы мен тұрмысы


 Бөкей ордасының (Ішкі Орда) құрылуы: басқару жүйесінің ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет61/100
Дата15.12.2023
өлшемі1,17 Mb.
#138130
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   100
Байланысты:
1.Қазақстан аумағындағы тас ғасырына қатысты археологиялық ескер-emirsaba.org (1)

63 Бөкей ордасының (Ішкі Орда) құрылуы: басқару жүйесінің ерекшеліктері, 
аумақтары. Бөкей ханның билігі. Жәңгір хан билігінің сипаттамасы: жерге иелік ету 
мен жер пайдаланудың жаңа нысандары. Жәңгір ханның ағартушылық саясаты
Ішкі Қазақ Ордасы (Бөкей Ордасы) — Ресей империясының вассалы ретінде Еділ мен 
Жайық аралығында 1801 ж. құрылған. Бөкей Ордасы — қазақтардың және әлемдегі ең 
сөңғы Шыңғысхан ұрпақтарымен меңгерілген мемлекеттік құрылым.Хандық сұлтан Бөкей 
Нұралыұлының есімімен аталды.Бөкей Ордасы Еділ мен Жайықтың аралығында 
орналасқан. Солтүстікте Самар губерниясы, шығыста — Орал облысы, оңтүстікте Каспий 
теңізі батыс жағында — Астарахан губерниясының Царёв, Енотаев және Краснояр 
уездері. Жер көлемі — 92 144 5 km2 19 ғ. аяғында Астархан меже бөлімі бойынша — 77 
624 km2. Орда өңірініңдегі дала көпшілігі құмды мен сазды жерден тұрады.
Орданың солтүстігінде бірде жалғыз, бірде топтасқан обалар бар, соңғысында әдетте 
ортасында біреуі ірілеу болады. Ең ірілердің шеңбер диаметрі 30 m шамасына жетеді. Бұл 
обалар мола екенін қазба жұмыстар дәлелдеді, соның ішінде адам мәйітінен басқа дүние-
мүлік табылған, ал кейбіреулерінде зертасты кірпіш қалауы бар.
Бос жатқан [1801 жылы Нұралы ханның екінші ұлы Бөкей сұлтан Орыс патшасына Еділ 
мен Жайық өзендері аралығындағы атамекеніне көшіп-қоныстануға рұқсат сұраған өтініш 
жолдайды. Ресей императоры Павел I Бөкей сұлтанның өтінішін қабыл алып, 1801 ж. 
наурызыдың 11 былай деген рескриптісін (жарлық) шығарады:
Қырғыз-Қайсақ Кіші ордасының Хан кеңесінің төрағасы Бөкей сұлтан Нұралы хан ұлын 
өзіме ризашылықпен қабылдаймын, өзі қалаған жеріне көшіп жүруіне рұқсат етемін және 
менің рахым етуімнің белгісі ретінде қара лентамен мойынға тағатын өз суретім бар алтын 
медаль тағайындаймын.
Сол жылдың күзінде Бөкей сұлтан өзіне қарасты 5 мың түтін ауылымен Жайықтың ішкі 
бетіне көшіп-қоныстанады. Тарихта Ішкі Қазақ немесе Бөкей ордасы аталған өлкенің 
іргесі осылай қаланады.


Бөкей хандығы Ресей үшін мал, ет, жүнмен жабдықтаушы болды. Хандықта ақша-тауар 
қатынасының дамуы қоғамның әлеуметтік-экономикалық құрылымының өзгеруіне, 
рулық-қауымдық шаруашылықтың қалдықтарын жоюға ықпал етті.
Бөкей хандығы құрылуының алғашқы жылдарынан бастап шұрайлы тәуір жайылымды 
жерлерде хан өз туыстары мен хан сарайындағы ақсүйектерге бөліп берді. Өйткені 
Бөкейдің — Ішкі орданың хандары тақты ұзақ ұстап отыра алмайтындарын түсінді.
Жәңгір өз қоластындағы халқының денсаулығына да үлкен көңіл бөліп отырған. 1825 ж. 
С. Жәнібеков деген қазақты шешекке қарсы екпе жұмысын жүргізуді үйрену үшін оқуға 
жібереді. 1826 ж. бастап Ордада шешек ауруына қарсы екпе жұмыстары жүргізіледі. 1832 
ж. Жәңгір ханның шақыртуымен Хан ставкасына дәрігер А.А. Сергачев келеді. Кейін 1839 
ж. тұңғыш дәріхана ашылады. Осы кезеңдерде Ордада В.Ф. Евланов, Пупорев, т. б. 
дәрігерлер қызмет атқарады. 1852 ж. Ордада 16 кереуеттік қоғамдық аурухана ашылады. 
Бүл аурухана күні бүгінге дейін сақталып, халыққа қалтқысыз қызмет етіп келе жатыр.
1832 ж. хан Жәңгір халықтың әлеуметтік жағдайын көтеру, сауда-саттық саласын 
дамытып, жолға қою мақсатында жәрмеңке ұйымдастырады. Жәрмеңке көктем және күз 
айларында өткізіліп, оған Ресейдің Сарытау, Мәскеу, Нижний Новгород, т.б. 
губернияларынан саудагерлер келген. 1846 ж. көктемгі жәрмеңкеге 3883 адам қатысса, 
1851 ж. тауар айналымы 1,5 миллион күміс ақша құраған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   100




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет