1.Әдеби теориялық ұғым. Тақырып пен идея



бет2/92
Дата23.09.2022
өлшемі0,76 Mb.
#39995
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   92
Байланысты:
1. деби теориялы ым. Та ырып пен идея

Ак қозы.
Шәутенннің бір ақ қозысы бар. Шәутен ол қозысын жақсы көруші еді.Ағытып жатқан қозысы Шәутеннің аяғын басып, шәркейінің ұлтанын түсіріп, жыртып-жыртып жіберді.
Ақ қозы үлкен марқа болды. Кішкене күніндегі әдемі ақ бұйра жүндері ұзыннан-ұзын болып кетті. Шәутен Сансызбайға марқасын қырықтырды. Онан тоқылған шәркейді Шәутен қозысына көрсетті.ол ім-м-м-м-м.... деді.
Жазушы әңгімеде Шәутеннің апасын суреттейді.Оның өзі бір тақырып. Апасы ақпейіл, еңбекқор, жақсы адам. Аталған үш тақырыптан басқа, шағын тақырыптар қаншама. Ол жүннен шәркей жасау жайы: қырқу, кептіру, шиге тарту, су сеуіп сүйрету, білектеу, қарпу, пісіру, жаю, пішіу, шүйкелеу, жіп иіру, сыру, ұлтару.
Осы тақырыптардың бәрі жиылып «Шәркей» тақырыбы аталып тұр. Анығында «Шәркей» шығарманың аты ғана, ал тақырыбы - жүннен шәркей немесе аяқ киім тоқу болады. Яғни тақырып деп көркем шығармада сөз болатын негізгі мәселені айтамыз.
Идея. Идея тақырыппен тығыз байланысты, оны тақырыптың салдары немесе жауабы деуге де болады. «Шәркейдің» идеясы – жақсы тұрмыс – еңбекте деген ойды білдіреді. Осы идеяны айту үшін жазушы шәркей жасауда көп еңбек жасау керектігін суреттейді. Шәутен – еңбеке бейім бала. Ол қозысын өзі бағып,өзі күтеді. Қозы өсіп марқайғанда оны Сансызбайға қырықтырып, жүнін апасына алып келеді.Апасы шәркей жасағанда Шәутен үнемі басы-қасында болып, еңбек процесін көзімен көреді. Жұмыстың тез біткенін қалайды. Ал, апасы мейлінше еңбекқор адам. Ол жұмысты тиянақты, асықпай-саспай, ерінбей істейді. Әңгімені оқып болған соң еңбекшіл, жақсы адам болуды ойлаймыз.
Тақырыпсыз, идеясыз шығарма болмайды. Тақырыпты суреткер айтар ойы, талант икеміне қарай таңдап алады. Осы себепті жазушының көтерген тақырыбы мен идеясы өмір шындығынан алынған, нанымды болғаны жөн. көркем шығарма оқушы ойынан шығып,оған әсер етсе ғана құнды. [18.24 ]
«Қандай оқиға болғанын айту-сол шығарманың тақырыбы мен идеясын сөз ету;
Оқиғаның қалайша болғанын айту-шығарманың сюжеті мен компазициясын сөз ету;


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет