1.Қазақстан аумағындағы тас ғасырына қатысты археологиялық ескерткіштердің ашылуы


Қазақ хандығының қайта өрлеуі. Хақназар ханның билігі



бет36/81
Дата15.12.2023
өлшемі197,31 Kb.
#139580
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   81
Байланысты:
Тарих сессия жауаптарымен 119

43.Қазақ хандығының қайта өрлеуі. Хақназар ханның билігі.
Хақназар хан — Қазақ Хандығының (1538—1580) билік құрған ханы. Қасым ханның Ханық сұлтан ханымнан туған баласы. Хақназар хан тұсында қазақ хандығы қайта бірігіп дами түсті. Хақназар қазақ хандығын 42 жыл биледі. Қазақ хандығының 300 жылдық тарихында Хақназардай ұзақ жыл ел билеген хан болған емес. Ол ел басқару, қиын-қыстау, әскери-саяси істері жағында қажырлы да қабілетті қайраткер болды. Оның үстіне аса күрделі сыртқы жағдайларда дипломатиялық дарыны мол майталман екендігін көрсетті.
Хақназар хан таққа отырған соң хандық үкіметтің билігін нығайтуға және күшейтуге қажырлы қайрат жұмсады. Өзінен бұрынғы Тахир хан және Бұйдаш хан тұсында бытыраңқы жағдайға түскен Қазақ хандығын қайта біріктірді. 1523—1524 жылдары жарыққа шыққан қазақ-қырғыз одағын үздіксіз нығайтты, тіпті сол заманның тарихи деректерінде Хақназар хан «қазақтар мен қырғыздардың патшасы» деп аталды. Ол осы қазақ-қырғыз одағына сүйене отырып, Моғолстан хандарының Жетісу мен Ыстықкөл алабын жаулап алу әрекетіне тойтарыс берді.
Дереккөз:
Хақназар тұсында қазақ жеріне келген елшілер (1569-1573жж) С. Мальцев пен Т. Чебуков қазақтар туралы ержүрек дала халқы деп айтқан.

44. Шығай хан. Тәуекел хан, оның саясаты.
Шығай хан – Қазақ хандығының негізін салушылардың бірі – Жәнібек ханның немересі, Жәдік сұлтанның көп ұлдарының бірі. Жәнібек ханның тоғыз ұлы болғаны белгілі. Ортағасырлық деректердің шежірелік мәлімет­терінде оның әкесі – Жәдіктің есімі Жәнібек ханның тоғыз ұлының ең кенжесі ретінде соңынан беріледі.
Дереккөз:
Қадырғали Жалайыр өз еңбегінде Жәнібек ханның тоғыз ұлы туралы мынадай мәліметтер айтады: «Оның (Жәнібек ханның) ұлдарынан немерелеріне дейін тарқалып көп ұрпақ өсіп-өнді. Бірақ олардың әрбірі бір ұрық (әулет) болып өз уәлаяттарында патшалық құ­р­ып билеп өтті» деген.
Тәуекел хан— 1582-1598 жылдары билік құрған Қазақ хандығының билеушісі. Шығай ханның ұлы. 1582-1594 жылдар аралығында ол өзге сұлтандармен хан тағына таласып, біраз уақытын соған жұмсады. Ақыры хандыққа қол жеткізді. Өзбек ханына қарсы күресте әскери одақтас ету үшін ол Мәскеумен қарым-қатынасын жолға қойды. Сөйтіп, 1598 жылы Орта Азияға жаңа жорық жасады. Сырдария бойындағы қалаларды қайтарып алар жолда ұрыстар жүргізілген кезде Тәуекел хан ауыр жараланып, Ташкентте қайтыс болды.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет