29.Лейкоплакияның клиникалық көрінісі. Этиологиясы. Классификациясы. Лейкоплакия(сурет-5) (лейкоплакия - Leucoplakia) – беті кілегей қабықпен жабылған ағзалар немесе тіндер бетінде кездесетін, жабынды эпителийдің шамадан тыс мүйізгектенуімен және дәнекер тіннің созылмалы қабынуымен сипатталатын патологиялық үрдіс. Лейкоплакия кілегей қабықтың әртүрлі ұзақ әсер ететін ықпалдарға (физикалық, химиялық, механикалық және биологиялық) жауабы деп саналады.
«Лейкоплакия» (leuqos – белый, plaqva - бляшка) немесе «ақ тоға» терминін алғаш 1877 жылы дерматолог Швиммер енгізген.
Лейкоплакияның дамуында белгілі орын атқаратын себептер: ұзақ әсер ететін механикалық тітіркендіруші факторлар; темекі түтіні, ішімдік, гальваникалық ток. Ерін жиектерінде лейкоплакия ошағының дамуына себепкер күн сәулесінің, ауа-райының, шаң-тозаңның, шылым шегудің зиянды әсерлері.
Сонымен қатар патологиялық үрдістің дамуында жалпы организмнің, оның ішінде асқазан-ішек жолының жағдайымен тығыз байланыстылығы және ауыздың кілегей қабығының резистенттігінің үлкен маңызы бар.
Машкиллейсон А.Л. (1983) байқауынша лейкоплакиямен ауыратын адамдардың 88%-да асқазан-ішек жолдарының аурулары анықталған.
Лейкоплакия көбінесе 40-50 жастағы ер адамдар арасында кездеседі. Лейкоплакияның үш түрін ажыратады: жазық немесе қарапайым, верукозды және эрозиялы-жаралы. Бұл түрлердің бір-біріне ауысуы немесе бір адамның ауыз қуысы ішінде қатар кездесуі мүмкін. Лейкоплакия обыралды ауруға, оның ішінде факультативті түріне жатады.
30.Қызылиек асты қызылиек үсті тіс тастарының ауыз қуысы жағдайына әсері. Этиологиясы. Классификациясы. . Тіс қақтарының этиологиялық факторлары:сілекейдің жоғарылауы; - сілекейдің физика-химиялық қасиеттерінің өзгеруі; - организмдегі метаболикалық процестердің бұзылуы; - тамақтанудың бұзылуы; - АІЖ ағзаларының түрлі аурулары ; - кейбіреулерін ұзақ қолдану дәрілік заттар ; - стоматологиялық гигиеналық күтімнің жеткіліксіздігі және ауыз қуысы.
Минералданған (сурет-) тіс шөгінділері немесе тістің қатты шөгінділері (минерализованные или твердые зубные отложения) құрылу тегіне байланысты екі түрге бөлінеді: қызылиекүсті тіс тасы және қызылиекасты тіс тасы. Пародонты қалыпты жағдайдың өзінде адамдардың 80% әртүрлі дәрежеде тістің қатты шөгінділері орын алады. Қызылиекүсті тіс тасы жиірек кездеседі және 9-15 жас арасындағы балаларда 37-70% құрайды. Жасы 16-22 арасындағы жастарда қызылиекүсті тіс тасы 44-88%, ал 40-тан асқан адамдар арасында 86-100% жағдайда орын алады. Қызылиекасты тіс тасының құрылуы сирегірек, бірақ 40-тан асқан адамдардың әрқайсысында анықталады деуге болады.
Қызылиекүсті тіс тасы тіс бетінде қызылиек жиегінен жоғары орналасады, түс ақшыл немесе ақшыл-сары түсті, консистенциясы қатты немесе тығыздалған топырақтікіндей. Оның түсінің өзгеруі тағамдардың құрамындағы пигменттік заттарға және темекіге де байланысты болады.
Тіс тасының түсі ашықтау болса, консистенциясы да жұмсақ болады және көп мөлшерде құрылады. Қоюлау түсті тіс тасы қатты болып келеді, баяу және аз мөлшерде құрылады.
Қызылиекүсті тіс тасын сілекей типті тас деп те атайды. Себебі, бұл тастың құрылуына қажетті органикалық және минералды заттар сілекейден бөлінеді.
Қызылиекүсті тіс тасы көбінесе үлкен сілекей бездерінің шығарушы түтіктеріне жақын орналасқан тістер бетінде жиірек құрылады. Олар – жоғарғы үлкен азу тістердің ұрт жақ, төменгі күрек тістердің ерін жақ беттері.
Қызылиекүсті тіс тасының 70-90% бейорганикалық, ал қалған бөлігі органикалық заттардан тұрады. Бейорганикалық заттың құрамына кальций фосфаты (75,9%), кальций карбонаты (3,1%), магний фосфаты және өте аз мөлшерде басқа металдар туындылары кіреді. Бейорганикалық заттардың құрамында кальций 39%, фосфор 19%, магний 0,8% және карбонаттар 1,9% құрайды. Сонымен қатар микроэлементтердің үлкен тобы: натрий, цинк, стронций, бром, мыс, марганец, волфрам, алтын, алюминий, темір, фтор кіреді.
Бейорганикалық құрамның 2/3 бөлігін кристалды заттар немесе апатиттер (гидроксиапатит, магнийапатит, октакальций фосфат, брусит) құрайды.
Т.Л.Пилат және Б.А.Савостиннің (1983) зерттеулеріне сүйенсек, қызылиекүсті тіс тасының минералды компонентін үш түрлі апатит (гидроксиапатит, фторапатит, франколит) құрайды.
Тіс тасының құрылымдық белгілерінде әртүрлілік байқалады (А.А.Колесов, 1960) және оларды негізгі үш топқа бөлуге болады:
• кристалды-түйіршікті;
• центрленген-қабықтар пішіндес;
• колломорфты.
Тіс тасының кристалдыоптикалық қасиеті оның құрамындағы аморфты (органикалық) және кристалды заттардың пайыздық қатынасына байланысты. Құрамында минералды құрылымдар аз болған жағдайда тіс тасында кристалды-түйіршікті құрылым басым болады және кристалдар органикалық зат қабаттарында ретсіз орналасады. Кальций фосфаты көлемі 0,1-0,25 мм кеуекті түйіршіктер құрады.
Тіс тасы көптеп құрылған жағдайда ( -сурет) колломорфты және концентрленген – қабықты құрылымдарға ие болады. Бұл кезде органикалық және бейорганикалық заттар белгілі бір реттілікпен орналасады. Мұндай тіс тасынан шлиф жасап көргенде көпқабаттылық байқалады және ол тіс шөгінділерінің құрылу кезеңділігін көрсетеді. Тіс тасының колломорфты құрылымды кезінде кальций фосфаты қою-қоңыр түсті біраз көлемді жеке-жеке орналасқан, органикалық зат сіген шоғырлар түрінде орналасады.
Тіс тасының органикалық компонентінің құрамына протеин-полисахаридті кешен, түлеген эпителий клеткалары, лейкоциттер және әртүрлі микроорганизмдер кіреді.