1.Қазақстан аумағындағы тас ғасырына қатысты археологиялық ескерткіштердің ашылуы


Сейітқұл Қойдағұлов пен Құтлумбет Қоштаев елшілігі



бет44/81
Дата15.12.2023
өлшемі197,31 Kb.
#139580
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   81
Байланысты:
Тарих сессия жауаптарымен 119

Сейітқұл Қойдағұлов пен Құтлумбет Қоштаев елшілігі1730 жылы Кіші жүздің билері ханға Ресеймен әскери одақ жасасуды ұсынды. Алайда Әбілқайыр өз уәдесінде тұрмай, Ресеймен келіссөз мүлде басқаша сипат алды. Ресейдің өкімет билігімен неғұрлым жақын бола түсу мақсатымен 1730 жылғы қыркүйек айында Әбілкайырдың батыр Сейітқұл Қойдағұлұлы мен би Құтлымбет Қоштайұлы бастаған елшілігі Кіші жүзді Ресейдің қарамағына алу туралы императрица Анна Иоанновнаның атына жазылған өтінішті табыс ету үшін Санкт-Петербург/Петербургке келді. Елшілікті Құтлымбет Қоштайұлы[2] басқарып, құрамына Сейітқұл Қойдағұлұлы және тағы 5 адам енгізілді. Уфа наместнигі арқылы Санкт-Петербургке жіберілген бұл елшілікке Әбілқайыр хан өзін ұлысымен бірге Ресей империясының бодандығына қабылдауды өтінуді тапсырды. Сыртқы істер алқасы Құтлымбет елшілігін құрметпен қабылдап, оларға бағалы сыйлықтар тарту етті және тілмаш А.И. Тевкелев бастаған үлкен комиссия қосып, әскери күзетпен қайтарды.

54.Орынбор экспедициясының ұйымдастырылуы мен қызметі
Ресей қазақ - орыс келісімдері басталып, қазақтың бодандыққа кіруінің алғашқы күнінен бастап-ақ, бүкіл Қазақстан территориясын бағындыруды ойластырды. 1734 жыл қосылған жерді бекіту үшін сенаттың обер-хатшысы Н.К.Криллов бастаған Орынбор экспедициясы ұйымдастырылды. Оған көмекші ретінде кіші жүздің Ресейге сәтті қоылуын қамтамасыз еткен аудармашыдан сол үшін полковник мансабына ие болған А.А.Тевкелевті жіберді. 1737 ж. Н.Криллов қайтыс болғаннан кейін Орынбор экспедициясы Орынбор комиссиясына ауысады. 1735 жылы Орынбордың негізі қаланып, 1744 жылы ол Орынбор губерниясының орталдығына айналды. Ал 1748 жылдан бастап Орынбор казактарының әскери шебіне айналды. Өзінің ұйымдастырылуы бойынша, бұл әскери шеп жоғарғы Еділ шебінің қызметін атқарды (Яицк қалашығынан Жоғары Яицк бекінісіне дейін). Еділ казактарының жері Жайыққа дейін созылып, оң жағалауда өз күшімен 1745 жылы 7 бекініс және 11 форпост салса, 1769 жылы Еділ бекіністерінде 15 мың казак отбасы тұрды.
55.1739-1741 жж қазақ-жоңғар соғысы.
1739-1741 жылдары Қалдан Серен бастаған жоңғар әскер-
лері қазақ даласына үлкен жорықтарын жүзеге асырады. Ішкі
алауыздықтың нәтижесінде қазақтар жауға бірден тойтарыс
бере алмайды. Жауымен айқасып жүріп, 1741 жылы Абылай
сұлтан тұтқынға түседі. Алайда Абылай сұлтан тұтқында болса
да, өзінің өткір ойымен, батылдығымен, сөзге шешендігімен
жоңғар билеушісін таң қалдырады. Ресей елшісі Миллердің
және қазақ сұлтан-билерінің сұрауымен 1743 жылы тұтқын-
нан босатылды. Жоңғар қонтайшысы Абылайды сый-сыя-
патпен қайтарған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет