1.Әдеби теориялық ұғым. Тақырып пен идея


Балалар әдебиетіндегі драматургияның жанрының дамуы



бет92/92
Дата23.09.2022
өлшемі0,76 Mb.
#39995
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   92
Байланысты:
1. деби теориялы ым. Та ырып пен идея

Балалар әдебиетіндегі драматургияның жанрының дамуы.
Балалар драматургиясын сөз еткенде, әрине оның бүкіл советтік драматургиядан бөліп алып қарауға болмайды. Өйткені, бүкіл совет әдебиеті сияқты балаларға арналған пьесалардың да негізгі мақсаты — совет адамдарының асыл қасиеттерін, рухани байлығын бейнелеу, Отанымыздың қуаттылығы мен ұлылығын мадақтау, жастарды соған баулып тәрбиелеу, не болмаса өмірімізде кездесетін ескілік атаулының барлығынан, жиренішті мінезден, арамдық пиғылдан әлі арыла алмай жүрген адамдардың теріс қылықтарын мейлінше әшкерелеп, одан жастарды бездіру, аулақтату.
Шығармасын балаларға арнаған драматургтеріміздің ескеретін тағы бір міндеті — балалардың жастық ерекшеліктеріне банланысты өзіне тән өзгеше қасиеттерін жете меңгеріп, дұрыс түсіну қажеттігі. Орыс драматургиясында В. Губаревтің «Павлик Морозов», С. Михалковтың «Үйге қайтқым келеді», «Қызыл галстук», Л.Гераскинаньң «Кәмелеттік аттестат», В. Розовтың «Оның достары» сияқты тартымды жазылған бірнеше шығармалардың аттарын атауға болады.
Қазақ совет драматургиясы да балаларға арнап шығарма беруде құр қол емес. Ол соғыстан кейінгі жылдары балаларға тәрбиелік маңызы зор «Ыбырай Алтынсарин» (М. Акынжанов) сиякты тарихи такырыпка жазылған пьесасымен қатар «Алтын сақа», «Нұрлы тас», «Әлия Молдағұлова», «Жастық», «Есірткен ерке», «Біздің Ғани» сияқты пьесалар туды. Соғыстан қейінгі жылдары бұлардан басқа да мектеп сахнасына арналған біраз пьесалар «Лениншіл жас», «Қазақстан «пионері» газеттері мен «Пионер» журналында жарық көрді. Мысалы, С. Омаровтың «Портрет», Т. Ахтановтың «Өшпес даңқ», Ш. Ахметовтың «Қолқанат» атты пьесалары 1946—47 жылдары жазылды. Бұлардың қайсысы болса да көркемдік дәрежесі төмен шығармалар еді. Сондықтан да олар театр сахнасын көре алмады.


Балалар әдебиетіндегі проза жанрының дамуы.
Әрбір халықтың көркемдік дамуында өзіне ғана тән ерекшеліктері болады. Әдебиеттің көп жанрлы әрі мейлінше бай болуы қазақ халқы рухани мәдениетінің өзгеше бір сипаты. «Әдебиет» - халықтың айнасы. Әдебиетіне қарап сол елдің осы кезеңдегі басынан кешкен саяси оқиғаларын, халықтың жай-күйін, мақсат-мүддесін анық көруімізге болады.Әрбір дәуір әдебиет пен өнерге өз талабын, өз тақырыбын ұсынып отырған. Осы ұсыныстың қаншалық және қалай орындалғанына уақыт таразы. Уақыт таразысымен өлшеп қарасақ, әдебиетіміздің саны мен көлемі жөнінен қай кезде қаншалықты өскендігін көре аламыз. Әр кезең сайын қазақ қаламгерлерінің қатары мен кітап санының арта түсуі, оның үстіне тақырып пен жанрдың аумағының кеңеюі әрі тәнті етеді, әрі таң қалдырады, бұл әрине үсті-үстіне жетілудің айғағы.Ал енді дамудың сапалық дәрежесін аңдау үшін әлгі сандық көрсеткіштер дәрменсіз. Оған сапалық көрсеткіш қажет. Айталық, ондай көрсеткіштер, мысалы, елуінші жылдары прозада шартты түрде «Абай жолы», «Оянған өлке», «Қарағанды», алпысыншы жылдары «Қан мен тер», «Ақын орманы», «Ақан сері» десек, сексенінші жылдары «Алтын орда», «Үркер», «Аласапыран» дей аламыз. Ендеше осыдан қазақ әдебиетінің отыз жыл ішіндегі өзгерісінің сапалық деңгейін салыстыру арқылы бұрынғыға енді не қосылады, не өңделді, не жаңғырады деген мәселелер шешімін таппақ.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет