1.Қазақстан аумағындағы тас ғасырына қатысты археологиялық ескерткіштердің ашылуы


Қазақ терминінің әлеуметтік, этникалық мәні мен мазмұны



бет30/81
Дата15.12.2023
өлшемі197,31 Kb.
#139580
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   81
Байланысты:
Тарих сессия жауаптарымен 119

36.Қазақ терминінің әлеуметтік, этникалық мәні мен мазмұны.
Қазақ» этнонимі туралы. «Қазақ» терминінің шығуы туралы көзқарастар ауқымы кең, ғылыми болжамдардан бастап қиыстырылып шығарылған этимологияларға дейін бар. «Қазақ» терминінің бастапқы таралған жері Шығыс Дешті Қыпшақпен байланысты болған. ІХ-Х ғғ. Шығыс Дешті Қыпшақ қоғамында «қазақ» атауы әлеуметтік, ал ХІ-ХІІ ғғ. этникалық-әлеуметтік топтарды білдірді. Қазақ терминінің шығу тарихының бірнеше болжамы:1. Тарихшы Бартольд “ өз мемлекетінен тайпа руынан бөлініп жеке өмір сүруші адам”
2. М. Ақынжанов “ қас-сақ, нағыз сақ деген атаудан шыққан.
3. XII-XY ғғ. Түркі тілінде жазылған деректерде “еркіндік аңсаушы, батыл” мағынасын білдіреді.
«Қазақ» — түркі сөзі. «Қазақ» сөзі алғаш айтылған жазба деректердің бірі – Египетте 1245 жылы құрастырылған түрік-араб сөздігі. Бұл сөздіктің авторы беймәлім, оны 1894 жылы М. Хоутсм Нидерландының Лейден қаласында баспадан шығарды. Бұл деректе «қазақ» сөзі «үйсіз», «кезбе», «қуғындалушы» деген мағынаны білдірді.Бастапқыда «қазақ» сөзі өз халқынан, тайпасынан, өзінің заңды билеушісінен бөлініп кеткен кез-келген еркін адамды білдірді. Яғни, қазақ термині алғашқы кезде әлеуметтік мәнге ие болды. Мәселен, әр түрлі жерлерді кезіп, өзін-өзі асыраған кезбе – қазақ, алыс және қауіпті жолға серіктерсіз аттанған адам – қазақ, Бабырдың айтуы бойынша «жаудың малын батылдықпен айдап әкетуші» — бұл да қазақ.Қазақтың тұрмысын белгілеу үшін парсы және түркі тілдеріндегі деректерде «қазақлық» — «еркіндік», «кезбелік» және «қазақламақ» — «еркін жүру», «кезу» деген сөздер қалыптасты. Қазақ» атауы Шығыс және Батыс Typiк қағанаттары кезеңінде туған, Күлтегін мен Білге қағанның билігі тұсында дәстүрлі түріктік ұғыммен әлемнің шығыс бөлігі «көк» түспен белгіленеді де, шығыс түріктері «көк түріктер» деп атала бастады деген бip пiкip бар. Бұл пікір бойынша: «қазақ» этнонимі «қас» сөзімен байланысты, өйткені түркі тілінде ол «қас» «нағыз» дегенді және «ақ» «батыс» дегенді білдіріп, нәтижесінде «қас-ақ» - «нағыз батыстық» деген ұғым қалыптасты»,- дейді. Бұл сөздің әртүрлі түсініктемелері де бар. Кейбір лингвист ғалымдар оны «қаз ақ» - ақ қаз сөзімен, енді біреулері «қаз» - қазу, «кез» - кезу, «қаш» - қашу етістіктерімен байланыстырады.Соның ішіндe «қазақ» сөзі XI ғасырда қыпшақтардың мекендеген аймағында пайда болган, ол «еркін, кезбе адам» деген ұғымды білдіреді. Оған әлеуметтік мән беріліп, өз руынан, тайпасынан, мемлекетінен бөлініп, әскери шараларға қатысу арқылы өмір сүруге жағдай жасайтын топтардың атауына айналады. IX—X ғасырларда Шығыс Дешті-Қыпшақ қоғамында «қазақ» деген атау¬мен әлеуметтік, ал XI—XII ғасырларда этноәлеуметтік топтар пайда болды. Монғол шапқыншылығы кезінде қыпшақтардың тайпалық топтарын Дешті Қыпшақ шегінен тыс жерлерге ыдыратып жібергендіктен, бұл «қазақ» атауының кең таралуына мүмкіндік туғызды. «Қазақ» cөзі еркін, тәуелсіз жүрген әр текті адамдар тобын білдіру үшін қолданылған. Қазақылық жасау этникалық және мемлекеттік шекаралармен шектелмедік.XIV ғасырдың басында Қазақстан аумағында дербес мемлекеттер, сонымен бipгe Ақ Орда мемлекеті пайда болды. Олардың дербес ел болуына жергілікті этникалық топ - қыпшақтар негіз болды. «Қазақ» термині XV ғасырдың екінші жартысынан бастап этникалық мәнге ие бола бастады.Сөйтіп, түркі-қыпшақ cөзi алғашында «еркін, азат, тәуелсіз, қызыққұмар» адамды жалпылай атау ретінде қолданған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет