1.Қазақстан аумағындағы тас ғасырына қатысты археологиялық ескерткіштердің ашылуы


Әбілқайыр мемлекеті немесе Көшпелі өзбектер мемлекеті аумағы және этникалық құрамы. ӨЗБЕК ХАНДЫҒЫ



бет29/81
Дата15.12.2023
өлшемі197,31 Kb.
#139580
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   81
Байланысты:
Тарих сессия жауаптарымен 119

33. Әбілқайыр мемлекеті немесе Көшпелі өзбектер мемлекеті аумағы және этникалық құрамы. ӨЗБЕК ХАНДЫҒЫ - 15 ғасырдың 20-60 жылдарында Қазақстан жерінде өмір сүрген феодалдық мемлекет. Өзбек хандығы ішкі өзара қырқыс нәтижесінде 15 ғасырдың 20 жылдарында Жошы әулеті билеген бірнеше феодалдық иеліктерге бөлініп кеткен Ақ Ордадан бөлініп шықты. Орыс ханның немересі Барақ Темір әулетінен шыққан Ұлықбектің көмегімен 1425 жылы Ақ Ордаға хан болды, алайда феодалдық қырқыс тыйылмай, Барақ хан 1428 жылы өлтірілді. Ол кезде Орда-Ежен мен Шайбани ұлыстарының жерлерін өзіне қосып алған өзбек ұлысындағы өкімет билігі Әбілхайыр ханның қолына көшті. Аумағы: Әбілхайыр хан мемлекетінің территориясы Ноғай Ордасының шығысына қарай; оңтүстікте Сырдарияның төменгі бойы мен Арал теңізінен бастап, солтүстікте Тобыл және Ертіс өзендерінің орта ағысына дейін, батыста Жайық өзеннен бастап, шығыста Балқаш көліне дейінгі жерлерді, яғни Сырдарияның төменгі бойындағы аймақты, Орталық Қазақстан мен Оңтүстік Сібірді алып жатты. Этникалық құрамы: Өзбек хандығының этникалық құрамы Ақ Орданың және Ноғай Ордасының бір бөлігінің құрамымен бірдей болды. Оның құрамына 14 ғасырдың аяғы - 15 ғасырдың басында «өзбек» деген жалпы ортақ атпен біріккен Қаңлы, Қоңырат, Кенегес, Қарлуқ, Қыпшақ, Найман, Маңғыт, Үйсін, Арғын, Қытай (Хитай), Бұрқұт, Қият, Қосшы, Жат секілді тайпалар, яғни 14-15 ғасырларда «қазақ» деген этникалық атаумен түркі тілдес халык болып қалыптасқан тайпалар кірді Өзбек хандығы халықтарының негізгі кәсібі – көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы. ( қай жерлерде? Өзен көл алқаптарында әсіресе оңтүстікте) Отырықшы және жартылай отырықшы егін шаруашылығы болд“Көшпелі өзбек мемлекеті” атауын ұсынған - Курбанали Бакбуллаевич Ахмедов
34. Ноғай ордасы. Аумағы және этникалық құрамы. Ноғай ордасы: Алтын Орданың ыдырауы кезінде пайда болған мемлекеттік бірлестіктің бірі – Ноғай Ордасы. Ол 14-15 ғасырларда Батыс Қазақстанның бір бөлігін алып жатты. Бұл мемлекеттің атауы Алтын Орданың беклербегі, әскерінің қолбасшысы, Жошы ханның немересі (1260-1306) Ноғай есімімен байланысты. Берке хан өлгеннен кейін Доннан Дунайға дейінгі жер Ноғайдың бақылауында болды. Оның құрамындағы рулар Каспий маңына қоныс аударып, Ноғай елі атанды. Негізін салушы - әмір Едіге (1395-1419). Ол 15 жылдай Алтын Орданы билеп (1396-1411), «ұлы әмір» атанған. Шыңғыс әулетінен хан сайлау Едігенің қолында болған. Ноғай Ордасы Алтын Ордадан Едігенің кезінде бөлектене бастады. Бұл процесс Едігенің ұлы Нұраддин (1426-1440) тұсында аяқталып, Ноғай Ордасы Алтын Ордадан 15 ғасырдың ортасында бөлініп, дербес мемлекет болды. Аумағы: Еділ-Жайық арасы. Астанасы – Жайық өзені сағасындағы Сарайшық қаласы болды.Этникалық құрамы: Халқы – маңғыт, қыпшақ, қоңырат, арғын, қарлұқ, алшын, тама және т.б. сияқты түрік тайпалары. Ноғай Ордасы этносаяси бірлестік ретінде пайда болды, оған енген тайпалар ХҮ ғ. аяғында қалыптасқан ноғай халқының негізін құрады.
35. Қазақ халқының қалыптасуының алғышарттары
Халықтың қалыптасуы өте күрделі және ұзақ үрдіс болып табылады. Халық болып қалыптасу үшін төмендегідей жағдайлар қажет:
• Белгілі деңгейдегі мәдениеттің дамуы;
• Шекаралары белгіленген территория;
• Белгілі деңгейде қоғамдық–этникалық сананың қалыптасуы;
• Біртұтас қалыптасқан ортақ тіл;
• Этникалық өкілдердің көпшілігіне тән белгілі сипаттағы сыртқы пішін;
• Этностың негізгі этносаяси немесе тарихи-географиялық белгілерін көрсететін мемлекеттің атауы.
• Қазақ халқының қалыптасу үрдісін оқып-үйренген кезде Қазақстан жерін мекендеген ертедегі тайпалардың өмір тарихына көңіл аудару керек.
Дәстүрлі түрде Қазақстан жерін мекендеген тайпаларды зерттеу қола дәуірінен басталады. Біздің заманымызға дейінгі 2-1 мыңжылдықтарда Қазақстан және оған шекаралас жерлерді мекендеген тайпаларды олардың мәдениетіне қарай андроновтықтар дейді. ғалымдар қазақ этносы өзінің рассалық-генетикалық бастауын осы қола дәуірінен алады деп есептейді. Оны қазақтың ұлттық мәдениетімен андроновтықтардың мәдениетінің ұқсастығы дәлелдейді. Мысалы, андроновтықтардың қыштан істелінген заттарындағы өрнектер қазіргі қазақ кілемдеріндегі өрнек нақыштарымен сәйкес келеді. Отқа, ата-баба рухына табыну, көптеп қой, жылқы малдарын өсіру және оны тамақ ретінде пайдалану андроновтықтар мен қазақтардың өмір салтының ұқсастығының белгісі болып табылады.
Қазақстан жерін мекендеген үйсін, сақ, ғұн, қаңлы және сармат тайпалары қазақтардың арғы тегі болып табылады. Кейбір ғалымдардың пікірі бойынша үйсін тайпалары мен кейінгі қазақ этносының арасында тікелей этногенетикалық байланыс бар. Оларда көшпелі өмір салты мал шаруашылығымен байланысты, киіз үйді кең пайдаланған, ет-сүт өнімдерін тамаққа қолданған, бидайдан нан пісірген және т.б. айқындаушы ұқсастықтар көп. Қоғамдық-әлеуметтік құрылымда да ұқсастық бар. Үйсін мемлекеті үш бөлікке бөлінген: сол қанат, оң қанат және орталық қанат. Бұл қазақ жүздерімен сәйкестігін көрсетеді. Бұл этногенетикалық ұқсастықты дәлелдейді. Ғалымдар қазақ халқының қалыптасуын түрік этногенезінің басталуына жатқызады. Қазақстан жерін мекендеген түркі тайпалары моңғол шапқыншылығы қарсаңында біртұтас халық болып қалыптасуға даяр еді. Оған қимақ-қыпшақ мысал болады. Олардың Алтайдан Еділге дейін алып жатқан территориясын парсы ақыны, саяхатшы Насир Хосроу «Қыпшақ даласы» деп атаған. Алайда моңғол шапқыншылығы бұл жердегі тайпаларды басқару жүйесіне және де шаруашылық жағдайына, әдет-дәстүрге өзгеріс әкелді. Моңғолдардың жаулап алу саясаты этникалық құрамға біршама өзгеріс жасады. Қазақстан территориясы әр түрлі этникалық топтардың қоныстану аренасына айналды.Ұлы қоныс аудару кезеңінде, кейін түркі және монғол шапқыншылығы дәуіріндегі этникалық араласу қазақтардың сыртқы түріне үлкен өзгеріс әкелді.XIY-XY ғғ. Қазақстан және оған шекаралас аймақтарда Ақ Орда, Моғолстан, Әбілхайыр хандығы, Ноғай Ордасы деген мемлекеттер болғаны белгілі. Ол мемлекеттер тұрғындарын өзбектер, өзбек-қазақтар, моғолдар және ноғайлар деп атаған. Бұл атауларда өзіндік этникалық және саяси мән болған. Халық этникалық және саяси жағынан да тұтас болу үшін ең алдымен өзінің тәуелсіз мемлекеті болу керек. Біртұтастыққа ұмтылған тайпалар саяси жағынан Ақ Орда, Әбілхайыр хандығы, Ноғай ордасы және Моғолстан сияқты мемлекеттерге бөлшектенді. Алайда осы мемлекеттер қазақ мемлекеттілігінің құрылуына, өзіндік этникалық кеңістіктің қалыптасуына негіз болды. Қазақ тайпалары мен рулары әр мемлекеттің құрамына кеткенімен, олар бір тілде сөйледі.Қазақ халқының рулық–тайпалық құрамына келсек, ол үш жүзден және төмендегідей тайпалардан тұрды. Ұлы жүздің тайпалық құрамы: Жалайыр, Дулат, Албан, Суан, Қаңлы, Шапырашты, Сары үйсін, Ошақты, Ысты. Орта жүздің тайпалық құрамы: Арғын, Найман, Қыпшақ, Қоңырат, Уақ, Керей. Кіші жүздің тайпалық құрамы: Жетіру, алты ата Әлімұлы, он екі ата Байұлы. Сонымен қатар Қазақ халқының құрамына төрелер мен қожалар кіреді.Қазақ халқының қалыптасуы XY ғ. екінші жартысы мен XYI ғ. бас кезінде, тәуелсіз Қазақ хандығы қалыптасқан кезде аяқталды. Сөйтіп, халықтың қалыптасуының тағы бір жағдайы - өз мемлекетінің аты қалыптасты.Қазақ хандығында біртіндеп ру-тайпалық сана әлсіреп, жалпы қазақтарға тән этникалық сана күшейді. «Қазақ жері», «қазақ мемлекеті», «қазақ елі» деген түсініктер кең өріс алды


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет