2 – курс педагогикалық мамандықтарға арналғАН


Интеллект ұғымы, эмоционалды интеллект сипаттамасы



бет32/35
Дата12.05.2023
өлшемі478,96 Kb.
#91937
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35
3.Интеллект ұғымы, эмоционалды интеллект сипаттамасы.
Интеллект (лат. інтеллецтұс — таным, ұғыну, аңдау) — жеке тұлғаның ақыл-ой қабілеті. Ақыл-ой сезімі адамның таным әрекетімен байланысты.
Алғашында бұл термин адам психикасының орынды ойлау функцияларын белгілесе, казіргі кезде оған барлық танымдық үрдістер кіреді. Интеллект - адамның болмысты тануының негізгі нысаны. Интеллект - ақпаратты мақсатты бағытта қайта өңдеуге, реттеуге, оқуға қабілеттіліктің күрделі жүйелерінің танымдық іс-әрекеті. Интеллект функциялары:

  • оқуға деген қабілеттілік;

  • қоршаған болмысының заңдылықтарын белсенді меңгеруге қабілеттілік. Бірқатар психологиялық тұжырымдамаларда интеллект ақыл-ой операцияларының жүйесімен теңестірледі.

Теориялық және практикалық Интеллект жеке адамның эмоциялық- еріктік ерекшеліктерімен байланысты. Интеллект түрлері:

  • абстрактылы интеллект,

  • ересектер зияты,

  • нақты интеллект,

  • кристалданғая интеллект,

  • қарапайым интеллект,

  • жануарлардың зияты,

  • жасанды интеллект.

Интеллектті диагностикалау интеллект коэффициентімен жүргізіледі.
Эмоционалды интеллект (EQ) дегеніміз – адамның өзінің эмоциясы мен басқа адамдардың эмоциясын тани және бақылай алуы, оларды ажырата білуі және соны өзінің ойлануы мен іс-әрекетіне қолдануы. EQ екі қабаттан тұрады: біріншісі – адамның өз сезімін тануы, екіншісі – өзге адамдардың сезімі мен эмоциясын тани алуы.
Эмоционалды интеллект ұғымын алғаш қалыптастырған – АҚШ журналисі Дэниел Гоулман еді. 90-жылдары «Эмоционалды интеллект: IQ-дан да маңызды» атты кітабы жарыққа шығып, нағыз психологиялық бестселлерге айналады. Содан бастап бүкіл әлемнің назары EQ-ға ауады.
Гоулман адам жетістікке жету үшін ең алдымен зияткерлік интеллекті емес, эмоционалды интеллектінің қажет екенін дәлелдеп шығады. Яғни, эмоционалды интеллектісі жоғары адамдар тілтабысқыш, қабылдауы жылдам, сезімі мен эмоциясын бақылауда ұстай алатын сабырлы, салқынқанды, жеке пікірі мен сыни ойлауы бар тұлға болып қалыптасатынын алға тартады
Эмоционалды интеллектісі жоғары адамның белгісі
Эмоционалды интеллектісі жоғары адамдар өте позитивті, жағымды ойға берілгіш келеді. Ісі ойлағандай, жоспарлағанындай болмай жатса да, қамықпайды. Керісінше, одан сабақ пен тәжірибе алуға, қорытынды шығаруға тырысады. Мұндай жағдайда мотивация адамды жетістікке жетуге ұмтылдырып, өзін-өзі реттеуге көмектеседі, соның арқасында сәтсіздіктен, шектеу мен депрессиядан босауына ықпал етеді.
Мұндай адам өзіне не керегін жақсы біледі және өзінің сезімі мен ойын айтудан қорықпайды, жасқанбайды. Қай кезде де айтуға әзір. «Менің ойымша, меніңше…» деп оқиғаға, жағдайға қатынасын, пікірін бірден білдіреді. Әрі мұндай адам өзінің жасаған ісі мен айтқан сөзіне өкінбейді, соған бола күйзеліске ұшырау деген жоқ.
Қорқу, жасқану, толқу, ұялу, өмірден түңілу, әлсіздік, енжарлық, тұйық, бұйығы сынды жағымсыз эмоциялардан ада. Бейвербалды қарым-қатынасты түсінеді, өзінің сезімі мен эмоциясына ерік бермейді.
Оның сезімі мен эмоциясы логикасы мен ақылына, шынайы ортаға сай. Табиғатынан тәуелсіз, өз-өзіне сенімді, генетикалық моральды қасиеті бар. Мотивациясы басым. Билік пен жетістікке, атақ-абыройға жақын келетіндіктен, жолы болмау, сәтсіздік сынды уақытша нәрселерге мән бермейді.
Өзгенің сезімі мен эмоциясын тани алады, қажет кезде оны түсініп өз тарапынан сезім білдіріп, қолдау таныта алады.
Эмоционалды интеллектісі төмен адамның белгісі
Өзінің сезімі мен сөзіне жауап бермейді, алайда оған бәрін кінәлап шығады. Әдетте, өз ойын білдірерде сөзін «…мен сіз солай деп ойлайды…» деп бастайды. «Менің ойымша» деп бастаудан жасқанады.
Өзінің сезімі мен эмоциясының қайдан және неге шыққанын түсіндіре алмайды, оның орнына өзгені кінәлап шығады. Өзінің сезімі жайлы өтірік айта салуы мүмкін, тым асырып не тым кішірейтіп жіберуі мүмкін.
Өзінің сезімін ашық білдірудің орнына іспен істегенді жөн көреді. Жанында біреудің болғанын, қолдағанын қалайды. Эмоциясы мен сезімін ішінде сақтап жүреді әрі ыңғайсыз орында, керегі жоқ жерде сыртқа шығарып, өзі ыңғайсыз күйде қалуы мүмкін. Керек емес жерде мінез шығарады. Біреуді кінәлауға, сынау, бұйрық беруге, нотация оқуға бейім келеді. Сөзінде алғырлық пен зеректік жоқ. Дау-дамайшыл, ашуланшақ, жасқаншақ, ызаға бойалдырғыш келеді.
Сондықтан эмоционалды интелектіні қалыптастыру мен дамытудың ең тиімді жолы бар болса, ол – тренинг не семинар арқылы емес, балабақшадан бастап мектеп қабырғасында өзге адамдардың сезімі мен эмоциясын көріп өскені маңызды. Өйткені эмоционалды интеллект – адам өмірінде үлкен орын алатын қабілет. Баланың өмірінді эмоционалды интеллектіні балабақша кезінен бастап дамыту өте маңызды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет