2. Мәдениет ұғымы және оның мәні



Pdf көрінісі
бет2/82
Дата15.12.2023
өлшемі2,11 Mb.
#138005
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   82
 
 
 
 
 
 



Кіріспе 
«Мәдениеттану» 
курсы 
әлеуметтiк-гуманитарлық 
циклындағы жалпы бiлiм беруi пәнi болып саналады. 
Мәдениеттану ғылым ретінде қарастырылып, қолданыла 
бастағанына көп болған жоқ. Бұрын мәдениет саласын 
философия, тарих, өнер тану, этика эстетика және басқа да 
ғылым салалары қарастырып келген болатын. Біздің 
қоғамымыздағы рухани өмірдің түбірлі өзгеруіне байланысты 
Қазақстанның тәуелсіз даму жылдарында мәдениеттану тек 
ғылым ретінде бөлініп қарастырылмай, жоғары оқу 
орындарында пән ретінде оқытудың өзектілігі күн тәртібіне 
қойылып отыр. 
Осындай жағдайда мәдениеттану курсы студенттерге 
мәдениеттің көп образды екендігіне бағыттар береді. 
Мәдениеттану курсы мен танысу барысында студент 
мәдениеттің даму тенденциялары және даму заңдылықтарын 
анықтай алады, адамның күнделікті өмірде мәдениеттің 
алатын орны туралы білім алады. Бұл курс мәдениет 
құрылымы, мәдениеттің субьектісі туралы, культурогенез, 
мәдениет диалектикасы, мәдени құндылықтар және нормалар, 
мәдени 
салт-дәстүрлер, 
әлемнің 
мәдени 
картинасы, 
мәдениеттің әлеуметтік институттары, мәдениеттің даралығы, 
мәдени модернизация, мәдениет типологиясы, этникалық 
және ұлттық, элитарлық және бұқаралық мәдениеттер
мәдениеттің 
Шығыстық 
және 
Батыстық 
типтерінің 
ерекшеліктерін терең түсінуге және айырмашылықтарын 
ажырата білуге көмектеседі. Бұл курсты оқып білу барысында 
студент әлемнің алдыңғы қатарлы елдерінің мәдениеттерінің 
дамуы туралы терең танысып, Қазақстан мәдениетінің даму 
тарихынан толық мәлімет алып, оның әлемдік мәдени 
үрдісіндегі орнын анықтай алады. Мәдени үрдістерді талдау 
жасаудың диалектикалық әдісін меңгереді.



Пәндi оқытудағы мақсат: Студенттердiң адамзаттың мәдени 
жетiстiктерiн бiлуiне, мәдениеттiң қалыптасуы мен дамуының 
негiзгi түрлерi мен жан-жақты заңдылықтарын түсiнiк танып 
бiлуге бағдар беру, олардың бойында өз бiлiмдерi мен кәсiби 
шеберлiктер жетiлдiруде, әлемдiк мәдениет құндылықтарын 
дербес өз бетiнше игеруге қатысты дағдылары мен 
ұмтылыстарын қалыптастыру. Пәндi оқытудағы мiндеттер: 
-адамзаттық 
мәдени тәжiрбиелердi игеру, негiзгi 
оқиғалар мен жетiстiктердi талдау бiлу, оларды құндылықтық 
мәндерiн салыстыра бiлу. 
-мәдениеттiң басты бағыттары мен ағымдарының 
қалыптасуы мен дамуының жалпы заңдылықтарын талдау 
бiлу. 
-мәдениеттiң 
тарихи, этноаумақтық және ұлттық 
ерекшелiктерiн оқып бiлу, оның болмысының өзiндiк 
ерекшелiктерi мен көрiнiстерiн анықтау. 
-түрлi мәдениеттанымдық мектептердiң идеяларын, 
олардың ерекшелiктерi мен мәндерiне талдама жасау. 
-қоғам мәдениетiнiң дамуындағы бүгiнгi ақиқат пен 
ағымдардың сипаттамасы, оны болашақ даму бағалау және 
болжау. 
-отандық мәдениет тарихын, оның бүгiнгi кешегi 
мәселелерi мен даму бағыттарын оқып бiлу. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет