86.Қазіргі Қазақстандағы негізгі экологиялық мәселелерді атап көрсетіңіз. ҚЗ халқы 19млннан астам адамды құрайды. ҚЗдағы қалыптасқан экологиялық жағдайды қанағаттанарлық деп айта алмаймыз. ҚЗдағы қазіргі кездегі экологиялық мәселелерге байланысты бірнеше экологиялық аймақтарын көрсетуге болады.
А аймағы – Каспий маңы, мұнай өндіру мен өңдеу салаларына маманданған облыстар кіреді. Бұл аймақтағы приоритетті мәселе – табиғи ортаның мұнаймен ластануы.
А аймағына ҚЗның негізгі мұнай өндіршілер болып табылатын Атырау және Маңғыстау обл. Жатады.Каспий тенізінде бекіре мекен етеді. Ол ең жоғары сапалы уылдырықтың 95%-ын береді де, оның беретін табысы 10 млн. долларды құрайды. Шектен тыс аулаумен қатар теңіз суының мұнаймен ластануы оның санын кемітеді. Сондықтан, биокөптүрлікті сақтау мәселесіне көңіл аударылуы керек.ҚЗда мұнай өндіру 100ж. бері жүргізіліп келеді. Ескірген технологияларды қолдану орасан зор экономикалық шағындар мен қоршаған ортаның бұзылуына әкеліп соқтырады. Топырақтың деградациясы, судың мұнай мен ластану адамның денсаулығына және экожүйелерге әсер етіп, шөлдену процестерінің жүруіне, биокөптүрліліктің жойылуына әкеледі.Тыныс алу жолдарының қабыну аурулары мұнай өндіретін аудандарға орташа саны облыспен салыстырғанда жоғары.Жас балалардың өлімі мың адамға шаққанда 37 адамды құрайды. Бұл көрсеткіш еліміз бойынша ең жоғарғы көрсеткіш.В аймағына еліміздің шығыс облыстары жатады.ҚРның өнеркәсібі жоғары дамыған аймағы. Ірі түсті және қара металлургия, энергетикалық комплекс шоғырланған. Бұл аймақтағы мәселелер – қоршаған ортада өндірістік қалдықтардың жиналуы,урбанизацияланған территориядағы атмосфералық ауаның ластануы, ормандардың деградациясы, ерекше қорғауға алынған территориялардың жеткіліксіздігі.С аймағына –оңт.аймақтар жатады. Тұрақты сумен қамтамасыз етуді қажет ететін ауыл шаруашылық бағытымен сипатталады.Оңт. аудандардағы негізгі экономикалық мәселелер – су ресурстарының жетіспеуі, су көздерінің шайынды сулармен ластануы,жайылымдардың деградациясы,табиғи және мәдени ескерткіштердің бұзылуы. С аймағына Алматы, Жамбыл, Оңт ҚЗжәне Қызылорда обл. Жатады.