2016 жыл №78 (7998) 4 Қазан сейсенбі



Pdf көрінісі
бет4/4
Дата03.03.2017
өлшемі15,08 Mb.
#6395
1   2   3   4

А.ДОСОВ

                 зейнеткер, Жаңақорған тұрғыны.

Өнер  өлкесіне  жастайынан  қадам  басқан  Манап  ақын  тек  қана  айты-

скер  емес,  сонымен  қатар  газеттің  штаттан  тыс  тілшісі,  мәдени  және  тари-

хи ескерткіштерді зерттеуші, халық мұрасын қастерлеп жинаушы болды. Аудан, 

облыс,  республиканың  мәдени  өміріне,  қоғамдық  істерге  белсене  қатысты,  тіпті 

облыстық кеңестің депутаты болған. 

Халық жанашыры, Манап Көкеновтің ақындық таланты ерте оянып, ең алдымен 

төңірегіне айтыс ақыны ретінде танылды. Манап Көкенов Әбжан Құрышжановпен 

тұңғыш айтысқа түскенде 15 жаста болған. Содан бері Манап 50 рет ақындар ай-

тысына қатысыпты. 

Академик-жазушы  Сәбит  Мұқанов:  «Халықтың  мәдени,  рухани  дәрежесін 

көтеруде  Көкенов  сияқтылар  көп  жерде  керек  екен-ау»  –  десе,  Қазақстанның 

халық  жазушысы,  көрнекті  ақын  Әбділдә  Тәжібаев  «Манаптың  бір  өзі  –  бір  те-

атр екен ғой» – деп жоғары баға беріпті. Бұл тек ақын-жазушылардың ғана емес, 

халықтың бағасы еді.

Жалпы,  бүгінгі  айтыс  достық  кездесу  негізінде  өткендіктен  қазылар  алқасы 

сайланбаған.  Тек  көрермендерді  салиқалы  сөзбен,  тұщымды  ой, 

шешендік өнерімен тәнті еткен айтыскерлер көптің көңілінен шықты. 

Кешке  жиналған  тыңдармандарды  ақындар  қасиетті  қара  сөздің 

қуатына қандырып, ащы шындықты әдемі сөзбен өрнектеп берді. 

Алғашқы жұп Жамбыл қаласының ақыны Әсет Дүйсебаев пен 

Оңтүстік Қазақстан облысының ақын қызы Карима Оралова бол-

ды. Қыз бен жігіт айтысына қанық болған жұртшылық қалжың мен 

қағытпаға ду қол соғып, ақын ізбасарларының талант қарымына 

куә  болды.  Айтыс  десе  делебесі  қозатын  қазақтың  қолдауы 

қашанда сахна төрінде отырған жандарға күш қуат, жігер мен ша-

быт сыйлайды. «Әп, бәрекелді», «шап», «жарайсың» деп айқайлап 

шулаған Манап ақынның жерлестерінің қарасы көп. Ұлттық өнерге 

деген  құрметін  жоғары  ұстаған  жұртшылықты  екінші  жұп  тіпті  таң 

қалдырды. Қасиетті сахнада үш жұп болып өнер көрсеткен айты-

скерлер Манап ақынның өткен өмір жолын үлгі етіп, бүгінгі 

ел жайын айта кетті. Алматылық ақын    Асхат Қылышбек 

пен тараздық Қанат Мырзахан және Сыр дүлдүлі Мұхтар 

Ниязов даланы жырмен, елді салиқалы сөзбен тербеді. 

Ақындарға  аудан  әкімінің  арнайы  «Алғыс  хаты» 

және бағалы естелік сыйлықтары табысталды.

Қорыта айтқанда, айтулы өнер додасы Манаптың 

атын  шалқытып  қана  қоймай,  айтыс  өнерінің 

өміршеңдігіне тағы бір көз жеткізді.



Әлібек ТЕМІРБЕК.

МАНАПТЫҢ ЕСІМІ МӘҢГІЛІК 

Қазақ қашанда ақынын қадірлеп

есімін ардақтап, өнегесін өшірмей, 

ұлықтай білген ұлы ел. Шындықтың шына-

ры, елдің елеулісі бола білген айтыскер ақындар 

әрқашан ұлт жадында мәңгіге сақталары анық. 

Жуырда Қаратау етегінде ел Тәуелсіздігінің 25 

жылдығы аясында  өткен Манап ауылдық клуб 

үйінде «Айтыстың ақтаңгері – Манап ақын» 

атты аймақтық ақындар айтысы осының бір 

дәлелі. Аудан әкімдігінің қолдауымен, мәдениет және 

тілдерді дамыту бөлімі, аудандық мәдениет үйінің 

ұйымдастыруымен өткен сайысқа елдің әр өңірінен 

айтыс дүлдүлдері ат басын бұрыпты.

  Қала  өзінің  2000  жылға  жуық  тарихында  қаңлылардың,  дешті-

қыпшақ хандығының (ХІ-ХІІ ғғ.),  Ақ Орданың (ХІІ-ХІV ғғ.), Әбілхайыр 

хандығының (ХV ғ.), Қазақ хандығының (ХVІ ғ.), астанасы болған. Әр 

заманда бірнеше рет жау шапқыншылығына тап болса да  қайта жан-

данып, өмір сүруін тоқтатпаған.

Өз заманында  Сығанақ нағыз сауданың қайнаған ортасы болған. 

Сығанақ  қаласынан  зиялы,  білімді  ғалымдар  да  көптеп  шыққан. 

Солардың    бірі  арабтанушы  Әбсаттар  қажы  Дербісәлінің    «Қазақ 

даласының жұлдыздары» ( 1995 ж) атты  ғылыми зерттеу еңбегінде, 

Ақсақ  Темірдің    Ахмет  Яссауи  мешітіне  қатысты  жазған  қолхатында 

кездесетін Шайқы баба Сығанақи да осы Сығанақ қаласының тумасы 

болатын. Бұл қалада өмір сүрген Хусам ад -Дин ас - Сығанақидың есімі 

аса  құрметпен  аталады.  Осы  қалада  Хусам  ад-Дин  ас-Сығнақидың  

үлкен атасы Һисамиддин де (1132-1199) өмір сүрген. Бұл ғалым өзінің 

атақты  шығармалары «Нихая» мен «Хидая» кітаптарын осы қалада 

жазғандығын шығыстанушы, неміс ғалымы К. Брокельман (1886-1956) 

өзінің ғылыми-зерттеу еңбектерде атап өтеді. Ғұламаның шет елдерде 

көптеген еңбектері табылып жатыр.

«Болса тәңірім екінші өмір қиғандай,

Сығанақта  көз  жұмар  ем  қиналмай».  Осы  өлең  жолдарында  

Сығанақ  қаласының  қаншалықты  қасиетті  екендігі 

аңғарылып тұр. Осыдан-ақ Сығанақты  ғұламалар мен 

хандардың,  мәдениет  пен  оқу  білімнің  рухани  азық 

алатын мекен ордасы болғандығын  байқауға болады.

Алғаш рет 1867 жылы орыс археологиялық комис-

сия шешімі   бойынша археолог П.И. Лерх Түркістан 

аймағындағы  ортағасырлық  қалаларды  қарап,  зерт-

теп шығуға мүмкіндік алады. Ғалым Сығанақта болып, 

оның  қай  жерде  орналасқаны  туралы  толыққанды 

ақпарат таратады.

1892  жылы  Е.А.  Смирнов,  1899  жылы  В.А.  Кал-

лаур,  1906  жылы  И.А.  Кастанье  осы  атақты  қаланы 

қарап, зерттеп шығады.

2003-жылдан  бастап  Ахмет  Яссауи  атындағы 

Халықаралық  қазақ-түрік  университетінің  про-

фессоры,  тарих  ғылымдарының  докторы  Сәйден 

Жолдасбаевтың 

басқаруымен 

қала 


орнында  

практикалық  –  зерттеу  жұмысы  жүргізіліп  келеді. 

Ал  Сығанақ  қаласынан  археологиялық  қазба 

жұмыстарында  табылған  жәдігерлер  мен  құнды 

заттар  осы  қазба  жұмыстарын  жүргізіп  жатқан 

археологтардың  қолында.  Бір  бөлігі  Қызылорда 

облыстық өлкетану мұражайына табыс етілген.

Көне  Сығанақты  қорғауға  арналған  мемлекеттік  статусы  бар 

мекеменің  жоқтығынан,  осында  табылған  жәдігерлерді  бір  жерге 

жинақтап  халық  игілігіне  ұсыну  өңірдегі  өзекті  мәселе  ретінде    ау-

дан  әкімінен  бастап  жоғарғы  мемлекеттік  органдарға  өтініш  хатпен 

шықтық.  Сығанақ  тарихи-мәдени  қорық-мұражайын  ашу  жайында  

мемлекеттік  қолдау көрсетуіне қатысты сұрау салдық. Осындай іздену 

нәтижесінде,    жақында  «Сығанақ  тарихи-мәдени  қорық-мұражайы» 

қоғамдық  бірлестігі  құрылып,  өз  жұмысын  бастап  кетті.  Мұражай 

құнды  жәдігерлердің  мекені,  осы  қасиетті  орынды    толықтыру  үшін, 

Сығанаққа қатысты кез-келген тарихи бұйымды аталмыш мұражайға 

тапсырсаңыз болады.

Қолдан-қолға,  атадан  балаға  мұра  болып  келе  жатқан  көне 

жәдігерді мұражайға табыстасаңыздар нұр үстіне нұр болар еді.  

Сонымен  қатар,  Республикалық  ғылыми  орталықтарда,  зертха-

наларда  т.б.  жақта  Сығанаққа  қатысты  мұралар  болса  осы  мекенге 

табыстасаңыз ол да ел тарихына тағлымды үлесіңіз. 

Мұражай тарихтың талбесігі. Ішіне енгенде өткеннің ызыңына құлақ 

түріп, көмбесіне куә боласың, қолмен ұстап, жүрекпен бекемдерің хақ. 

Көне  Сығанақ  қалашығындағы  тарихи-мәдени  жәдігерлерді 

жинақтауға,  зерттеуге,  тарихи  құндылықтарымызды  кейінгі  ұрпаққа 

КӨНЕ ТАРИХ КӨМБЕСІ

ТОҒЫЗ ЖОЛДЫҢ ТОРА-

БЫНДА ЖАТҚАН СЫҒАНАҚ 

ҚАЛАСЫНЫҢ ҒҰМЫРЫ СОНАУ 

АЛҒАШҚЫ ОРТА ҒАСЫРДАН 

БАСТАЛҒАН. ҚАЛАНЫҢ 

ҒҰМЫРЫН ДӘЛ ҚАЙ ҒАСЫРДА 

БАСТАЛҒАНДЫҒЫН ДӨП БА-

СЫП АЙТУ ҚИЫН. ӨЙТКЕНІ 

ОҒАН АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ 

ҚАЗБА ЖҰМЫСЫ ТОЛЫҚ 

ЖҮРГІЗІЛМЕГЕН, ТЕК ҮСТІНЕН 

ТЕРІП АЛЫНҒАН КӨЗЕЛЕРДІҢ 

СЫНЫҚТАРЫНА ҚАРАП V-VI 

ҒАСЫРЛАРДА ӨМІРІ БАСТАЛҒАН 

ДЕГЕН ЖОРАМАЛМЕН АЙТЫЛЫП 

ЖҮР. Х ҒАСЫРДЫҢ АЯҒЫНДА 

ПАРСЫ ГЕОГРАФТАРЫНЫҢ 

ДЕРЕКТЕРІНДЕ «СУНАХ» ДЕ-

ГЕН АТТЫ КЕЗДЕСТІРЕТІНДІГІН 

А. ЯКУБОВСКИЙ ӨЗІНІҢ 

ЕҢБЕКТЕРІНДЕ («РАЗВАЛИНЫ 

СЫГНАКА» 1929 Г.) КЕЛТІРЕДІ. 

АЛ, ХІ ҒАСЫРДА  СЫҒАНАҚТЫ   

МАХМУТ ҚАШҚАРИ ӨЗІНІҢ  

«ТҮРКІ ТІЛІНІҢ СӨЗДІГІ» 

(1072-1074 ЖЖ) ЕҢБЕГІНДЕ 

ЖАЗҒАН. СОНЫМЕН ҚАТАР ХІ-

ХІІ ҒАСЫРЛАРДА ҚАРАХАНИД 

МЕМЛЕКЕТІНІҢ КЕЗІНДЕГІ ЖАЗ-

БА ДЕРЕКТЕРДІҢ БАРЛЫҒЫНДА 

ҚАЛАНЫҢ АТЫ ЖИІ 

КЕЗДЕСІП ОТЫРАДЫ.

насихаттауға,  өңірде  туристік  кластерді  дамытуға  және 

басқа  да  қоғамдық  маңызға  ие  мәдени-көпшілік  шаралар-

ды  ұйымдастырғауға  үлес  қосқандардың  еңбектері  ескерусіз 

қалмайтынын  да  ескертеміз.  Мұражайдың  қорын  молайтуға  

атсалысайық ағайын!

                                 



ӘЛІМЖАН ЕРЖАН,

«Сығанақ тарихи-мәдени 

қорық мұражайының» ғылым  жөніндегі  жетекшісі 

«СЫҒАНАҚ» –




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет