Қазақ балалар әдебиеті – қайнар көзі қазақ фольклорынан бастау алады. Балалар әдебиетінің алғашқы жазба үлгілерін 19 ғасырда Ы.Алтынсарин жасады. Ол балаларды өнер-білімге тәрбиелейтін, еңбекке баулитын, этика, эстетикалық тәрбие беретін өлеңдер мен әңгімелер жазды. Сондай-ақ, қазақ фольклорынан балалардың тіліне, ұғымына жеңіл шығармаларды іріктеп, орыс балалар әдебиетінен қысқа да қызықты әңгімелер аударып, құрастырды, ана тілінде алғашқы оқулық (“Киргизская хрестоматия”, 1879) бастырып шығарды. Сөйтіп, бала тіліне лайықты, ойына қонымды ойнақы өлеңдері мен қызықты әңгімелері арқылы педагог-жазушы қазақ балалар әдебиетінің негізін қалады. Және педагог-жазушы осылайша оқушыларының сауатын ашып,мәдениетті болашақ тәрбиелеуге жол ашты. [ 2,42- бет ]
Балалар әдебиеті – балаларымыздың болашағы һәм ертеңі. Ұлтымыздың тұтқасын ұстар ұрпағымыздың келешегіне салғырт қарамайық!
13.Балалар әдебиетіндегі әлем халықтарының өзық шығармалары
Әдеби байланыс – ұлттық әдебиеттер арасындағы көркемдік дәстүрлер жалғастығы, ықпалдастығы. Әдеби байланыс нышандары жазушының қалыптасқан әдеби дәстүрлерге табан тіреуінің нәтижесінен, сондай-ақ тамырлас әдебиеттердің арасындағы типологиялық ұқсастықтан туындайды. Әлемдік сөз өнерінің,әсіресе балалар әдебиетінің жарық жұлдыздарының бірі Джозеф Редьярд Киплинг (1865-1930) суретшілер әулетінен шыққан. Оның әкесі Джон Лонвуд көзге ерте ілінген қылқалам шебері болған.Киплингтің аты ағылшын болғанымен,заты азиялық деуге әбден болатын сыңайлы. Өйткені ол Үндістанда туып,балалық бал дәуренін,кейін қаламгерлік саналы өмірінің біразын сонда өткізді.Жас жазушы Үндістанның таңғажайып табиғатын жан-тәнімен жақсы көріп,үнділердің тұрмыс салты мен әдет-ғұрпын жете зерделеп,олардың мәдениеті мен әдебиетін,сенім-нанымдарын,әңгіме-аңыздарын,тілін терең зерттеді.Халық аңыздарын арқау ете отырып,”Джунгли кітабын” жазып,ең алғаш қасқыр асыраған үнді баласының таңқаларлық таңғажайып тағдырын әңгімелеп берді.Қаршадай кейіпкерінің есімімен “Маугли” атанған әңгімелер легінде бөрі бала туралы түрлі хикаялар шертілді.
Киплинг кітабының кейіпкерлері-аңдар,бірақ барлығы да адам тәрізді әрекет етіп,адам тәрізді ойлап,сөйлей біледі.Әлбетте,бұл ертегілерде болатын жәйт.Әйткенмен Киплинг әңгімелерінің ертегіден ерекшелігі-оларда аңдардың түр-тұрпаты,мінез-құлқы,тіршілік тынысы,қаракет қимылы керемет дәл әрі анық суреттелетіндігі сондай-біз сол аңдар туралы сан талай соны сырға қанығып,әрқайсысын өмірдегі қалпынан еш айнытпай көреміз.
Киплингтің бөрі бала туралы тамаша туындысы өткен ғасырдың сексенінші жылдары Рәшит Рақымбековтың аударуымен қазақ оқырмандарына да жетті. Бөрі бала хикаясы жастарды батылдыққа баулитын бағалы шығарма екні шексіз.
Әлемдік сөз өнерінің,әсіресе балалар әдебиетінің жарық жұлдыздарының бірі Джозеф Редьярд Киплинг (1865-1930) суретшілер әулетінен шыққан. Оның әкесі Джон Лонвуд көзге ерте ілінген қылқалам шебері болған.Киплингтің аты ағылшын болғанымен,заты азиялық деуге әбден болатын сыңайлы. Өйткені ол Үндістанда туып,балалық бал дәуренін,кейін қаламгерлік саналы өмірінің біразын сонда өткізді.Жас жазушы Үндістанның таңғажайып табиғатын жан-тәнімен жақсы көріп,үнділердің тұрмыс салты мен әдет-ғұрпын жете зерделеп,олардың мәдениеті мен әдебиетін,сенім-нанымдарын,әңгіме-аңыздарын,тілін терең зерттеді.
.Пушкиннің алдында өткен Жуковскийдің көптеген поэзиялық шығармаларының дені – аударма. Бірақ, сол аудармаларды ақынның төлтумалары деп те атауға болады.Өйткені көп тұста Жуковский негізгі түпнұсқаға сүйенгенмен, өзінше өрнек қосып жырлайды.Бұл тұрғыда біз Абай шығармаларын да атауымызға болады.
Әдеби байланыстың тағы бір түрі -әсер. Суреткер фольклордан, яки өзінен бұрын өмір сүрген немесе замандас қаламгерлердің шығармасынан әсер алып, соның идеялық, эстетикалық ықпалына түседі. Лермонтов сомдап мүсіндеген Печорин бейнесі, Пушкин қаламынан туған Онегин бейнесімен үндес. Ал Пушкиннің өзі бірқатар поэмаларында орыстың халық ертегілерінің желілерін пайдаланған.
Әдеби байланыстың аса күрделі құбылыс ретінде бой көрсететін кездері аз емес. Өткен ғасырлардағы суреткерлердің туындыларынан тұтас бір көркемдік қорытынды шығаратын ұлы тұлғалар болады. Италияда – Данте, Англияда – Шекспир, Германияда – Гете, Ресейде – Пушкин. Ал қазақ әдебиетіндегі осындай тұлға шығыс әдебиеті мен орыс әдебиетінің озық дәстүрлерін терең меңгерген - Абай.
Әдеби байланыстың үлкен бір саласы – ұлтаралық байланыс ертеден келе жатқан құбылыс санатына жатады.Бір халық ашқан көркемдік, жаңалық екінші бір халыққа игі ықпалын тигізеді. Антин дәуіріндегі Греция, қайта өрлеу дәуіріндегі Италия, классицизм тұсындағы Франция, орта ғасырлардағы парсы және түркі әдебиеттері өзара ықпалдастық ауқымында болды.
Ұлтаралық әдеби қарым-қатынастардың дамыған кезеңі - әлемдік ұласу, ықпалдастық мейлінше күшейген ХХ ғасырдың еншісі, бұрынғы КСРО халықтары әдебиетіне тигізген игі әсері тарихи шындық ретінде мойындалуға тиіс жайт.
Қазақ әдебиеті тарихынан әдеби байланыстар ізін барласақ, алдымен Абай поэмалары: «Ескендір», «Масғұт», «Әзім әңгімесі» ойға оралады. М.Жұмабаевтың Шығыс сарындарын өзек еткен дастандары, А.Байтұрсыновтың Крыловтан, Пушкиннен, Лермонтовтан, Надсоннан еркін аударған өлеңдері – сан-салалы, құнарлы әдеби толығысу куәгерлері.
Достарыңызбен бөлісу: |