іс-шаралар тәртібі 65. Жануарлардың пастереллезі анықталған шаруашылық жүргізуші субъектіні пастереллез бойынша қолайсыз пункт деп жариялайды және Карантинді белгілеу қағидаларына сәйкес шектеу енгізеді.
66. Жануарлардың пастереллезі бойынша қолайсыз пунктте жол берілмейді:
1) жануарларды сою үшін әкетуді қоспағанда, шаруашылық жүргізуші субъектіден жануарларды шығаруға;
2) пастереллезге сезімтал жануарларды кіргізуге (әкелуге);
3) жануарларды қайта топтастыруға, таңбалауға, сондай-ақ хирургиялық операциялар жасауға;
4) оны ет өңдейтін кәсіпорындарға өңдеуге жіберу үшін шығаруды қоспағанда, пастереллезбен ауырған шарасыз сойылған жануарлардың етін шикі түрде шығаруға;
5) жануарларды жаюға және оларды ашық суайдындардан суаруға;
6) ауру жануардан алынған сүтті зарарсыздандырмаған күйінде сатуға;
7) мүкәммалды, жабдықты және кез келген басқа заттарды, сондай-ақ ірі, шырынды және маңыздандырылған азықтарды шығаруға (әкетуге);
8) ауру қоздырғышы табылған жануарлардың қиын және қи бөкпесін егістіктерге шығаруға.
67. Сүтті 900С температурада 5 минут ішінде пастерлейді және жануарларды азықтандыру үшін пайдаланады.
Қиды бөлек жинайды және биотермиялық зарарсыздандырады.
68. Эпизоотиялық ошағын бәсеңдету және ауруды жою мақсатында мынадай іс-шаралар жүргізеді:
1) қолайсыз топтың барлық жануарларын клиникалық қарап тексереді және термометрлейді. Ауру және ауру бойынша күдікті жануарларды бөлек қора-жайларға оқшаулайды және емдейді, ал қалғанына вакцина егеді;
2) шаруашылықтың қалған жануарларына олардың тұрған орнына қарамастан вакцина егеді;
3) ауру жануарлармен жанасқан барлық жастағы жануарларды олар бұрын тұрған қора-жайларда қалдырады және жаз кезінде шектеу алынғанға дейін оларды байлауда күтіп-бағуды ұйымдастырады.
69. Пастереллез бойынша қолайсыз пункттерде жануарларға вакцина егу жұмыстарымен қатар мүмкін болатын ауру көзі ретінде тышқан тәріздес кеміргіштерді жою мақсатында үнемі дератизациялау шараларын жүргізеді.
70. Кезекті дезинфекциялауды мынадай тәртіппен жүргізеді:
1) жануарлардың ауруының бастапқы жағдайлары және қырылуы кезінде дереу жануарлар тұрған қора-жайларда;
2) ауру және ауру бойынша күдікті жануарлар тұрған қора-жайларда күнделікті таңертең тазарту жүргізген кезде;
3) ауру жануарлар жанасқан барлық заттар (қораның едендері, қабырғалары, астаулар, қызмет көрсететін персоналдың аяқ киімі мен арнайы киімдері), қора-жайлардың өтетін жолдары дезинфекцияланады. Ауру және ауру бойынша күдікті жануарлар тұрған қора-жайларға кіре беріс аяқ киімдерді өңдеу үшін дезинфекциялық барьермен жабдықтайды;
4) жұқтыруы күдікті (шартты түрде сау) жануарларды ұстайтын қора-жайлар мен жайылу алаңдарына ауру жануарды әрбір бөліп шығарғаннан кейін және одан кейін шектеу алынғанға дейін әр 10 күнтізбелік күн сайын дезинфекция жүргізеді.
71. Пастереллезден қырылған жануарлардың өлексесін өртеп жібереді немесе биотермиялық шұңқырларда зарарсыздандырады.
72. Қолайсыз пункттен шектеулерді алудың алдында мынадай ветеринариялық-санитариялық іс-шараларды жүргізеді:
1) жайылу алаңдарын, қой қораларды, қоршаулы мал жайлары мен шаруашылық жүргізуші субъектінің аумағын қидан және қоқыстан тазартады, одан кейін оны дезинфекциялайды және қопсытады;
2) мал шаруашылығы қора-жайларында дезинсекция, дератизация және қорытынды дезинфекция жүргізеді. Дератизацияны шаруашылық жүргізуші субъекті аумағының барлық қора-жайларында жүргізеді.
8-тарау. Салмонеллез ауруы бойынша ветеринариялық іс-шаралар жүргізу тәртібі Ескерту. 8-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.01.2020 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-параграф. Ветеринариялық-санитариялық қолайлы аумақтарда