1емтихандық билет


Эмпирикалық (тәжірибелік) ойлау



бет11/22
Дата22.05.2023
өлшемі116,53 Kb.
#96180
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   22
Эмпирикалық (тәжірибелік) ойлау күнделікті қызмет, тіршілік әрекеттері негізінде алғашқы қорыту, жалпылау мүмкіндігін береді. Мұндай қорытулар абстракциялаудың ең төменгі деңгейінде орындалады.
Теориялық ойлау жалпыланған қатынастарды ашады, таным нысанын өзіне тән қажетті байланыстар жүйесінде зерттейді, нәтижеде – адамның жасампаздық іс-әрекеттерін қамсыздандырушы әрқилы құбылыстардың даму заңдылықтары нақты айқындалады.
Логикалық (қисынды) ойлау – логикалық амалдар (салыстыру, жүйелеу, қорыту және т.б.) жәрдемімен орындалатын ойлау түрі.
Синкретикалық (біріктіру) ойлауда құбылыстар мәнді қатынастарынан емес, сырттай ұқсастық белгілері бойынша өзара байланыстырылады.
Шешілетін мәселе және орындалатын іс-әрекеттердің стандартты не стандартты болмауынан келесідей ойлау түрлері ажыралады: алго-ритмдік, дискурсив, эвристикалық және шығармашыл ойлау.
Алгоритмдік ойлау – типтік мәселелерді шешуге қажет алдын ала белгіленген ережелерге, әрекеттердің қалыпты бірізділігіне орайласқан ойлау түрі.
Дискурсив ойлау - өзара байланысты ұғымдар жүйесіне негізделген ой әрекеті түрі.
Шығармашыл ойлау – соны жаңалықтар ашуға, түбегейлі жаңа нәтижелерге қол жеткізетін ой қызметі.
Эвристикалық ойлау – қалыптан тыс мәселе, міндеттердің шешімін табуға бағытталған өнімді ойлау үдерісі.
Шұғыл сезімдік (интуитивті) ойлау сипаты: өтуі шапшаң, толық түсінікке келмеген, кезеңдері анық емес.
Ойлаудың арнайы бір түрі – аутистикалық ойлау – психикалық сырқаттармен байланыста көрінеді (мысалы, ақылдан адасу, ес ауу жағдайында). Өмірде мұндай сырқатты ойдың өтпелі формалары көптеп кездеседі: нақты тәжірибеден шамалап ажырасудан бастап, негізсіз,
шындыққа тіпті жанаспайтын қиялилыққа дейін.
Мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің басты міндеті – баланың жеке басының дамуын жан-жақты жоғары деңгейде қамтамасыз ету. Өйткені осы кезеңде баланың бұдан кейінгі бүкіл өміріне негіз болатын жеке тұлғалық қасиеттері, психикалық өзіндік ерекшеліктері қалыптасады.
Көптеген педагогтардың бақылауынша, оқуға үйренбеген бала, ойлау іс әрекетінің тәсілдерін меңгермегендіктен көп жағдайда үлгермеушілер қатарына қосылып, оның әрі қарайғы дамуына көптеген кедергілер туындайды. Бұл міндетті шешудегі маңызды бағытарының бірі, баланың ойлауының толыққанды дамуын қамтамасыз ететін негізгі шарттардың жасалынуы. Ал бұл шарттардың жасалынуына негіз болатын тұрақты танымдық қызығушылық, ойлау әрекетінің дағдысы мен іскерлігі, ойлау сапасы, шығармашылық белсенділік мәселесі қазіргі психолог, тәрбиешілердің зерттеу объектісіне айналып отыр.
2.Психологиялық жағдаятты шешіңіз.
«Қайрат(4 жаста 6 ай) балабақшада жылап,үнемі абыржып не жасарын білмей қиналды.Егер өзіне орындық таба алмаса, ол «Мен қай жерге отырамын» -деп біреудің орындық алып беруін талап етеді.Аяқ киімін кие алмаса, бауын байлай алмаса,көмек сұрайды.Сондай ебедейсіз, қолынан ештеңе келмейді».
Сұрақтар:
- Қайраттың дәрменсіздігінің басты себебі неде?
- Мектеп жасындағы баланың еркін дамыту үшін, не жасау керек?

15 ЕМТИХАНДЫҚ БИЛЕТ



  1. Патопсихологияны ғылым ретінде сипаттаңыз. Психопатологиялық синдромдарға, психопатия түрлеріне сипаттама беріңіз



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет