2. ДӘріс тезистері



бет20/31
Дата22.04.2022
өлшемі277,63 Kb.
#31934
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   31
Тест тапсырмалары

1. Нашар еритін қосылыстардың ерігіштігіне аттас иондар қалай әсер етеді?

A) әсер етпейді;

B) ерігіштігі артады;

С) тұнба толық ериді;

D) дұрыс жауап берілмеген.

*****

2. Нашар еритін қосылыстардың ерігіштігіне «тұздық эффект» қалай әсер етеді?

A) ерігіштігі кемиді;

В) тұнба толық ериді;

С) әсер етпейді;

D) дұрыс жауап берілмеген.

*****

3. Ag2C2O4тұнбасының қанық ерітіндісіндегі күміс ионының концентрациясын үш есе көбейткенде тұнбаның ерігіштігі қалай өзгереді?

A)екі есе артады;

В)үш есе кемиді;

С)он есе кемиді;

D) төрт есе артады.

*****

4. Ерітіндіде қорғасын(ІІ) иондарының концентрациясын 2 есе арттырғанда Pb3(PO4)2 тұнбасының ЕК мәні қалай өзгереді?

A) екі есе артады;

B) екі есе кемиді;

С)он есе артады;

D) он есе кемиді.

*****

5. Тұнбаның ерігішітік көбейтіндісі (ЕК) температураға қалай тәуелді?

A) ЕК температураға тәуелсіз шама;

B) температура жоғарылаған сайын ЕК мәні артады;

С) температура жоғарылағанда ЕК мәні азаяды;

D) температураны көтергенде алғашқыда ЕК мәні артады, сосын азаяды.

*****

6. Нашар еритін қосылыстың ерігішітік көбейтіндісі (ЕК) қандай факторларға тәуелді?

A) температураға;

B) қоспадағы заттардың табиғатына;

С) концентрацияға;

D) ешқандай факторға тәуелді емес.

*****

7. Тұнбаның түзілуіні негізгі шарттары:

A) иондық көбейтіндісі ерігіштік көбейтіндіге тең болғанда;

B) иондық көбейтіндісі ерігіштік көбейтіндісінен кем болғанда;

С) электролит ерітіндісінің иондық көбейтіндісінің қатысы жоқ;

D) ерігіштік көбейтіндінің мәні нөлге тең болғанда.

*****

8. Cl-, Bb-, J-иондары бар ерітіндіге күміс нитратының ерітіндісімен әсер еткенде бұл иондар қандай ретпен тұнбаға түседі?(AgCl)=1,8∙10-10; (AgJ)= 8,3∙10-17; (AgBr)= 5,2∙10-13.

A)AgBr; AgJ; AgCl

B)AgCl; AgBr; AgJ

С)AgBr; AgCl; AgJ

D) AgJ; AgCl; AgBr

*****

9. ЕКТ теңдеуі қандай шамалар арқылы бейнеледі?

A) тұнбаға түскен иондардың тепе-теңдік концентрациялары арқылы;

B) тұнбаға түскен иондардың жалпы концентрациялары арқылы;

С) электростатикалық әрекеттесу тудыратын иондар концентрациясы арқылы;

D) тұнбаға түскен иондардың активтілік коэффициенттері арқылы.

*****

10. Тұздық эффект:

A) комплекс түзгіш реагенттің әсерінен тұнбаның ерігіштігінің артуы

B) аттас ионның әсерінен тұнбаның ерігіштігінің кемуі

С) ерітіндінің иондық күшінің кемуінен тұнбаның ерігіштігінің өсуі

D) ерітіндідегі біртекті иондардың концентрацияларының өсуі

*****

11. Тұнбаның ерігіштігіне тұндырғыштың артық мөлшері қалай әсер етеді:

А) ерігіштік кемиді

В) ерігіштік минимумы арқылы өтеді

С) ерігіштіктің максимумы арқылы өтеді

D) ерігіштік өзгермейді

*****

12. Нашар электролит жалпы жағдайда мына теңдеумен диссоциаланады ...

А)

B)

+C)

Д)

E)

*****

13. Қосылатын тұздың концентрациясы неғұрлым жоғары болса, ерігіштігі соғұрлым өседі. Бұл құбылыс ...

А) Ерігіштік көбейтіндісі

В) Иондық тепе-теңдік

С) Тұздардың активтілігі

+Д) Тұздық эффектісі

Е) Ерігіштік мөлшері

*****

14. ЕК және керісінше есептеулерді оңай жүргізуге болады...

+А)Электролит ерігіштігі белгілі болса

В)тұздану эфектісі белгілі болса

С)Реакция жылдамдығы белгілі болса

Д)Молярлық масса белгілі болса

Е)Иондардың концентрациясы белгілі болса

*****

15. Заттың бір бөлігі ерітіндіден қатты фаза күйінде бөлініп шығады

+А) Электролиттің иондық көбейтіндісі ЕК жоғары болғанда

В) Электролиттің иондық көбейтіндісі ЕК төмен болғанда

С)Иондық концентрациясы мейлінше төмен болғанда

Д) Иондардың активтілігіне байланысты

Е) Иондардың диссоциациясынна байланысты

*****

16. Тұздану эфектісі – бұл....

+А)Қосылатын тұздың концентрациясы жоғары болса ерігіштігі көп өседі

В)Қослатын тұздың концентрациясы төмен

С)Қосылатын тұздың концентрациясы жоғары болса ерігіштігі төмен болады

Д)Қосылатын тұздың концентрациясы төмен болса ерігіштігі жоғары болады

Е)Қосылатын тұздың ерігіштігі жоғары


1

№10 дәріс



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет