Сырдария, Ферғана, Самарқан облыстары кірді. Сырдария облысы Әмудария бөлімі мен 5
уезд құрамын кірді.
"Түркістан өлкесін басқару әскери министрліктің қарамағында болады" делінген.
Әкімшілік құрылысы бас басқарма мен жергілікті басқармалардан тұрды. Түркістан
өлкесінің бас басқармасы генерал-губернаторға сеніп тапсырылды.
Бас басқарма мемлекеттік құрылыс жұмыстары, сауданы ұйымдастыру, несие
операцияларын бекіту, саяси жағынан күмән туғызатын түземдіктерді жер аудару сияқты
міндеттерді атқарды. 1886—1891 жылғы реформаларда жергілікті басқаруға ерекше мән
берілді. Олар отырықшы түземдіктерді басқару және көшпелі қазақтарды басқару деп
аталды
Жергілікті басқару мынандай бөліктерден тұрды: - облыстық, - уездік, - болыстық, -
ауылдық. Мұндай бөлшектеу патша үкіметінің қазақ еңбекшілерін отарлық құлдықта
ұстауын жеңілдетті. Барлық басқару аппаратын әскери-полицейлік
функциямен
қамтамасыз өте отырып, жоғары отаршыл әкімшіліктің қатаң қадағалауында болды.
Осылайша жаңа отарлау реформасының құрылысын жасауда әр түрлі облыстарға,
уездерге бөлшектеу арқылы қазақ халқының саяси жағынан бірігуін болдырмау, әскери
және азаматтық бүкіл биліктің бір әскери ведомствоның қолында болуы көзделді.
Достарыңызбен бөлісу: