2017 – 2018 ОҚу жылы 6М110500 – медициналық-профилактикалық ісі мамандығы бойынша магистратура үшін емтихан бағдарламасы алматы 2017 ж



бет2/7
Дата10.12.2023
өлшемі88,79 Kb.
#135571
1   2   3   4   5   6   7
Қабылдау емтиханының мақсаты 6М110500 – медициналық-профилактикалық ісі мамандығы бойынша магистратураға түсуші талапкердің теориялық дайындығын, кәсіптік білімінің тереңдігін, медициналық-профилактикалық ісі аясында ғылыми-зерттеу жұмысы бойынша дайындық деңгейін, сонымен қатар кәсіптік компетенттілігін анықтау.


Қабылдау емтиханының міндеттері:

  • педагогика неіздері бойынша деңгейін анықтау

  • гигиена жалпы сұрақтары бойынша білім деңгейін анықтау

  • гигиена жеке сұрақтары бойынша білім деңгейін анықтау

  • гигиена бойынша алған білімдерін талдай білу және гигиенадан алған мәліметтерді интерпретация жасай білу дағдысын анықтау



Эпидемиология
Эпидемиология медициналық ғылымның өзіндік саласы, ол аурулардың алдын алу тәсілдерін құрастыру үшін, аумақта, әр түрлі халық топтары арасында және уақыт аралығында сырқаттанушылықтың себептерін, шарттары мен механизмдерінің қалыптастыруын зерттейді. Эпидемиялық процесс эпидемиологияның зерттеу объектісі болып табылады.
Эпидемиологияның міндеті: эпидемиялық процестің негізінде жатқан жалпы заңдылықтарды және алдын алу мен күресудің теориялық негіздерін ашу және зерттеу (жалпы эпидемиология), және де теориялық зерттеулердің мәліметтерін жинақтап, жекелеген инфекциялық аурулардың эпидемияға қарсы іс-шаралары ретінде практикаға енгізу (жеке эпидемиология).
Замануи эпидемиологиялық тұжырымдамасы. Эпидемиологиялық зерттеу әдістері. Эпидемиологиядағы себептілік. Эпидемиологиялық қадағалау, эпиддиагностика және эпидемиологиялық талдау. Оқиғаның стандарттық анықтамасы. Профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шаралар тиімділігін бағалау. Дезинфекциялық іс негіздері. Иммунопрофилактика. Аса қауіпті конвенциялық инфекциялардың енуінен және таралуынан ҚР шекараларын және аумақты санитарлық қорғау. Жұқпалы аурулардың жекелеген нозологиялық формалары мен топтарына эпидемиологиялық қадағалау.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет