1.Қазақстан аумағындағы тас ғасырына қатысты археологиялық ескерткіштердің ашылуы. Ежелгі адамгың шаруашылығы мен тұрмысы


Отан соғысы жылдарындағы тыл еңбеккерлерінің көрсеткен ерлігі.Соғыс тұтқындарының тағдыры. тарихы



бет73/86
Дата20.12.2022
өлшемі379,46 Kb.
#58524
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   86
88.Отан соғысы жылдарындағы тыл еңбеккерлерінің көрсеткен ерлігі.Соғыс тұтқындарының тағдыры.<Түркістан легионының> тарихы.
Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында майдандағы сарбаздар соңғы демі қалғанша жан аямай күрессе, тылдағы еңбек те толас тауып көрген жоқ. Ауыл шаруашылығында еңбектенген ерлердің майданға тартылуына байланысты, олардың орнын елде қалған қариялар, әйелдер мен балалар басты. Осылайша сарбаздарды азық-түлікпен, шикізатпен елде қалған әйелдер, балалар мен қарт адамдар қамтамасыз еткені тарихтан белгілі.
Ұлы Отан соғысы майдандарында Кеңес Қарулы Күштерінің жеңіске жетуіне елде қалған еңбекшілер жанқиярлық еңбегімен үлкен үлес қосты. Соғыстың алғашқы айларынан бастап, Қазақстандағы экономиканы соғыс мүддесіне бейімдеп қайта құру, материалдық және адам ресурстарын қайта бөлу шаралары жүргізілді.Майдан шебінен көшіп келген кәсіпорындарды орналастыруға республикада 2300 мың шаршы метр өндіріс аудандары босатылды. Кәсіпорындармен бірге келген адамдарды Қазақстан еңбекшілері жақын бауырындай қабылдап, қамқорлық көрсетіп, тұрғын үймен, басқа да қажет нәрселермен қамтамасыз етті. Республика өнеркәсібінде 1940 жылы 158 мың адам жұмыс істесе, 1945 жылы 255 мың жұмысшыға дейін жетті. Олар соғыс жылдарындағы қысылтаяң кездің қиындықтарын жеңе отырып, еңбекте жаппай ерлік көрсетті. Қазақстанды майданның сенімді тірегіне, елдің ең негізгі әскери-өнеркәсіп ошағына айналдырды. Мұның өзі жалпы одақтық экономиканың, өндірістің бар саласында да, сол сияқты жаңадан құрылған саласында да, оның үлесін арттыруды талап етті. Оған Батыс аудандардан көшіріліп келген 220-дан астам кәсіпорындарды қатарға қосудың үлкен маңызы болды. Қазақстанда 1943 жылы қорғаныстық маңызы бар ондаған кәсіпорындар іске қосылды, бұрыннан істеп тұрған кәсіпорындар өнім өндіруді арттырды. Мәселен, сол жылы республикадағы қара металлургия өндірісінің тұңғышы Ақтөбе ферросплав зауыты іске қосылып, өнім шығара бастады. Ақтөбе химия комбинаты бор, фосфор қышқылдарын, сода шығаруды жолға қойды. Шымкент дәрі-дәрмек жасау зауыты шөптен дәрі жасауды игерді. Теміртауда Қарағанды металлургия комбинатын салу қолға алынды. Машина жасау зауыттары Алматыда, Шымкентте, Қарағандыда іске қосылды. Жаңа рудниктер мен байыту фабрикалары салынып, мыс, қалайы, күміс, алтын шығару артты. Балқаш, Қарсақпай мыс қорыту зауыттары күшейді. Түсті металл шығару өсті. Тамақ өнеркәсібінің: Шымкентте жеміс-жидек консерві комбинаты, Алматы, Қарағандыда кондитер фабрикалары, Петропавлда темекі фабрикасы пайдалануға берілді. Қазақстанның колхозшы шаруалары соғыстың жеңіспен аяқталуына қомақты үлес қосты. Село еңбеккерлеріне көмекке қала тұрғындары келді. Республиканың колхоз- совхоздарында жыл сайын 300 мыңға жуық қала халқы еңбек етті. Жау басып алған аудандардан көшіп келген шаруалар еңбекте ерліктің үлгісін көрсетті. Солардың бірі - Батыс Қазақстан облысының Теректі МТС-інде істеген Украинаның атақты тракторшысы Паша Ангелинаның бригадасы. Оның берекелі бастамасы мен тәжірибесі жергілікті механизаторлар тарапынан қызу қолдау тапты. Украинаның даңқты қызылшасысы М. С. Демченко Жамбыл облысы Талас өңірінде қант қызылшасын өңдеу әдістерін өндіріске енгізуде шынайы шеберлік танытты.
Қазақстан еңбекшілері тары өсірудің шебері - Шығанақ Берсиевті, атақты күрішшілер - Ыбырай Жақаев пен Ким Ман Сам сияқты үздік шыққан жаңашылдар мен астықтан мол өнім алудың майталмандары Мұнира Сатыбалдинаны, Анна Дацкованы, Нүрке Алпысбаеваларды және т.б. орынды мақтан етті.
Екінші дүниежүзілік соғыстағы әскери тұтқындардың тағдыры әлемдік тарихтың ең бір қасіретті беттерінің бірі. Соғыстың зардабы орасан зор әрі ауыр болды. Мұрағат деректеріне сүйенетін болсақ, тек Атырау облысы бойынша соғыста хабар-ошарсыз кеткен, қаза тапқан он сегіз мыңнан астам жерлесіміздің тізімі жасақталған. Қазақстан тарихындағы ақтаңдақтардың бірі екінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы тұтқындар жөнінде және Түркістан легиондарында қызмет еткен (әрине көпшілігі өз еріктерімен емес) жерлестеріміз жөнінде өте аз мәліметтер білеміз.
Әр адамның тағдыры үлкен хикая, ол ойыншық емес. Оның ұрпағына, бала-шағасына әсер етті. Сондай адамдардың айтылмай жатқан тағдыры қаншама. Олардың тарихтағы лайықты орнын беру әділеттілік болмақ. Шетелдік ғылыми орталықтар әскери тұтқындардың тағдыры туралы тақырыпты зерттеумен жетілікті айналысады, қоғамдық ұйымдар түрлі жұмыстар жүргізеді. Оның бір мысалы, Финляндия Республикасының Ұлттық мұрағат қорынан табылған құжаттарда 1939-1940 жылдары совет-фин соғысында тұтқынға түскен Құрманғазы ауданының тұрғындары Нұрым Сарахметов, Сайын Зиналиев, Валит Ермаханов, Кемет Сарсенғали, Карим Жүнісов, Сатыбалды Иманғалиев туралы деректердің болуы («Жағаға қайтқан толқындар». «Егемен Қазақстан» газеті. 22 сәуір 2014 жыл). Тағы да соғыс тұтқындарының қилы тағдырларына тоқталайық. Түркістан легионының құрамында болған көктоғайлық Берекет Кенжебаев, таңдайлық Амандос Есенов, бақсайлық Ғайпен Бейісов, тұтқындар: таңдайлық Бөтеш Байсұлтанов (Коми АССР-інде тұрды), индерліктер: Тұқпатолла Қалымов, Айғали Көпжанов (Ресейдің Қорған облысында тұрды). Соғыс тұтқындарының бірі жылыойлық Құрайыш Таңатаров (1924-1961 жж.) – соғыстың алғашқы жылында-ақ тұтқынға түскен, фашистердің концлагерінде екі жылдай болып, жан азабын шеккен боздақтардың бірі. 15 жылға сотталып, Магадан облысында алтын өндіретін лагерьде ауыр жұмыстарға жегілген.
Екінші дүниежүзілік соғысына қатысты ақиқаты ашылмай жүрген бір ақтаңдақ – «Түркістан легионы». Әлі күнге дейін қараша халық, ғалымдар мен зерттеушілер бір байламға келмеген ақтаңдақ. Тарап-тарапқа бөлініп, легионерлердің тұтқындағы тірлігін таразыға тартып әлек. Біреу – сатқын дейді. Енді бірі – түркіге адал дейді. Сан алуан зерттеулер де шықты. Ашық ресурстардағы ақпараттарға жүгінсек, Гитлер Кеңес әскеріне қарсы Түркістан легионын құру туралы жарлыққа 1941 жылдың 22 желтоқсанында қол қойған. Ал, Шоқай сол жылдың 27 желтоқсанында белгісіз жағдайда қайтыс болыпты. КСРО мұсылман халықтарының әскери бөлімдері мен бөлімшелерін Германия басшылығы арнайы назарда ұстаған. Қазіргі күннің биігінен қарап, олар Шығыс елдеріне қатысты бірнеше дәмелі мақсат көздеген сыңайлы. Біздіңше, алдымен, жұдырықтай түйілген тұтастай елдің, Қызыл Армияның бірлігін іштей ыдырату. Екіншіден, солар арқылы мұнай мен қазбаға бай кен орындарына қол жеткізу. Үшіншіден, Қиыр Шығыс елдерін жаулап алу үшін қажет болатын әскери бөлімдер құру. Тарихқа көз жүгіртсек, алапат соғыста тағдыр тәлкегімен жау қолына түсіп, тар қапас тұтқыны болған ерен тұлғалар көп еді. Ақын-публицист Юлиюс Фучик, татар ақыны Мұса Жәлел – солардың қатарында. Жәлелдің «Моабит дәптерлерінде» сұм соғыс түрмесінің сұмдық сұлбасы қағазға түсті. Татар ағайындар ерен ұлын ақтап алды. «Моабит дәптерлерін» төл әдебиетінің алтын қорына енгізді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   86




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет