Обасы қоздырғышының әкелінуінен қорғау бойынша жүргізілетін
ветеринариялық іс-шаралар тәртібі
233. Ірі қара малдың обасына қарсы іс-шаралар ел аумағын шетелден ауру вирусының әкелінуінен сенімді қорғауды, шекара маңындағы аймақта оған сезімтал жануарлардың мал басына жыл сайын вакцина егуді, ал оба анықталған жағдайда – барлық ауру және ауру бойынша күдiктi ірі қара малды сою және жоюды көздейді. Қолайсыз пункттерде қатаң карантин және басқа ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар жүргізу.
234. Ерекше профилактика Қазақстан Республикасының аумағын ірі қара малдың обасынан қорғау жөніндегі кешенді іс-шаралар болып табылады.
235. Ірі қара малдың обасы бойынша қолайсыз елдермен шекаралас әкiмшiлiк аудандарда орналасқан барлық шаруашылық жүргізуші субъектiлерде осы бөлімде көрсетiлген ұйымдастыру, эпизоотияға қарсы және ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар мiндеттi түрде орындалуы тиiс.
236. Жайылым мерзімінде әрбiр табынға жеке жайылым және суат бекiтiледi және жануарлардың әр түрi бөлек бағылады; әртүрлі табынның жануарларының араласуына, сондай-ақ үй жануарларының жабайы жануарлармен (бұғы, елiк, бұлан, қабан және басқалары) байланысына жол берілмейді.
237. Жеке және заңды тұлғалар жайылымдарда ірі қара малдың обасына сезімтал үй немесе жабайы жануарлардың өлекселері тапқан жағдайда Заңға сәйкес бұл туралы ЖАО бөлімшелеріне, жергілікті атқарушы органдар құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарға, тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау органдарына патологиялық материалдарды алу (диагностикалық зерттеулерге) және өлекселерді көмуді ұйымдастыру үшін хабарлайды.
Ескерту. 237-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.01.2020 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
238. Шекаралас аумақта ұсталынған жабайы жануарлар немесе атқаннан кейін олардың ұшалары мiндеттi түрде ветеринариялық тексеруге жатады.
239. Шекара аймағында қараусыз қалған малдың пайда болғаны туралы ЖАО бөлімшелеріне, жергілікті атқарушы органдар құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарға, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау органдарына хабарлайды. Мұндай малды дереу ұстайды және оның кімге тиесілі екендігі анықтағанға дейін және ветеринариялық тексергенге дейін оқшаулап ұстайды.
Ескерту. 239-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.01.2020 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
240. Жануарларды бір шаруашылық жүргізуші субъектіден басқа шаруашылық жүргізуші субъектіге, сондай-ақ шекаралық аймақтан тыс жерге ауыстыруға клиникалық тексеруден кейін тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының келісімімен ғана жол беріледі.
Ескерту. 240-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.01.2020 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
241. Шаруашылық жүргізуші субъектіге жаңадан мал әкелу (әкету) алдын ала сол әкiмшiлiк-аумақтық бірліктің бас мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторымен келiсiледi, шаруашылық жүргізуші субъектіге жаңадан келген малдарды бордақылау алаңдарына және табындарға орналастыруға тек ветеринариялық тексеруден және оларды карантиндеуде оқшаулап ұстаудан кейiн ғана рұқсат етiледi.
Достарыңызбен бөлісу: |