2016 жыл №78 (7998) 4 Қазан сейсенбі



Pdf көрінісі
бет1/4
Дата03.03.2017
өлшемі15,08 Mb.
#6395
  1   2   3   4

АУДАНДЫҚ ҚОҒАМДЫҚ - САЯСИ ГАЗЕТ

2016 ЖЫЛ

№78 (7998)

4 ҚАЗАН

СЕЙСЕНБІ

БИЛІК ПЕН БҰҚАРА



Қаныбек ӘБДУОВ.

Шындығында,  жайылым  да,  суармалы 

алқап та жекенің қолында тұр. Жердің же-

кеге өткені жөн-ақ, бірақ өзі де, өзге де оны 

пайдалана  алмаса  топырақ  тозып,  жер  аз-

бай  ма?  Мәселенің  төркіні  осында  жатыр. 

Бүгінде  орман  қорына  қол  салуға  заңмен 

тыйым  салынған.  Әйтпесе  оған  да  бас 

салуға  бар.  Туасы,  жер  туралы  шырғалаң 

шаруа көп!

Енді  ел  ішіндегі  екіұдай  пікірді 

тарқатайық.  Шүкір,  аудан  орталығында 

тұрамыз,  интелегенцияның  орталығы.  Өріс 

бар,  өсу  жоғары.  Әлеуметтік  жағдайы  кері 

кеткен  кісі  некен  саяқ.  Әсілі,  аяқ-қолы  сау 

адамның  мемлекетке  алақан  жая  бергені 

сүйекке ұят. Көз қорқақ, қол батыр қасиеттің 

қадірін ұмытпағаны керек. Шынтуайтынына 

келгенде, арба айдаған аштан, кәсіп игерген 

көштен қалмайды. 

Кентте  керемет  жобалар  жүзеге  асып 

жатыр.  Көше  кеңейіп,  жол  жағдайы 

жақсарып  келеді.  Орталық  көшелердің 

тазалығы 

мен 

талабын 


сақтауға 

тұрғындардың  ықыласы  төмен  тартып 

тұр.  Өз  үйін  әктеуге  құлықсыз,  қора-

қопсысын жөндеуге мойны жар бермейді. 

Біреудің  істегенін  күтетін  бой  тасалағыш 

та  бар.  Бұл  мәдениетсіздік!  Итің  жаман 

дегенге  намыстанатын  халық  едік,  үйіңді 

дұрыста  дегенге  қыңқ  етпегені  қалай? 

Бақсақ,  көше  бойғы  үйлердің  жағдайы 

ала-құла,  арасында  құлау  қаупіне  жақын 

тұрғаны  да  бар.  Ауласына  бір  түп  ағаш 

қадамай,  жер  қадірін  қашырғаны  қанша? 

Ешкім  біреу  үшін  өмір  сүрмейді,  әркім  өз 

игілігін өзі игеруге жауапты, біз өркениетті 

заманның  өкіліміз,  уақытқа  ілесіп,  жаңаша 

жетіліп,  жан-жағымызға  жанашырлықпен, 

жауапкершілікпен қарау қажет.

  Ал,  енді  ортақ  мүдде  жайлы.  Апта 

сайын 

сенбілік 



ұйымдастырылып 

келеді.  Жалпы,  сенбілік  –  мемлекеттік 

мекемелердің  міндеті  емес,  олар 

қоғамдық 

орындардың 

тазалығын 

сақтауға  үлес  қосу  үшін  қосылады. 

Осы  жауапкершілікті  тұрғындар  неге 

сезінбейді?  Кент  –  бәрімізге  ортақ 

қоныс  емес  пе?  Айтары  бар  ақсақал 

қайда,  әрбір  шаңырақтың  әзиз 

әкесі  қайда?  Бас  болып,  басу  айта-

тын баһадүр ағалар бар ма? Ұлдың  

ұяты  әкесіне  тиеді  деп  дәріптеген  

данышпан халықтың ұрпағысыздар 

ғой, осыны неге түсінбейміз?

Сенбі 

күнгі 


сенбілікте 

«Жаңақорған  тынысы»  газеті 

редакциясының  ұжымына  темір 

жол жүйесі жиегін тазалауды тап-

сырды. Менде іштей реніш туды. 

Бұл аумақ жекенің иелігінде ғой. 

Олар міз бақпай отыр. Сонда біз 

неге  тазалауға  тиіспіз.  Осыдан 

кейін  ой  келді:  Жер-жекенікі  де,  қоқыс  – 

қоғамдыкі ма деген. Ұят-ақ!



БІЛІМ

 – ӨРКЕНДЕУДІҢ 

ӨРІСІН 

КЕҢЕЙТЕДІ

БІЛІМ

 – ӨРКЕНДЕУДІҢ 

– Өздеріңіз білетіндей, 2013 жылдың 

1  –  қаңтарына  дейін  бізде  апаттық 

жағдайдағы  37  мектеп  болды.  Ал, 

ағымдағы  жылы  жергілікті  бюджет 

қаражаты есебінен біз соңғы 12 мектептің 

құрылысын бастадық. Олардың 5-ін осы 

жылы  пайдалануға  беруді  жоспарлап 

отырмыз,  ал,  қалғанын  2017  жылдың 

бірінші  жартыжылдығында  пайдалануға 

беретін боламыз, – деді облыс басшысы.

Айта  кететіні,  Манап  ауылдық 

округіне қарасты Талап бекетіндегі №254 

негізгі  мектептің  жаңа  ғимаратының 

тұсауы  жаңа  оқу  жылы  қарсаңында 

кесілді. 100 орынға арналған екі қабатты 

мектептің ашылуына арнайы облыс бас-

шысы қатысқан болатын.

– Білім беру саласында төртінші жыл 

қатарынан бірлесе жүргізіп отырған білім 

сапасын  арттыру  жұмыстары  жақсы 

нәтижесін беруде.

Нәтижесінде  ҰБТ  қорытындысы  бой-

ынша  орташа  балл  жыл  сайын  артып 

келеді.  Биыл  облыс  бойынша  орташа 

балл  82,7-ге  жетті,  бұл  республикалық 

орташа көрсеткіштен де (81,2) жоғары.

143  бітіруші  түлек  «Алтын  белгі» 

иегері  атанды  –  бұл  да  өткен  жылға 

қарағанда  көп  (2015  ж.  –  139),  –  деді 

аймақ басшысы.

ҰБТ көрсеткіші бойынша Жаңақорған 

ауданының  көрсеткіші  жаман  емес. 

Мәселен,  2016  жылы  «Алтын  белгі»  са-

нымен  облыста  көш  бастаса,  ҰБТ  бой-

ынша  83,6  балды  жинап,  өңірде  екінші 

орыннан көрінді. 

Естеріңізде  болса,  осыдан  екі-үш 

жыл  бұрын  Жаңақорған  ауданы  көштің 

соңында  жүретін.  2012  жылы  ҰБТ 

қорытындысы бойынша ауданның орташа 

балл көрсеткіші – 60,2, 2013 жылы – 70,3 

балды  құрады.  2015  жылы  соңғы  орын-

нан  төртіншіге,  2016  жылы  төртіншіден 

екіншіге жоғарылады. Демек, білім сала-

сында ілкімді жұмыстар мен серпіліс бар. 

Мұны «Алтын белгі» санымен де өлшеуге 

болады.  2014-2015  оқу  жылы  –  10  «Ал-

тын белгі» иесі үмітті ақтаса, биыл 19-ға 

жетті.


Жаңақорғандық оқушылар облыстық, 

республикалық  пәндік  олимпиадаларда 

оза шауып жүр. Сондай-ақ, халықаралық 

ғылыми-танымдық 

конференцияларда 

үздік  қырларынан  таныла  бастады.  Бұл 

білім  саласы  дамудың  даңғыл  жолына 

түскенін дәлелдейтіндей. 

–  Облыс  әкімінің  негізінен  ауылдық 

әлеуметтік  жағдайы  төмен  көпбалалы 

отбасылардың  балаларына  арналған 

365  грант  беруді  де  жалғастырып  от-

ырмыз.  Ал,  осы  жылы  осы  гранттарды 

аз  қамтамасыз  етілген  отбасыларынан 

шыққан тағы 135 бала иеленді (барлығы 

– 500 бала).

«Серпiн»  бағдарламасы  бойынша 

жыл сайын оқу грантын  жеңіп алған ба-

лаларымыз  республика  бойынша  үздік 

нәтижелер көрсетуде.

Осылайша,  биылғы  жылы  мектеп 

бітіруші  түлектердің  95  пайызы  жоғары 

оқу  орындары  мен  колледждерге  оқуға 

түсті.  Оның  үстіне  олардың  жартысы 

жоғары оқу орындарында грант негізінде 

білім  алуда,  –  деді  мәслихаттың  кезекті 

сессиясында Қ.Көшербаев.

Мемлекеттік 

грантқа 

– 

255, 



«Серпінге» – 191, облыс әкімінің гранты 

бойынша – 3 талапкер жоғары мектепте 

білім алуда. 

P.S.: Дамыған мемлекеттер білімді – 

стратегиялық қару ретінде пайдалануды 

басшылыққа  алып,  бұрын-соңды  жетпе-

ген жетістіктерге қол жеткізді. Оған кос-

мосты  игеруі,  робот  технологияның  да-

муы дәлел бола алады. Қазақстандықтар 

бұл  көште  өздерін  дәлелдей  бастады. 

Бәлкім, Тәуелсіз елдің еркін ойлы жаста-

ры  бұл  көште  өзіндік  орнын  алатын  бо-

лар.  Себебі,  білім  саласына  бетбұрыс 

ерекше сипат алып келеді.

ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ КЕЗЕКТІ СЕССИЯСЫНДА ОБЛЫС ӘКІМІ 

ҚЫРЫМБЕК КӨШЕРБАЕВ БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНА ЕРЕКШЕ ТОҚТАЛДЫ. ӨҢІР 

БАСШЫСЫНЫҢ СӨЗІНЕ ҚАРАҒАНДА, ҮШ АУЫСЫМДЫҚ МЕКТЕП МӘСЕЛЕСІ 

2014 ЖЫЛЫ ШЕШІЛДІ, АЛ, 2015 ЖЫЛЫ 3-6 ЖАС АРАЛЫҒЫНДАҒЫ

БАЛАЛАР 100 ПАЙЫЗ БАЛАБАҚШАМЕН ҚАМТЫЛДЫ. 2017 ЖЫЛЫ 

АПАТТЫҚ МЕКТЕПТЕРДІҢ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІМІН ТАБАДЫ.

Нұрлат БАЙГЕНЖЕ.

РЕДАКТОР БАҒАНАСЫ



ЖЕР – ЖЕКЕНІКІ, 

ҚОҚЫС –

ҚОҒАМДЫКІ

АДАМНЫҢ ОЙЛАУ МҮМКІНДІГІ КЕҢ 

КЕҢІСТІКТІ ШАРЛАЙ АЛАДЫ. СОЛ 

СЕКІЛДІ КЕЙ КІСІДЕ ТАР ҰҒЫММЕН ШЕК-

ТЕЛУ ДЕ БАР. ЯҒНИ, САМАРҚАУ САНА 

МЕН САМҒАУ САНАНЫҢ АРАЛЫҒЫНДАҒЫ 

АЛШАҚ АРАЖІКТІ АҢҒАРАМЫЗ. МҰНЫ  

ЖЕР ТЕЛІМІ ЖӨНІНЕН БӘСЕКЕЛЕСТІК 

БАЙҚАТТЫ. ҚОЛЫ ҰЗЫН МЕН БЕДЕЛ 

БИІГІ БАРДЫҢ ЖОЛЫ БОЛҒАН ЕКЕН. 

ҚОЛДАН КЕЛІП ТҰРҒАСЫН ҚОНЫШТАН 

БАСҚАН ҒОЙ. СОНЫҢ СЫБАҒАСЫ МЫ-

НАУ: ЖАҢАҚОРҒАНДА ЖАС КӘСІПКЕР 

ҮШІН БОС ЖЕР ЖОҚ! СІЗ СОҒАН СЕНЕР МЕ 

ЕДІҢІЗ, СЕНБЕСЕҢІЗ ОНЫҢ ЕСЕБІН, НАҚТЫ 

ИЕСІН ӘЛІ БІЛМЕЙ КЕЛЕМІЗ. ҚҰЖАТТЫҚ 

ҚОЖАЙЫНЫ – ҚАРАПАЙЫМ АДАМ!

Қызылорда 

облысының 

әкімі 


Қырымбек  Көшербаев  қала  қонақтарына 

ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналып 

салынған Рәміздер алаңын көрсетті. 

– Мынау өздеріңіз көріп тұрғандай жу-

ырда  Қала  күні  мерекесінде  ел  игілігіне 

пайдалануға  берілген  Рәміздер  алаңы. 

Аумағы  3  гектар  жерді  алып  жатқан  бұл 

алаңда Елтаңбамыз, Әнұранымыз және 60 

метр биіктікте көтерілген көк байрағымыз 

орналасқан.  Жалпы  құны  326,4  млн. 

теңгені    құраған  жоба  ел  Тәуелсіздігінің 

25 жылдығына орай салынған. Дарияның 

жағалауына  орын  тепкен  бұл  нысан 

шаһарымыздың  шырайын  арттырып  тұр. 

Сол жақ жағалауда 93 мың халық тұратын 

жаңа  қала  бой  көтереді.  Өйткені,  халық 

саны  көбейіп  келеді.  Осыдан  үш  жыл 

бұрын  облыста  туу  көрсеткіші  6,7  пайыз 

болса, қазір ол 10,4 пайызды құрап отыр. 

Бүгінде  халық  саны  800  мыңға  жетті. 

Сонымен  бірге,  құрылыс  нысандарын, 

тұрғын  үй  салу  жағынан  да  Астанадан 

кейін  екінші  орындамыз.  Күні  кеше  Қала 

күні мерекесіне орай «Сәулет» шағын ау-

данынан  360  пәтерлік  7  үй  пайдалануға 

берілді.  Былтыр  53  көпқабатты  үй  салы-

нып, биылдың өзінде 80 көпқабатты үйдің 

құрылысы жүргізілуде. Жаңа жылға дейін 

оның  67-сі  табысталады  деп  отырмыз. 

Осылайша  соңғы  екі  жылда  тұрғын  үй 

кезегінде тұрған азаматтардың 28 пайызы 

облыс  орталығынан  баспаналы  болады. 

Тұрғын  үй  құрылысында  мұндай  серпіліс 

бұрын-соңды  болған  емес.  «Бәйтерек» 

ықшам  ауданының  980  гектар  болатын 

аумағына  6600  жер  учаскесі  орналасты-

рылады.  Онда  болашақта  36  мың  адам 

қоныстанады. Бұл да тұтас бір шағын қала 

десе болады, – деді өңір басшысы. 

Сондай-ақ, оларға күріш өнімдері мен 

түйіршіктелген  құрама  жем  шығаратын 

«Жан-Арай Жем» зауыты таныстырылды. 

Айта  кететіні,  «Жан-Арай  Жем»  зауыты 

2015 жылдан бері мемлекеттік және жеке 

әріптестік негізде жұмыс жасап келеді.

Кешен тәулігіне 60 тонна күріш ақтап, 

80  тонна,  жылына  30  000  тонна  құрама 

жем өндіруге қауқарлы. Мұнда күріштердің 

«Янтарь»,  «Маржан»,  «Лидер»  сорт-

тары  ақталып,  республика  көлемі  мен 

Түркменстан,  Ресей,  Қырғызстан  секілді 

мемлекеттерге шығаруда. Жем зауытының 

өнімі де сапалы, техникалары тың. 

Сыр  еліне  арнайы  келген  делега-

ция  мүшелері  сапар  барысында  «Ата-

мекен»  отбасылық  үлгідегі  балалар  ау-

ылында  болды.  Қызылорда  облысының 

әкімі  Қырымбек  Көшербаев  пен  Жам-

был  облысының  әкімі  Кәрім  Көкірекбаев 

бастаған  қонақтар  алдымен  «Үшқоңыр» 

деп аталатын Әуезхановтардың отбасын-

да  болып,  ондағы  балалармен  танысты. 

Отанасы Ләззат Тышқанбаева оқу үлгерімі 

мен жетістіктері жайлы келген қонақтарға 

айтып берді. Үлкені Евгений – 15 жаста. Ба-

лалар өздерінің естелік кітабына Жамбыл 

облысының әкімі Кәрім Көкірекбаевтың ақ 

тілегін жаздырып алды. 

Сондай-ақ, 

шыны 


зауытының 

құрылысы  және  «Достық»  үйінің  жаңа 

ғимаратымен танысты.

Қызылорда қаласының әкімі Нұрлыбек 

Нәлібаев  шаһардың  дамуы  мен  сол 

жағалауды  игеру  жобасы  жөнінде  ба-

яндама 

жасады. 


Сонымен 

қатар 


қонақтар  Қызылорда  облысы  әкімдігінің 

ситуациялық  орталық  жұмысымен  таны-

сты.

Шара 


соңы 

Нартай 


Бекежанов 

атындағы  қазақ  музыкалық  драма  теа-

трында Жамбыл облысы өнерпаздарының 

қатысуымен 

өткен 

концерттік 



бағдарламамен аяқталды.

Дайындаған Жұпар 



ШАЙМЕРДЕНОВА.

СЕНІМГЕ СЕРПІН ҚОСҚАН 



СЕРІКТЕСТІК

Ең...


Ерубай ҚА

ЛДЫБЕК.

«НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫ АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫ 

ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ, АУДАНДЫҚ 

МӘСЛИХАТТЫҢ ДЕПУТАТЫ МӘЖИТ БАЛҚОЖАЕВ 

«ЖАҢАҚОРҒАН ТЫНЫСЫНЫҢ» БЕЛСЕНДІ ОҚЫРМАНЫ 

ҒАНА ЕМЕС, БАСЫЛЫМНЫҢ ТАРАЛЫМЫ АРТУЫН 

ҚОЛДАП, ҚУАТТАЙТЫН, СОҒАН ЖАНАШЫРЛЫҚ ТАНЫ-

ТЫП ЖҮРГЕН ТҰЛҒА. ӘРИНЕ, МӘЖИТ БАЛҚОЖАҰЛЫ 

СЕКІЛДІ ЖАНАШЫР ОҚЫРМАНЫ БАР БАСЫЛЫМ 

ҚАШАНДА САПАЛЫ ДА САНАЛЫ МАТЕРИАЛДАРДЫ 

ЖАРЫҚҚА ШЫҒАРУҒА ӘЗІР.

ҚЫЗЫЛОРДАДАҒЫ 

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ 

КҮНДЕРІНЕ ОРАЙ 

ЕКІ АЙМАҚТЫҢ БАС-

ШЫЛАРЫ КӘРІМ 

КӨКІРЕКБАЕВ ПЕН 

ҚЫРЫМБЕК КӨШЕРБАЕВ 

ӘРІПТЕСТІК ЖӨНІНДЕГІ 

МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ 

ҚОЙДЫ. СОНДАЙ-АҚ, 

ҚАЛАДАҒЫ БІРҚАТАР 

ӘЛЕУМЕТТІК НЫ-

САНДАРДЫ АРА-

ЛАП, ӘЛЕУМЕТТІК-

ЭКОНОМИКАЛЫҚ 

ЖАҒДАЙЫМЕН ТА-

НЫСТЫ. БҰЛ ТУРАЛЫ 

ОБЛЫСТЫҚ ӘКІМДІКТІҢ 

БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ ХА-

БАРЛАДЫ.

БАСПАСӨЗ – 2017

СОНДА ҚАЛАЙ?


МЕКТЕБІМ – 

МАҚТАНЫШЫМ

Күн  сайын  жаңарып,  күн  сайын  кемелден-

ген  сана  мен  салттың  цивилизациясы  отандық 

оқу  ордаларының  алдына  жаңа  білім  моделіне 

көшу  талабын  қойып  отыр.  Осы  бағытта  іс-

тәжірибелерін  байытып,  жаңашыл  мазмұнда 

жұмыс 

жасап 


отырған 

ұстаздарымыздың 

шәкіртіне жүктер жауапкершілігі де артып отыр. 

Бұл – өмір талабы.

Менің  ойымша,  білім  саласы  ең  алдымен 

тәртіпке тәуелді. Бұл бағытта алтын ұямыздың ат-

мосферасын айшықтап, оқушы ережесінің этика-

сын сақтауды құрметтеуді міндеттейді.

Екі  тілде  білім  беретін  орталықтағы  жалғыз 

білім ошағында оқитын бала саны көп бола тұра 

бірлігіміз  жарасқан,  көш  басына  таласқан  биік 

деңгейлі  жетістіктеріміз  мектеп  директоры  Ал-

лаберген  Ахметовтың  талапты  басшылығының 

жемісі деуге  толық негіз бар. Шәкірттерге бала-

сындай  қамқорлық  жасап  келе  жатқан  үлкен 

жүректі  ұстаздарымыз  –  Сәуле  Жанадилова, 

Шин  Ольга  Григорьевна,  Машрап  Қошқаров, 

Шолпан  Ромашева,  Айгүл  Тұрғанбаева, 

Ғалымжан  Рүстемов,  Назгүл  Әбілқасымова 

сынды  ұстаздар  туралы  алдыңғы  толқын 

ағалардың  да  риясыз  ықыласына  сан 

мәрте  куә  болып  жүрміз.  Осы  мектеп-

те  оқығанымызды  мақтаныш  етіп  қана 

қоймай ұстаз үмітін ақтауға ұмтыламыз. 

Сынып 

жетекшіміз 



Қарлығаш 

Абдрасилованың  шәкіртіне  жүрегін  үзіп 

берер мейіріміне бәріміз қарыздармыз.

Нақ 


қазіргі 

күндері 


мектеп 

бітірушілерді жалғыз сұрақ мазалап жүр. 

Ол  ҰБТ  сынағы  жөнінде.  Оқушы  білімін 

3  сағаттық  сынақ  қана  айқындамайды, 

ол – өмірлік азық. Сондықтан ең басты-

сы,  білімге  ұмтылуымыз  керек.  Мектеп 

бағдарламасын толық игерген түлек қандай сын-

нан да тайсалмайды.



Шайхмұрат ШАЙЫН.

2

4 қазан, 2016 жыл

Өмірінің  32  жылын  ұстаздыққа  арнаған  мерейлі 

жан  Іскендір  Құдияров,  Сәуле  Ілиясова  және  т.б 

ұлағатты ұстаздардан тәлім алып, оқушыға қонымды 

білім берудің әдіс-тәсілдерін меңгереді. 

– 1984 жылы А.Романов атындағы №53 орта мек-

тепке қызметке орналастым. Сол жылдары білім сала-

сына еңбегі сіңген І.Құдияров ағадан ұстаздық өнердің 

қыр-сырын  білдік.  Жұмысқа  орналасқаннан  кейін 

араға екі жыл салып жоғары сыныптарға сабақ бере 

бастадым.  Маған  үлкен  жұмысты  жауапкершілікпен 

тапсырғаны  өз-өзімді  қамшылауға  күш  берді.  Со-

дан  бері  оқушыларға  математикадан  сапалы  да  са-

налы  білім  беруге  тырысып  келемін,  –  деді  Кәмила 

Өмірбекқызы.

Ол  осы  жылдар  ішінде  екі  «Алтын  белгі»,  үш 

«Үздік аттестат» иесін біліммен сусындатыпты. 

–  5-сыныптан  алған  оқушыларым  есепке  жүйрік 

болып,  білімін  түрлі  олимпиадаларда  дәлелдеп 

жүр.  2002  жылы  Фархат  Жантілесов,  2010  жылы 

Жандос  Ахметов,  2014  жылы  Жазира  Қиас  «Үздік 

аттестатқа»  лайықты  болса,  Қайрат  Жұмабаев  пен 

Мырза  Сәрсенбек  «Алтын  белгіні»  қорғады.  Әрине, 

білімді  оқушылардың  биік  дәрежеден  көрінуде 

өзге  ұстаздардың  еңбегі  зор.  Дегенмен,  матема-

тика  күрделі  әрі  қиын  сабақ  болғандықтан  мектеп 

басшылығы  менің  еңбегімді  жоғары  бағалайды,  – 

дейді кейіпкеріміз.

– Кәмила апай балаға білім мен тәрбие беру ісінде 

заман  талабынан  қалмай,  шәкірт  жүрегіне  жол  таба 

білген тәжірибелі ұстаз. Апай осындай қасиеттерімен 

ұжым  арасында  да  ерекше  құрметті,  сыйлы  адам. 

Сонау  1984  жылдан  бері  білім  саласында  қызмет 

етіп  келе  жатқан  Кәмила  апайдың  жетістіктері  де 

мол.  Осы  жылдар  аралығында  аудандық,  облыстық 

білім  бөлімдерінің  құрмет  грамотасымен  бірге  аудан 

әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталды, – дейді мек-

теп директоры Нарымбет Көлжанов. 

Ұстаз  мерейі  –  шәкірт  білімімен,  жетістігімен 

өлшенсе,  оның  өнегесін,  тәлім-тәрбиесін  бойы-

на  сіңірген  облыстық  денсаулық  сақтау  басқармасы 

басшысының  орынбасары  Ж.Абдусаметов,  аудандық 

ішкі  істер  бөлімінің  басшысы  С.Қарынбаев  секілді 

алғашқы түлектері адал қызмет атқарып, ел алғысын 

алып жүр.

Кәмила  апай  өзінің  жылдар  бойы  жинақтаған  іс-

тәжірибесін  әріптестерімен  бөлісіп  отырумен  қатар, 

білім берудің педагогикалық әдістерін ұжымдағы жас 

мұғалімдерге үйретуге баса мән береді екен.

Мектеп  директорының  орынбасары  Гауһар 

Бейтібаева:  «Кәмила  апайдың  мектепке  сіңірген 

еңбегі  зор.  Ол  кісі  кешегі  кәңігі  кәсіби  мамандарды 

мен  жас  мамандар  сабақтастырушы  ұстаз  болуымен 

құрметті.  Себебі,  №53  орта  мектептің 

атын  дәурендеткен  ұстаздармен  бірге 

қызмет  етіп,  олардың  тәжірибесіндегі 

әдіс-тәсілдерді 

жас 


мұғалімдерге 

үйретіп  жүреді.  Бір  сөзбен  айтқанда, 

заманауи  білім  беру  мен  аралас  білім 

беруді сабақтастырып беруде апайдың 

өзіндік үлгісі бар», – деді. 

Сондай-ақ, Нұрхан Топаев, Гүлмира 

Адырбекова,  Раушан  Құдиярова,  Мар-

хабат  Перимова,  Виктор  Ногай  және 

т.б  білікті  ұстаздар  оқушылардың  са-

палы  білім  алып,  тестілеуде  жоғары 

көрсеткіштер  көрсетуге  атсалысу-

да.  Осындай  білікті  ұстаздар  қызмет 

ететін мектептің де білім саласындағы 

жетістігі  аз  емес.  Мәселен,  2016  оқу 

жылы  ҰБТ-ға  қатысқан  оқушылардың 

ішінде  үшеуі  мемлекеттік  грантқа,  ал-

тауы  «Серпін»  бағдарламасы  бой-

ынша  оқуға  түсті.  Соның  ішінде,  114 

балл  алған  М.Сәрсенбек  Қ.Сәтпаев 

атындағы ҚазҰТУ білім алуда. 

Жалпы, 

оқушының 



осындай 

жетістіктерге  қол  жеткізуіне,  ата-ана 

сенімін жоғалтпай, уақытпен санаспай 

еңбек ететін ұстаздарымыз көптеп са-

налады.  Ұстаз  болу  дегеніміз  –  бұл 

жүрек  жылуын,  мейірімін,  білім  нәрін, 

адамдық  қасиеттерін  бала  бойына 

сіңіре білу деген сөз. 



Расул ӘДІЛБЕКОВ. 

КӘМИЛАНЫҢ 

КӘСІБИ КӨКЖИЕГІ

ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН: «МЕН ҮШІН ЖАҚСЫ 

МҰҒАЛІМ БӘРІНЕН ДЕ АРТЫҚ, ӨЙТКЕНІ 

МҰҒАЛІМ-МЕКТЕПТІҢ ЖҮРЕГІ», ДЕПТІ. 

АЛ, ФРАНЦУЗ ЖАЗУШЫСЫ ДЕНИ ДИДРО: 

«ЖАҚСЫ ҰСТАЗҒА ҚАНДАЙ ҚАСИЕТТЕР 

ТІЛЕУГЕ ТИІСПІЗ? ӨЗІНІҢ ОҚЫТАТЫН 

ПӘНІН ТЕРЕҢ БІЛУДІ, АДАЛ ДА СЕЗІМТАЛ 

ЖАН ДҮНИЕСІ БОЛУЫН…», ДЕЙДІ. ОСЫ 

АЙТЫЛҒАНДАР КӘМИЛА ҚҰЛЫМБЕТОВАҒА 

АРНАП АЙТЫЛҒАНДАЙ. 

НЕМІСТІҢ АТАҚТЫ МАТЕМАТИГІ КАРЛ ГАУССТЫҢ: 

«АРИФМЕТИКА – МАТЕМАТИКАНЫҢ, АЛ, МАТЕМАТИ-

КА – ҒЫЛЫМДАРДЫҢ ПАТШАСЫ» ДЕГЕН ТҰЖЫРЫМЫ 

БАР. СОНДЫҚТАН МАТЕМАТИКАНЫ МЕҢГЕРУГЕ  

ЕКІНІҢ БІРІ ҚАБІЛЕТТІ ЕМЕС. ЯҒНИ, МАТЕМАТИК 

БОЛАТЫН ТҰЛҒАНЫҢ ТАНЫМЫ ТЕРЕҢ, ОЙ-ҚИЯЛЫ 

ҰШҚЫР БОЛАДЫ. СОНДАЙ ШЕШУСІЗ ЕСЕПКЕ ҚҰМАР, 

ЛОГИКАСЫ ЗЕРЕК ТҰЛҒАНЫҢ БІРІ – №160 ОРТА   

МЕКТЕПТІҢ  МАТЕМАТИГІ АБЗАЛ ҚОШАНОВ. 

Ол  мектеп  табалдырығында  жүріп-ақ,  өзінің 

математикаға деген құштарлығын, бейімділігін тани білді. 

Қазақ математигі Асқар Жұмаділдаевты пір тұтып, оның 

ерекше  зейіні  мен  азаматтық  қасиетін  артық  қойды. 

Соның  нәтижесінде,  бала  арманы  ақиқатқа  айналып, 

өзі  де  өзгеге  үлгі  боларлық  ұстазға  айналды.  Манап 

аулындағы  №160  орта  мектепті  аяқтай  сала,  Қ.Яссауи 

атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетіне «ма-

тематика» мамандығына оқуға түседі. 2008 жылы үздікке 

бітіріп,  Түркістандағы  №8  Нәзір  Төреқұлов  атындағы 

білім ордасында алғаш еңбек жолын бастады. «Туған жер 

– тұғырың» дегендей, Абзалды балалық балдәурен өткен 

жерге тартты да тұрды. Ақыр аяғы өзі білім алған №160 

білім ордасына мұғалімдік қызметке ауысты.

Хакім Абай «адамның адамшылығы жақсы ұстаздан» 

десе,  Ыбырай  Алтынсарин  «маған  мұғалім  бәрінен 

қымбат, өйткені ол – мектептің жүрегі» деген екен. Яғни, 

күллі оқушы тәлім алатын педагог атаулыға артылар жүк 

қашанда ауыр. Біздің кейіпкер мұндай жауапкершілік пен 

сенім үдесін жете түсінеді. 

Бүгінгі  заманның  басты  талабы  –  білім  биігіне 

ұмтылған,  заманауи  технологияны  жетік  меңгерген 

жаңашыл  ұстаз  болса,  Абзал  бұл  салада  белсенділік 

танытып  келеді.  Оның  дәлелі,  Абзал  Қошанов  2015 

жылы  Қызылорда  облысы  бойынша  педагогикалық 

қызметкерлердің  біліктілігін  арттыру  институтын-

да оқып, I санатты мұғалім дәрежесін алса, 2016 жылы 

өзі  дайындаған  шәкірті  Гүлназым  Байқожа  «Үздік  ат-

тестат»  иесі  атанды.  Сондай-ақ,  аудан  мектептерінің 

кәсіби  деңгейдегі  мұғалімдерімен  бірлесе,  «Математи-

ка  –  барлық  ғылымдар  патшасы,  ал  арифметика  оның 

патшасы» атты әдістемелік оқу құралын шығарса, «Білім 

жолы нұрлы жол» атты республикалық жинақтың VII то-

мына,  «Сыр  мектебі»  журналына,  әдістемелік  сайттарға 

оқытушының үздік сабақтары енген. Бұл оның ұстаздық 

потенциалын айғақтайтаса, «А.Жұмаділдаев сынды мате-

матик боламын» деген ұмтылысы биікті бағындырар жол-

да ерік-жігер беретініне сенеміз.

– 

Кәсіби тұрғыда сауатты, адамгершілікті абырой-



дан артық қойған, адал ұстаз бола білу – мұғалім атаулыға 

міндет  деп  ойлаймын.  Ең  бастысы,  оқытушы  өзі  біліп 

қана қоймай, оқушыны білуге құштарландыру керек. Осы 

орайда,  мен  өз  сабағымда  Кембридж  технологиясының 

элементтері мен логикалық сұрақтарды, топтастыру әдісі 

мен ойын арқылы оқытуды көп қолданамын. Нәтижесінде 

баланың білімге, сабаққа деген ынтасы арта түседі. Бұл 

элементтердің  тағы  бір  тиімділігі,  сабаққа  оқушылар 

түгел  қатысады.  Ең  нашар  оқиды  деген  баланың  өзі 

сабаққа  атсалысып,  бағаланады,  –  дейді  білікті  маман. 

Сірә,  оқытушы  сабағының  өзгелерден  озықтығы  да  осы 

болса керек.

Бүгінгі  таңда  №160  білім  ұясында  Кембридж  тех-

нологиясымен  коучинг,  аймақтағы  озат  тәжірибелі 

ұстаздармен  семинар-тренинг  ұйымдастырып  жүрген 

жас  ұстаз  білім  ордасындағы  желілік  қоғамдастықтың 

жетекшісі. Осыншама мадақ пен жетістіктер – оның үлгілі 

ұстаздық келбеті болатын. 

№160 мектеп директоры Жанәділ Ибрагимов: 

– Абза л Қошанов қашанда өзін рухани жетілдіріп жүретін 

жаңашыл ұстаз. Оның қай сабағынан болсын, оқушыны 

қызықтыратын,  ынтасын  оятатын  әдіс-тәсілдерді, 

тренингтерді байқаймын. Оның сабақты тың әдіс-тәсілмен 

жүргізетініне қанық ата-аналар ҰБТ-ға Абзалдың арнайы 

дайындауын  сұрайды.  Бұл  –  Абзалға  берілген  жоғары 

баға деп түсінемін, – дейді.

Абзал  Файзуллаұлы  үлгілі  шәкірттер  тәрбиелеумен 

шектелмеді. Адамдық борыш ретінде артына қалар ұрпақ 

тәрбиелеп жүрген ұстаздың бір ұл, екі қызы бар. Жары 

Меруерт  қана  емес,  балдырған  балалары  да  есепке 

құмартқан отбасынан келешек математиктер династиясы 

қалыптасатындай. 




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет