1.Қазақстан аумағындағы тас ғасырына қатысты археологиялық ескерткіштердің ашылуы


) Қазақ жүздерінің қалыптасуына этносаяси және шаруашылық факторлардың әсері



бет31/81
Дата15.12.2023
өлшемі197,31 Kb.
#139580
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   81
Байланысты:
Тарих сессия жауаптарымен 119

37) Қазақ жүздерінің қалыптасуына этносаяси және шаруашылық факторлардың әсері.
 «Жүз» ұғымының мәні толық ашылған жоқ. Біраз зерттеуші қазақтың «жүз» деген сөзін арабтың «джуз», яғни «бір нәрсенің басты бөлігі», «тармақ» деген сөзімен сәйкестендіреді.XVIII ғ. дейін жүздердің қалыптасуы аяқталды. Жүздерде адамдарды ру-тайпалық қауымдастыққа бөлу сақталды: тайпалар мен рулардың (жүздерді құраған) өз басқарушылары болды (билер, батырлар), яғни билеушілер сол рудан болуы керек еді. Тайпалар мен рулар тек этникалық форма болып қана қойған жоқ, сонымен қоса оның мүшелерінің шаруашылық-саяси қауымдастығы да болып саналды.XVI ғ. қазақ қоғамының феодализмге қарай дамуы бай және беделді ру аристократтарын (билер, батырлар) өмірге әкелді, олар өздерінің үстемдігін салт-дәстүр арқылы, ал артықшылықтарын әдеттегі құқық нормаларымен көрсетіп отырды. Осы үстемдік етуші топ аға хан мен сұлтандардың күшеюіне жол бермеуге тырысты, сөйтіп саяси бытыраңқылық, ұсақтық саясатын жүргізді. Жүздердің құрылуы осы рулық аристократияның саяси және экономикалық мақсаттарына сай келді. Хандықтың әскери қуатының әлсіреуі, әскери-саяси одақтың (тайпалар тарапынан) о бастан-ақ нашар болуы қазақ хандығының бірнеше бөлікке бөлінуіне, яғни жүздердің құрылуына (пайда болуына), кейіннен олардың автономиялы аудандарға айналуына жағдай туғызды. Жер көлемі кең, бір орталықтан басқару мүмкін емес болатын Қазақ хандығында бірнеше ханның болуын, аға ханның институты болуын, ру басшылары съезінің болуын осымен ғана түсіндіруге болады.
Жүздердің шығуы туралы ғалымдардың пікірлері:
Ш.Ш. Уәлиханов: «Алтын Орда мемлекетінің ыдырауы кезінде қазақтар өздері көшіп жүретін жерлердегі өз құқықтарын қамтамасыз ету үшін үлкен одақтар құрған».
 Н.А. Аристов: «Жүздердің бірігуі жоңғар шапқыншылығы кезінде жүзеге асқан».
 В.В. Бартольд: «Қазақ жүздерінің пайда болуына географиялық факторлар әсер етті, табиғи-географиялық жағдайға икемделу және аумақтық оқшаулану жүздердің мәдени-шаруашылық ерекшеліктерін қалыптастырады».
 М.П. Вяткин В.В. Бартольдпен келісе отырып «жекелеген ордалар ерекше саяси одақтар ретінде XVI ғасырдың соңынды қалыптасты» дейді.
 С. Аманжолов: «Қазақ елі, жері үш жүзге моңғолдарға дейінгі кезеңде – X-XII ғасырларда бөлінді» деп есептейді.
 Қазақ жүздерінің мынандай ішкі белгілері бар:
 а) ішкі аумақтық тұтастық;
 ә) этностық туыстық;
 б) шаруашылық-мәдени бірлік;
 в) саяси басқару ортақтастығы.
Осы ішкі белгілердің мәнін аша түсейік. Әрбір қазақ жүзінің тарихи қалыптаскан аумағы бар. Мысалы, Ұлы жүздің таралған аймағы — Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан; Орта жүздікі — Орталық, Шығыс, Солтүстік Қазақстан; Кіші жүздікі — Батыс Қазақстан. Қазақтың бір жүзге кіретін тайпалары өзара туыстас, тіпті бір атадан тарадық деп есептейді. Белгілі бір географиялық ортада, аумақта өмір сүргендіктен, жүздің құрамына кіретін тайпалардың өз арасындағы шаруашылық-экономикалық байланыстар басқа жүздерге қарағанда күштірек болады. Осы ішкі байланыстардың пәрменділігінің нәтижесінде белгілі бір тілдік-диалектілік, тұрмыстық-ғұрыптық ішкі тұтастық, өзара жақындық қалыптасады. Жүздер сонымен қатар басқарылуы жағынан да ішкі тұтастығымен ерекшеленеді. Әр жүздің өз төбе билерінің болғанын білеміз. Ұлы жүз-Төле би, Орта жүз- Казыбек би, Кіші жүз- Әйтеке би. Хандық заманда әр жүз өз хандарын сайлап отырған
Ұлы жүз мынадай тайпалардан тұрады
• сарыүйсін;
• шапырашты;
• ошақты;
• ысты;
• албан;
• суан;
• дулат;
• сіргелі;
• қаңлы;
• жалайыр;
шанышқылы.
Орта жүз тайпалары алты атадан тұрады (оларды "алты арыс" дейді):
• арғын;
• найман;
• қыпшақ;
• қоңырат;
• керей;
• уақ.
Кіші жүз қазақтарына: байұлы, әлімұлы, жетіру деп аталатын үш тайпалар одағы кірді.
• Байұлы 12 атадан тұрды. Олар:
• адай;
• шеркеш;
• есентемір;
• таз;
• ысық;
• беріш;
байбақты;
• қызылқұрт;
• тана;
• масқар;
• алаша;
• алтын;
• жаппас.
o Әлімұлын алты ата әлім дейді. Олар:
• шекті;
• шөмекей;
• төртқара;
• кете;
қаракесек;
• қарасақал.
• Жетіру аты айтып тұрғандай, жеті рудан тұрады. Олар:
• табын;
• тама;
• кердері;
• керейт;
• телеу;
• рамадан;
• Жағалбайлы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет