35.Жалпы иммунитетің ауыз қуысына әсерін атаңыз. Иммунитет – организмнің антигендік қасиеттері бар жұқпалы және жұқпалы емес бөгде заттарды, жұқпалы аурулар қоздырғышын немесе олар бөліп шығаратын кейбір улы заттарды қабылдамаушылық қасиеті және оларға қарсы тұру қабілеті.
Жалпы иммунитет – бүкіл организмнің ауруға қарсы тұру қабілеті
Жергілікт иммунитет - жеке бір ұлпалардың немесе мүшелердің ауруға қарсы тұру қабілеті.
Ауыз қуысының жергілікті иммунитеті күн сайын ауыз қуысына енетін қоздырғыштардың шабуылына қарсы тұрады, сондықтан ерекше назар аудару керек.
ауыз қуысының шырышты қабығы клеткаларының иммунитеті неғұрлым күшті болса, ауыз қуысының инфекциялық қорғанысы соғұрлым жоғары болады.
Ауыз қуысының табиғи иммунитетінің төмендеуі-тісжегінің тез дамуының, қызылиек проблемаларының және тістер мен қызылиек проблемаларының өршуінің себептерінің бірі.
Ауыз қуысы иммунитетінің жоғары болуының алғашқы қадамы-тістерді дұрыс тазарту және тіс дәрігеріне үнемі бару
P.S. жалпы иммунитеттің әсері болғанға – ВИЧ, СПИД жазса болады. Сол кездегі ауыз қуысының жағдайы
36.Организмдегі аурулардың ауыз қуысында көрінісіне сипаттама беріңіз. 37.Периодонтит ауруларын емдеу. Клиникасы.Этиологиясы. Қабынудың бұл түрі жедел дамиды және клиникалық белгілері тез ауысып отырады. Осыған байланысты қабыну үрдісінің дамуын екі кезеңге бөлу (уыттану және жалқықтану) негізді деп келісуге болады.Периодонттың жедел қабынуы, уыттану сатысы неесе алғашқы сатысы (фаза интоксикации). Уыттану сатысы қабыну үрдісінің алғашқы кезеңінде байқалады және сырқат тістің өз бетімен сыздап толассыз ауыруымен сипатталады. Сырқат тіспен ас шайнағанда, қарсы тісі тигенде ауыру сезімі күшейе түседі. Бастапқы кезде тісі сырқат адам мазаландырған тісін анық көрсете алады. Температуралық тітіркендіргіштер ауыру сезімін күшейте немесе бәсеңдете әсер ете алмайды. Қарап тексергенде, сырқат тісте тісжегі қуысы анықталады және ол сауыт қуысымен байланысқан. Сүңгілеп байқағанда ауыру сезімі жоқ, тік қағып байқағанда ауыру сезімі бар. Тіс төңірегіндегі жұмсақ тіндер ешқандай өзгеріске ұшырамаған. Кейде тіс қуысы жабық болуы мүмкін және тістің ЭҚ 100 мка жоғары болады. Химиялық заттар немесе дәріден дамыған периодонттың жедел қабынуы кезінде сырқат тісте уақытша немесе тұрақты пломбы тұруы мүмкін.
Периодонттың жедел инфекциялық қабынуын емдеу. Периодонт қабынуының бұл түрін емдеу тактикасы жедел қабыну сатысына байланысты жүргізіледі.
Жедел қабынудың бастапқы уыттану сатысында тісжегі қуысын егеп-тазалап, сауыт қуысын ашып, өзек сағасын кеңейтіп алған соң, түбір өзегін ұлпа ыдырандысынан біртіндеп ұлпаалғышпен тазартады. Ол үшін ашылған сауыт қуысын антисептиктер ерітіндісімен жуып алып, өзек сағасына 1-2 тамшы антисептик ерітіндісін тамызып, 1-2 минөт күтеді де, ұлпаалғышпен ұлпа ыдырандысын өзектің ⅓, ⅔ және түбір ұшы бөлігінен біртіндеп алып тазалайды. Әр кез ұлпаалғышты өзекке қайта ендіру үшін антисептик ерітіндісіне матырып, сүңгінің немесе шымшуырдың (қысқыштың) көмегімен ыдыранды заттан тазартып алады. Тазалауды ұлпаалғыш түбір өзегінен таза шыққанға дейін жалғастырады. Ұлпа ыдырандысын алу үшін файлдарды (сүргі бұрғыларды) қолдануға болады Егерде организмнің уыттану (интоксикация) белгілері анықталған болса (бас ауруы, дымкәстік, дене қызуының көтерілуі, қан құрамының өзгеруі және б.) антибиотиктермен (метициллин, оксациллин, линкомицин, эритромицин) емдеу курсын тағайындауға болады.
Бұл кезеңде физиотерапиялық емдеу шараларын: ультра жоғары жиілікті (УЖЖ) айнымалы токты (УВЧ), электрмагнитті өрісті, өте жоғары жиілікті айнымалы токты (ӨЖЖ-СВЧ) немесе микротолқынды және б. қолдануға да болады (емдеу курсы 3-5 сеанс). Периодонттың созылмалы қабынуын емдеу кезінде қойылатын негізгі міндеттер: негізгі өзектер (макроканалы) мен өзекшелердегі (микроканалы) микроорганизмдерді жоя әсер ету; органикалық заттар ыдырауынан пайда болған биогендік аминдердің организмге әсерін тежеу; периодонттағы қабыну үрдісін тоқтату; түбір ұшы аймағындағы бұзылған тіндерді қалпына келтіру; периодонт қабынуын туындатқан микроорганизмдерге организмнің жоғары сезімталдығын жою немесе десенсибилизациялау.
Периодонттың созылмалы қабынуының консервативтік емінің нәтижелі болуының бірден-бір кепілі – түбір өзегінің жақсы өтуі. Себебі, түбір өзегі арқылы түбір сыртындағы қабыну ошағына дәрілермен белсенді түрде әсер етуге және түбір өзегін пломбылау арқылы инфекцияның периодонтқа өтетін жолын бөгеуге болады. Консервативтік емдеу әдісі төмендегі шараларды қарастырады:
•түбір өзегінен ұлпа ыдырандысын алу;
• өзектегі микрофлорларға әртүрлі дәрілермен әсер ету;
• түбір өзегін кеңейте және түбір ұшы тесігін аша отырып қажет болса эндодонттық аспаптармен өңдеу;
•түбір ұшы аймағындағы қабыну ошағына дәрілермен әсер ету;
• түбір өзегін пломбылау, тістің анатомиялық пішінін, физиологиялық қызметін қалпына келтіру.
Периодонт қабынуының этиологиясы.
Қазіргі кезде периодонт қабынуын туындататын себептерді үш топқа бөлуге болады: 1) инфекциялық; 2) жарақаттаушы; 3) химиялық заттар, олардың ішінде дәрілер әсері
1 Инфекциялық - Бұл жағдайды туындатуда көптеген бактериялардың маңызы бар, солардың ішінде белгілі рөл атқаратындар – кокктар (гемолиздемеуші-негемолитический стрептококк – 62%, жасылдандырушы – зеленящий стрептококк – 26%, гемолиздеуші – гемолитический срептококк – 12%). Солармен бірге басқа микроорганизмдердің (вейлонеллалар, лактобактериялар, ашытқыға ұқсас саңырауқұлақтар) де үлесі бар.
2 Жарақаттық - Көбінесе периодонтқа біраз күші бар жарақаттаушы ықпал бірақ рет әсер еткенде (тісті соғып алу, ұру, сүйек, тас, жеміс дәндерін кездейсоқ тістеу), сирек жағдайда аз күшті жарақаттаушы ықпал ұзақ уақыт әсер еткен жағдайда (биік қойылған пломбы, тік тістем, көп тістердің жұлынуы кезінде қалған тістерге шайнау күшінің түсуі, музыкалық үрлейтін аспаптардың алдыңғы тістерге қысымы, теріс әдеттер) дамиды.
3 Дәрілік - Қабынудың бұл түрі ұлпа қабынуын емдеген кезде күшті химиялық заттарды (мышьяк қышқылы, фенол, трикрезолформалин), жоғары концентрациялы антисептиктер ерітіндісін (формальдегид, гипохлорид, хлорамин ерітінділері, резорцин-формалин сұйықтығы) дұрыс қолданбау нәтижесінде дамиды.