Вирустык гепатит – жалпы уландыратын және негізінен бауырды закымдайтын жұқпалы ауру.
СПИД – адамның иммунды дефицит вирусынан туындаған (ВИЧ) және жыныстық қатынас кезінде сонымен қатар адам қанымен берілетін жұқпалы аурудың соңғы сатысы.
Терінің паразитарлы аурулары Қотыр – қотыр кенесінен жұғатын терінің жұқпалы паразитарлы ауруы.
Сақтандыру. Қотыр шыққандарды өз уақытында анықтау, оларды емдеу, аурумен бірге тұратын адамдарды немесе ауру бала аныкталған балалар бақшасын дәрігерлердің тексеруі. Қотырдан сақтандыру үшін жақсылап жуыну, тазалық сияқты жеке гигиена тәртібін сақтаудың маңызы үлкен.
Педикулез (биттеу) Биттеу – адамның биттен зақымдануы. Биттер – қан сорғыш жәндіктер, адамның паразиты және ұсақ қоректіліктер, олардың бүкіл өмірі адамда өтеді. Биттің 150 түрі белгілі. Адамда киім-кешек, бас және шат биті болады.
Жеке сақтандыру. Денені жиі жуу (аптасына кемінде 1 рет) және іш киіммен төсек жаймасын ауыстыру, бастың, әсіресе балалардың басын тісі жиі тарақпен тарау, битті адамдармен қатынасты шектеу арқылы жүргізіледі
Денсаулық сақтаудың пайда болу дәуірінен бастап, жүйе ретінде, кез келген мемлекет өз халқы денсаулығының жақсаруына және нақты бір қамсыздандыруға бағытталынған жолдардағы мәселелерді шешуге тырысуда. Бүгінгі күнде барлығы денсаулық сақтау көрсеткішін жақсартудың негізгі көзі ретінде, денсаулық сақтау жүйесін дамыту екенін түсінеді.
Әлемдік денсаулық сақтау ұйымы (ӘДҰ) – денсаулық сақтау жүйесінің алдында тұрған үш мақсаттық тапсырманы нұсқайды:
1. Денсаулықтың жақсаруы, әкімшілік реформаны жүргізу арқылы денсаулық сақтау жүйесін дамытуға байланысты.
2. Халыққа қажетті ықыластық, медициналық қызмет сапасын жоғарлатуды тұспалдау, науқастың құқығының сақталынуы мен абыройына деген құрмет көрсету, сондай-ақ, тұрғындардың барлық әлсіз топтары мен оның тұтынуын жоғарлату есебінде жүрмек.
3. Қаржылық әділеттілікті, қаржылық институттардың тұрақтылығын жасау, денсаулық сақтау қызметінің барлық құрмет көрсетілуін қамсыздандыру және алғашқы екі мақсатты қолдануға жағдай жасау.
Айта кететін жәйт, денсаулық сақтау көп факторлы сала ретінде қиындау болғандықтан, мұнда барлық мәселелік сұрақтарды шешуді қамсыздандыруда әмбебап үлгі болмайды. Сондықтан барлық елдер кіріс дәрежесін бірдей сипаттайтын, білім мен денсаулықты сақтауға кеткен шығындардың әрқайсысы денсаулықты қорғау мәселелерін өз мүмкіндіктерінше шешуге тырысады. Сол себепті, біздің ұлттық денсаулық сақтау жүйесі әлемдік тәжірбиені ескере отырып, нақты экономикалық, әлеуметтік, саяси жағдайлардағы ең алғашқы тапсырмасын бағалау мүмкіндігі негізінде іске асырылуы керек.
Қазіргі уақытта, барлық денсаулық сақтау саласы мемлекеттер арасындағы сәйкестендірілген өзара жинынтықты, медициналық көмекті тұтынушылар мен өндірушілер арасында негізгі үш экономикалық үлгіге, модельге апарады. Олар:
- жеке медицинаны сақтандыруды қолданудағы нарықтық принципке негізделінген ақылы медицина;
- бюджет жүйесімен қаржыландырылатын мемлекеттік медицина;
- көпарналы қаржыландыру жүйесіндегі нарықтық реттеу принципіне негізделінген денсаулық сақтау жүйесі.