алтын қорындағы үлесіне, халықаралық қатынастардың субъектісі болу, өз мүддесіне сай
сыртқы саясатын анықтау туралы бекітілген. Сонымен қатар, Декларация алғаш рет
билікті бөлу принципін паш етті. Декларацияға сай, заң шығару билігі Жоғарғы кеңеске
берілді, Президент Республика басшысы болып, жоғарғы атқарушы билікті иеленді, ал сот
билігі Жоғарғы Сотқа берілді; мемлекеттің әлеуметтік негізін анықтауға таптық тұрғыдан
қараудан бас тартты; республика аумағында ядролық қаруды сынауды жүргізуге, қырып-
жою қаруларының барлық түрі үшін сынақ полигондарының құрылысы мен қызметіне
тыйым салды. Қазақстан қоғамының республикадағы демократиялық, құқықтық,
әлеуметтік-экономикалық және мәдени қайта жаңарулары туралы негізгі идеяларды
қамтыған Декларациядан Республиканың жаңа Конституциясын жасау басталды
Достарыңызбен бөлісу: