1–дәріс. Жүйелер туралы теорияның мәселелері. Жүйелер теориясының терминологиясы. Жүйенің қасиеттері. Жүйелік талдау



бет8/27
Дата06.03.2023
өлшемі1,13 Mb.
#72195
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   27
Жобаны басқару әдістері: желілік жоспарлау және басқару, күнтізбелік жоспарлау, логистика, стандартты жоспарлау, құрылымдық жоспарлау, ресурстық жоспарлау, имитациялық модельдеу және т.б.
Жобаның басқарылатын параметрлері:

  • жоба бойынша жұмыстың көлемі мен түрлері;

  • құн, шегерілімдер, жоба бойынша шығындар;

  • уақытша параметрлер (мерзім, жұмыстың орындалу ұзақтығы мен резервтері, жоба кезеңдері мен фазалары, сонымен бірге жұмыстардың байланысы);

  • ресурстар мен шектеулер (адам, қаржы, материалды-техникалық);

  • жоба шешімдерінің, қолданыстағы ресурстардың, жобаның компоненттерінің сапасы және т.с.с.

1.3. Ақпараттық жүйелердің жобасын басқару


Ақпараттық жүйелердің жобасы дегеніміз қандай да бір уақыт аралығында және қойылған есепке немесе алға қойылған мақсатқа жету кезінде орындалатын өзара байланысқан іс-шаралар кешені. Штат санына, уақытқа, жобаның құнына шектеулері бар және сапалы жаңа өнім мен қызметті құру мақсаты жобаға тән. Сонымен бірге, жоба нақты ұйымдастырушылық құрылымның бар болуымен сипатталады.
Анықтама Ақпараттық жүйелерді құру жобасы – шектелген ресурстары, сапалық көрсеткіштері бар жүйені құру үшін бөлінген іс-шаралар кешені.
Жоба көрсеткіштері есептердің мақсаттарынан шығады, негіздемелерді жасау стадияларында анықталады және жобаның іске асуы үшін қолданылады.
Көрсеткіштер:

  1. жобаның орындалу мерзімінің ұзақтығы;

  2. жұмыстың еңбекөнімділігі (жұмыс көлемі);

  3. жобаны жүзеге асыру барысы мен қарқыны (орындалу үдерісі);

  4. құны (шығындар мен жоба нәтижесінің қатынасы);

  5. коммерциялық тәуекелдік;

  6. өміршеңдік қабілеті;

  7. бәсекелестік қабілеті;

  8. қоғамдық және әлеуметтік мәнділігі.

Жобаның орнықты сипаттамалары (қасиеттері):

    • жаңалығы;

    • заманауилығы;

    • кешенділігі;

    • жүйелілігі;

    • сенімділігі;

    • техникалық жүзеге асуы;

    • практикалық жарамдылығы және т.б.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет