2 дәріс Жануарлар ауруларының оның ішінде жануарлар мен ададмдарға ортақ аурулардың алдын алу ережелері және жою шаралары


Ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларды бекіту туралы



бет2/141
Дата03.12.2023
өлшемі0,5 Mb.
#133572
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   141
Ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 7-1/587 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 25 тамызда № 11940 болып тіркелді.
"Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 9) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

Ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидалар
1-тарау. Жалпы ережелер
Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.01.2020 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. Осы Ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидалар (бұдан әрі – Қағидалар) "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 8-бабының 9) тармақшасына сәйкес әзірленді және мемлекеттік ветерианриялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне қойылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарды белгілейді, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті болып табылатын ветеринариялық нормативтердің негізінде ветеринариялық іс-шараларды жүргізу тәртібін айқындайды.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 13.08.2021 № 241 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2. Осы Қағидаларда мынадай ұғым пайдаланылады:


1) ауру жануар – жануардан немесе жануарды сою кезінде (лимфа түйіндерін және ішкі (паренхиматозды) органдарды зерттеу) немесе түсіктен алынған биологиялық (патологиялық) материалды серологиялық, бактериологиялық әдістермен немесе полимеразды-тізбектік реакциямен (бұдан әрі – ПТР) зерттеу нәтижесінде анықталған, ағзасында ауру қоздырғышы табылған жануар;
2) вакциналанатын саламатты эпизоотологиялық бірлік – диагностикалық зерттеулердің топтық теріс нәтижесіне қол жеткізілген, бруцеллез инфекциясының бар екендігін білдіретін басқа белгілер жоқ, бірақ қоздырғыштың ену қаупі бар және осыған байланысты вакциналау жүргізілген эпизоотологиялық бірлік (үйір, мал тобы, отар, табын);
3) қосымша диагностикалық зерттеулер – ПТР әдісімен зерттеу немесе биологиялық сынамамен (бұдан әрі – биосынама) бактериологиялық зерттеу жүргізу нәтижесінде эпизоотологиялық бірліктің саламатсыздық мәртебесі анықталмаған, бірақ алғашқы диагностикалық зерттеулер нәтижелері бойынша бруцеллезге оң нәтиже берген жануарлар бар, бруцеллезге қарсы вакцина қолдана отырып сауықтырылған эпизоотологиялық бірліктегі жануарлар басына зертханалық бақылау жүргізу.
Бұл жағдайларда жануарларды қосымша диагностикалық зерттеу шектеу іс-шараларын енгізе отырып, ветеринариялық режимді белгілеудің баламасы ретінде енгізілетін шара болып табылады.
4) қосымша диагностикалық зерттелетін саламатты эпизоотологиялық бірлік – алғашқы және екінші диагностикалық зерттеулердің қорытындысы бойынша оң нәтиже берген жануарлары бар эпизоотологиялық бірлік немесе бруцеллезге қарсы вакцина қолдана отырып сауықтырылған эпизоотологиялық бірлік;
5) мал қорымы (биотермиялық шұңқыр) – эпизоотиядан өлген немесе таралуының алдын алу мақсатында сойылған ауыл шаруашылығы және үй жануарларының өлекселерін ұзақ мерзімді сақтауға арналған орын. Сібір жарасы көмінділері қорғау мен есепке алудың ерекше мәртебесіне ие;
6) ауру бойынша саламатсыз пункт (саламатсыз пункт) – эпизоотия ошағы белгіленген аумақ;
7) саламатсыз эпизоотологиялық бірлік – ауру жануар анықталған үйір, мал тобы, отар, табын;
8) саламатты пункт – ауру жануар және оң нәтиже берген жануар анықталмаған эпизоотологиялық бірлік (үйір, мал тобы, отар, табын), саламатты шаруашылық субъектісі және саламатты елді мекен;
9) шаруашылық жүргізуші субъект – жануарлар өсірумен айналысатын жеке және заңды тұлғалар;
10) эпизоотологиялық бірлік – эпизоотиялық тұрғыдан байланысты, бір жерде (бір өрісте, жайылымда және басқа жерлерде) болуы себепті ауру қоздырғыштың әсер етуі тәуекеліне ұшырау ықтималдығы бірдей жануарлар тобы (үйір, мал тобы, отар, табын).
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 23.05.2019 № 206 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 13.08.2021 № 241 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

2-тарау. Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне қойылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық, зоогигиеналық) талаптар


Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.01.2020 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-параграф. Ауыл шаруашылығы жануарларына, жануарлардың жыныс


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   141




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет