2. Мәдениет ұғымы және оның мәні


Тақырып 1. Мәдениет ұғымы және оның мәні



Pdf көрінісі
бет3/82
Дата15.12.2023
өлшемі2,11 Mb.
#138005
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   82
Тақырып 1. Мәдениет ұғымы және оның мәні 
Дәріс 1.
1. Мәдениет – мәдениеттанудың басты обьектісі және пәні 
ретінде. 
2. «Мәдениет» ұғымының қалыптасуының тарихы. 
3. Мәдениеттің құрылымы: мәдени түрлердің саналуандығы 
және мәдени құрылымның күрделілігі. 
4. Мәдениет – адамзат әлемінің айнасы. Мәдениет - белгілер 
мен мән - мағыналар әлемі. 
Дәрістің мақсаты:
 Студенттерге мәдениет ұғымының 
мәнін түсіндіру арқылы мәдениеттің пайда болуы 



заңдылықтарын 
және 
мәдениеттану 
ғылымының 
қалыптасуындағы әртүрлі ғылыми көзқарастарға талдау 
жасай білу дағдысын қалыптастыру. 
Дәрісті өткізу формасы
: ақпараттық. 
Терминдер:
 
мәдениет, аксиология, антропология, 
генезис, герменевтика, гуманизм, культ, мәдениеттану, 
материалдық және руханилық. 
1. Мәдениет» |культура| сөзi – әрбiр адамның сөздік
қорында кездеседi, бiрақ та бұл сөзге сан-қилы мән-мағына 
берiледi. Мәдениет бiрде рухани өмiр құндылығы ретiнде 
түсiндiрiлсе, кейде ол өнер, әдебиет құбылыстарына 
жатқызылады, 
сондай-ақ 
мәдениеттi 
шаруашылық 
мiндеттердi шешуге қатысты идеология ретiнде қарастыратын 
дәстүрлерде бар. Мәдени құбылыстарды көптеген нақты 
ғылымдар – археология, этнография, тарих, социология, 
сондай-ақ, сананың түрлi формаларын қарастыратын 
философия, өнер, эстетика, дiн, мораль және т.б. зерттеген 
түсiнiктер бар. 
Мәдениет (культура) терминi қоғамдық және 
гуманитарлық пәндердiң категориальдық аппаратына ене 
отырып, онда химиядағы – зат, физикадағы күш, 
биологиядағы – организм секiлдi маңызды роль атқарады. 
Жалпы мәдениет күнделiктi жай ғана баға беруден бастап,
ұқыптылық, сапалылық, орындылық, шеберлiк түрiнде 
көрiнедi. Көп жағдайда мәдениеттiлiк қала өмiрiне, 
сауаттылыққа, рухани сұранымға, ғылым жетiстiгiне де 
қатысты түсiнiктемеде ұғындырылады. Кейбiр оқымыстылар 
«культура» терминi культке (әруаққа)табыну, әруақтарды 
құрметтеумен байланыстырады. Халықтың арасында
мәдениет орнына белгiлi бiр орын, ұйымдарды (клуб, 
кiтапхана, музей, саябақтарды) атайды. Осы сан-қилы
ұғымдардың 
мәнін 
түсіндіруде 
мәдениеттанымдық
зерттеулердi бiр жүйеге келтiру – бұл мәдениеттану 
ғылымының зерттеу нысаны – мәдениет ұғымын зерттеу пәні



болып табылады. Мәдениеттану пәнін ЖОО-да оқыту 
барысында студенттер құндылықтық бағыты қалыптасады. 
Мәдениет - адамның ақылы мен іс-әрекетінің ғасырлар бойы 
жинақталған жемісі. Мәдениет – қоғамның тарихи даму 
сатысы, ондағы адамдар іс-әрекетінің әртүрлі типте және 
формаларда көрініс табуы болып табылады. Ежелгі грек 
философы Демокрит мәдениетті «екінші табиғат» деп атады, 
адамның ақыл, парасаты мен өзін жетілдіруі ежелгі грек 
қоғамында маңызды болды. Адам өз тағдырын жасаушы 
«еркін» тұлға ретінде қарастырды. Орта ғасырларда (V – 
ХVғ.ғ.) «культ» сөзі «культура» сөзіне қарағанда жиі 
қолданыста болды, бірінші орында Құдай, ал адамның 
тағдыры толық Құдайдың құзіретінде болды. Мәдениет бұл 
кезеңде толық діни сипатта дамыды. Ал, Қайта жаңғыру 
дәуірінде (ХV – ХVІ ғ.ғ.) антикалық идеяға қайта оралу 
құбылысы байқалды. Жаңа заман дәуірі мәдениетінде (ХVІІ – 
ХІХғ.ғ.) мәдениетке көзқарас қоғамдағы әлеуметтік-
экономикалық 
өзгерістердің 
орын 
алуымен 
тікелей 
байланысты болды. Мәдениет әлемі, оның заты мен 
құбылысы адамдардың өзін жетілдіруге бағытталған саналы 
іс-әрекеті. 
Мәдениет – бұл, ғалымдардың айтуынша, осыдан 40 мың 
жылдай уақыт бұрын қалыптасып дамыған «Саналы адам» 
(Ноmo sapiens) өмірімен бірге біте қайнасып келе жатқан ең 
ежелгі құбылыстардың бірі. Әлемдік мәдениет алғашқы 
қауымдық құрылыстан бастау алады. Осы кезеңде, яғни 
осыдан 40 мың жылдай бұрын биологиялық эволюцияның 
күрделенуі мен түрлерінің өзгеруі нәтижесінде «Саналы 
адам» (Ноmo sapiens) қалыптаса бастады. Олардың өздеріне 
ғана тән. мінез-құлықтары мен өмір сүру ережелері мен 
дәстүршілдік қасиеттері қалыптасты. Ол өз кезегінде 
адамдардың мінез-құлықтарын, мәдениетін де айқындай 
бастады. «Ноmo sapiens»-ке тән алғашқы белгілердің бірі 
«екінші табиғатты жасау» мен мәдени құндылықтар жасай 
алу қабілеттерінің пайда болуы. Әдетте, мәдениетке адамның 



ықпалымен, оның қолымен жасалынған нәрселердің барлығы 
да жатқызылады. Адамға тән осындай жасампаздық, әрине, 
материалдық және рухани тұрғыда болады, сондықтан да 
мәдениет о бастан-ақ жасалуына орай: материалдық және 
рухани болып екіге бөлінеді.
Материалдық мәдениет бұл адамдардың материалдық 
өндірісінің, қызметінің нәтижелерін: өндіріс пен тұрғын үйді, 
тұрмыста тұтынатын заттарын, киім, көлік, байланыс 
құралдары мен дене тәрбиесін және т.б. қамтиды, қысқаша 
айтқанда, адамның қолымен жасалынған өзін қоршаған 
заттық ортасы. 
Материалдық мәдениетке еңбек пен материалдық өндіріс 
мәдениеттері, тұрмыс мәдениеті, тұрғылықты мекен-жайдың, 
ауыл, қала мәдениеттері, адамның өзінің кескін-келбеті мен 
сымбатына деген қарым-қатынас мәдениеті де жатады. 
Рухани мәдениет – философия, құқық, этика, эстетика, 
ғылым, білім, әдебиет, діни-мифологиялық сенімдерді, яғни 
адамдардың рухани дүниесін қамтитын сананы қарастыратын 
таным, адамгершілік, тәрбие беру және білім алуды қамтиды. 
Рухани мәдениет ол көп салалы болып келеді де 
философиялық, 
адамгершілік, 
көркемдік, 
құқықтық, 
педагогикалық, діни-танымдық және интеллектуалдық 
мәдениеттерді қамтиды. 
Мәдениетке 
нақты 
анықтама 
беру 
үшін, 
оны 
зерттеушілер, оның барлық қырынан қарастыру арқылы өз 
тұжырымдамалары мен пайымдауларын ұсынуда. Көптеген 
философ-ағартушылар мен неміс ақыны, әрі ойшылы Ф. 
Шиллер мәдениет деп адам бойындағы адамдықты, яғни оның 
ішкі дүниесін, рухани байлығын атап өтсе, Ф.Ницше 
мәдениетті халықтың өмір сүру салты деп анықтайды, ал 
Л.Уайт салт-дәстүр, әдет-ғұрып тұрғысынан қарастырады. 
И.Кант – мәдениетті философиямен айналысу арқылы қол 
жеткізілген парасаттың күші мен реттілігі деп түсіндіреді. Ал 
өркениет деп ол жетілген қоғамдық қарым-қатынасты айтты. 


10 
Классикалық неміс философиясында мәдениет рухтың 
даму процесі ретінде қарастырылып, барлық халық өзінің 
даму сатысында үш кезеңге «Құдайлар ғасыры», «Батырлар 
ғасыры», 
«Адамдар 
ғасырына» 
соқпай 
кетпейдігін 
топшылайды. 
Мәдениет ұғымына бұдан басқа да «Объективті рух» 
(Гегель), «Еуропалық өмір салты», Жаңа заман ағартушылары 
мәдениетке «эмоционалдық – шығармашылықтың қыры» 
(Буркхард 1818-1897жж.) деген сияқты да анықтамалар берді. 
Еуропалық дәстүрлерде бүгіндері «культура» ұғымы «натура» 
(табиғат) 
ұғымына 
қарама-қарсы 
түсінік 
ретінде 
қолданылады. 
Әрбір халықтың тарихы, өмір сүру салты, рухани 
психикасының қалыптасуына орай мәдениетке қатысты өз 
тілінде қалыптасқан ұлттық терминдері де бар. Орыс 
халқында 
адамшылық, 
гумандылық, 
ағартушылық, 
парасаттылық, тәрбиелік, мәдениеттілікті білдірсе, қазақ 
халқында мәдениет-әдептілік пен әдемілікті, парасаттылық 
пен көркемдікті, тартымдылықты білдіріп, топтанып өмір 
сүруге қатысты қалалық өмір деген баламада қолданылады. 
Бүгінгі күндері «мәдениет» ұғымы қоғам дамуының 
тарихи қалыптасқан деңгейін, адамдардың өмірі мен іс-
әрекетін 
ұйымдастырудың 
типтері 
мен 
түрлерінде 
байқалатын, сондай-ақ олардың материалдық және рухани 
құндылықтар жасаудағы шығармашылық қажыр-қайраты мен 
қабілет-мүмкіндігінің деңгейін аңғартады. 
Мәдениет ұғымы – бұл адам шығармашылығының 
нәтижелері: еңбек құралдары, машиналар, техникалық 
құралдар мен ғылыми жаңалықтар, әдебиет ескерткіштері, 
жазу, діни жүйелер, саяси теориялар, құқықтық және 
этикалық нормалар. 
Мәдениет адамнан тыс өмір сүре алмайды, мәдениетсіз 
қоғам да, әлеуметтік топтар да жоқ, мәдениетті ұғыну үшін 
адамдардың, әлемді мекен еткен халықтардың іс-әрекеттерін 
зерттеу арқылы қол жеткізуге болады. 


11 
Орыс және американ әлеуметтану меектептерінің негізін 
қалаушылардың бірі П.Сорокин: «кез-келген топтасқан 
әлеуметтік топтың өз мәдениеті бар. Әлеуметтік топ та, 
индивидте мәдениетсіз өмір сүре алмайды», – деп тұжырым 
жасаған болатын.
Қазіргі қоғамдағы мәдениеттің ролі – адамдарды бір 
мақсатқа біріктіру, гумандық қарым-қатынас орнату, 
толеранттылықты сақтау. Әлемді тыныштықта сақтауда 
адамдардың рухани құндылықтары басым роль атқарады. 
Мәдениет – әлемді материалдық және рухани үйлесімділікті 
сақтаудың кепілі болып табылады. Руханилық – қоғамда 
қайрымдылық, 
сенім, 
сұлулық 
және 
шындықтың 
қалыптасуына негіз болады (сурет1). Қазіргі кезеңде адамзат 
баласы өзінің жетілу сатысының ең жоғары баспалдағы – 
әлеуметтік-мәдени саналылыққа аяқ басқан қоғамда өмір 
сүріп отырмыз. 
Руханилық әлеуметтік - мәдени
феномен ретінде
Әлеуметтік саналылық
қайрымдылық
сенім
сұлулық
шындық
Бейсаналылық
Табиғи - мұрагерлік
Сурет 1 


12 
Мәдениет жайлы түсiнiктердiң көптiгi бұл проблеманың
теориялық тұрғыдан көп қырлы екендiгiн көрсетедi.
Б.з.д. V-ІVғасырларда философия, б.з.д. ІІІ ғасырда
этика, ХVІІІ ғасырда эстетика, ХІХ ғасырдың соңғы 
ширегінде мәдениеттану ғылымы қалыптасты.
Философия өмірге түсінікті берсе, мәденниеттану адам 
қолынан туындаған мәдениет ұғымына түсінік береді. 
Мәдениеттану – мәдени заңдылықтарды зерттей отырып, әр 
мәдениеттің өзіндік ерекгеліктерін анықтайды. Мәдениеттану 
(культурология) терминін ғылыми айналымға енгізген Л.Уайт 
(1900-1967ж) болатын. Мәдениеттану ғылымы – «мәдениетті 
(институттар, технология, идеологиялар) және өз заңдары 
шеңберінде қолданылатын өз ұстанымдарына сәйкес 
реттелген феномендердің өзіндік құрылымы деп қарайтын 
антропология саласы», – деп анықтама берді. Қоғамдағы 
өзгерістерді, 
мәдениеттің 
даму 
принциптерін, 
әр 
мәдениеттердің өзара байланыстарын зерттейтін бұл ғылым 
саласы қазіргі ХХІ ғасырда өзінің өзектілігімен анықталады. 
Мәдениеттану пәні 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет