2-Тақырып. Стандарттардың негізгі топтарының мазмұны, жіктелуі және сипаттамасы



бет8/13
Дата16.02.2023
өлшемі49,58 Kb.
#68337
түріКодекс
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

тәртіптік шараларды қолдану жөніндегі өкілеттіктер заңдармен немесе кәсіптік ұйымның жарғысымен немесе басқа да реттеуші органмен берілуі мүмкін екендігі айқындалған этикалық талаптардың сақталуын қамтамасыз ету, бұл ретте реттеуші органдар тәртіптік шараларды қолдану үшін ортақ немесе жеке-дара жауаптылықта болуы мүмкін; тәртіптік мәселелер бойынша тергеп-тексерулер, әдетте, шағымдар негізінде жүргізілетін болады; тергеу нәтижелері бойынша ХБФ мүшесі немесе реттеуші орган тәртіптік іс жүргізуді қозғау туралы шешім қабылдайды, оның шешімдеріне белгіленген мерзімде шағым жасалуы мүмкін; әдеттегі тәртіптік санкцияларға: сөгіс, айыппұл, шығыстарды өтеу, практикамен айналысу құқығын шектеу, мүшелікті тоқтата тұру, мүшеліктен шығару жатады.

4. Аудит стандарттарының деңгейі. Ішкі аудиторлық стандарт

2002 жылға дейін ХБФ аясында аудиторлық стандарттармен Халықаралық аудиторлық тәжірибе жөніндегі Комитет (КМАП) тұрақты автономиялық ұйым құқығында айналысты. 2002 жылдың 1 сәірінен бастап Халықаралық аудит және сенімділік стандарттары жөніндегі Кеңес болып өзгертілді. ӘРбір жыл сайын жүйе өзгертіліп отырады. Халықаралық аудит стандарттарының елеулі өзгерісі 1994 жылы болды, содан бері жаңарту жеке тұжырымдарды, сілтемелерді және т. б. нақтылау деңгейінде жүргізіледі. 1994 жылдың шілде айынан бастап АХС –тың кодтары өзгертілді, яғни екі мәнді саннан 3 мәнді санға ауысты. Егерде ескі кодтау бойынша 29 АХС және 4 Ілеспе қызметті көрсету бойынша стандарт болса, кодтарды өзгертуді қайта қарағаннан кейін, олардың саны 50-ге жетті, соның ішінде 40 негізгі АХС жәнеи 10 халықаралық аудиторлық тәжірибе бойынша Ереже және Ілеспе қызмет бойынша Халықаралық стандарт бар. 2001 жылы Халықаралық аудиторлық тәжірибе жөніндегі Комитетпен 1999 ж. шығарылған орыс тіліндегі ресми аудармасы бар 36 стандарт қабылданып, басылымға шықты.

Аудиторлық қызмет тәжірибесінде аудит стандарттарының 3 деңгейі бар:

Аудиторлық қызмет тәжірибесінде аудит стандарттарының 3 деңгейі бар:


  • Халықаралық;

  • Ұлттық;

  • Ішкі.


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет