2. Мәдениет ұғымы және оның мәні


Оның ерекшелiгi, аңдарды тек



Pdf көрінісі
бет31/82
Дата15.12.2023
өлшемі2,11 Mb.
#138005
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   82
Оның ерекшелiгi, аңдарды тек 
қана қозғалыста бейнелеуі. 
Сақ қоғамында дiни нанымдары 
мен ғұрыптарының негiзгi бағыты ата-баба әруағына сиыну 
болды. Арнайы рулық зираттары болған, оған өлген адаммен 
қоса, дүние-мүлкiн бiрге жерлеген. Сақтар өлiктi сақтау үшiн, 


67 
бальзамдау мен мумиялауды қолдана бiлген. Сақтардың 
негiзгi шарушылығы мал шарушылығының үш түрiн: 
көшпелi, жартылай көшпелi, отырықшы болды. Мал 
шарушылығымен қатар егiншiлiкпен айналысты. 
Сақ қоғамы әлеуметтiк-экономикалық және мәдени 
дамудың жоғарғы сатысына көтерiлiп, дүниежүзiлiк 
мәдениет тарихына айқын айтарлықтай iз қалдырды. 
Қазақ халқының негiзiн құраған, мәдени-рухани жаңғыруына 
жол салған тайпа - ұлыстардың арасында 
ғұндардың 
да орны 
бөлек.
 
Ғұндар өте жауынгер халық болған. Олардың тегеурiнi 
шығыста қытайдың елiн қорғау үшiн Ұлы Қытай қорғанын 
салуға, батыста Рим империясының құлауына себепшi болған. 
Ғұндардың қазақтың арғы тегi екенiн айғақтайтын дәлелдер 
көп. Олардың моласынан шыққан бұйымдардағы ою-
кестелер құрылымы жағынан қазақ арасында кең тараған ою-
өрнектермен ұқсас. Ғұндардың дiнi - Тәңiрiлiк болған. Түркi 
тiлiнде сөйлеген, жазуы түркi жазуы болды. Ғұндардың 
әскери өнерi дүниежүзiлiк тарихына жоғары деңгейде 
дамыған халықтардың бiрi. Олардың негiзгi қаруы садақ 
болды.
 
Зерттеушiлердi таңдандыратыны, олардың күрделi 
қоғамдық тұрмыс салттары, әскери тәртiбi, саясаты, нақтылай 
өмiрге көзқарастары көршiлес елдердiң саяси жүйелерiне 
кереғар едi.,,Түрiк,, деген сөздiң өзi ержүрек, айбынды,, 
дегендi бiлдiредi. 
VIғ. түркi тiлдес тайпалар Монғолияның солтүстiгiнен 
Батыс Европаға дейiн орналасты. Қазақстан жерi Түрiк 
қағанатының 
билiгiнде 
болған 
жетi 
мемлекеттiк 
бiрлестiктерге бөлiндi. Түркi тiлдес тайпалар оғыз, қарлұқ, 
қыпшақ, 
қимақтардың 
рухани 
және 
материалдық 
мәдениеттегi жеткен жетiстiктерi қазақтардың кейiнгi 
мәдениетiнiң қалыптасуына әкелдi. Түркi тiлдес тайпалар мен 
қазақ халқының бүгiнгi рухани болмысының сабақтастығын 
дәлелдейтiн салт, дәстүр, наным – сенiмдер. 


68 
Орхон жазбаларында: Аспан культi –Тәңiрi жайлы: 
,,Көкте әке-аспан, жер-ана, ортасынан адам ұрпағы 
жаратылған,, делiнген. Түрiктер үшiн Тәңiр – ең жоғарғы 
құдiреттi күш, бәрiне аян құдай, дүниенi жаратушы, дүниенi 
билеушi. Түркi халқы Көк, Жер, Су тәңiрiне сыйынып, 
құрбандық шалып отырған. Жанұя ошағын және балаларды 
қорғаушы Ұмай ана әйел құдайы болды. Тоныкөктiң 
құрметiне 
арналған 
ескерткiштен 
түрiктердiң 
сәттi 
жорықтарының бiрi туралы ,,Тәңiр, Ұмай, әулие Жер-Су, 
солар жеңiстi сыйлады,, - деп жазылған.
Шаман – емшi, тамыр ұстаушы, балгер, жын құрсанған 
бақсы. Шамандардың басты құралы - қобыз болған. Шоқан: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет