2017 – 2018 ОҚу жылы 6М110500 – медициналық-профилактикалық ісі мамандығы бойынша магистратура үшін емтихан бағдарламасы алматы 2017 ж


Перечень вопросов для специальности 6М110500 – «медико-профилактическое дело» вступительного экзамена по дисциплине «Гигиена»



бет5/7
Дата10.12.2023
өлшемі88,79 Kb.
#135571
1   2   3   4   5   6   7
Перечень вопросов для специальности 6М110500 – «медико-профилактическое дело» вступительного экзамена по дисциплине «Гигиена»



  1. Гигиена – медицина саласындағы негізгі профилактикалық пән. Гигиеналық ғылымның мақсаты, міндеттері және зерттеу обьектісі. Медицинадағы емдік және профилактикалық бағыттың байланыстылығы. Біріншілік, екіншілік, үшіншілік профилактика туралы түсінік. Гигиенаның даму тарихы, даму этаптары.

  2. «Нутрициология» туралы түсінік. Тағамтану гигиенасы дамуының негізгі кезеңдері.

  3. Тағамның энергетикалық шығыны мен құндылығы.

  4. Халықтың тамақтануын зерттеу әдістері

  5. Макро және микронутриенттердің маңызы.

  6. Үйлесімді және тиімді тамақтанудың негіздері

  7. Тағам өнімдерінің сапасына қойылатын гигиеналық талаптар

  8. Жануар текті өнімдердің сапасы мен қауіпсіздігін гигиеналық бағалау.

  9. Өсімдік текті өнімдердің сапасы мен қауіпсіздігін гигиеналық бағалау.

  10. Тамақтан улану мен оның алдын алу жолдары.

  11. Тамақтан улануды санитариялық – эпидемиологиялық зерттеу

  12. Тағамдық токсикоинфекциялардың таралуындағы әртүрлі тағам өнімдерінің рөлі.

  13. Әртүрлі халық топтарының тамақтану жағдайын бағалау

  14. Қоршаған орта факторларының қолайсыз әсер ету жағдайындағы халықтың тамақтануы

  15. Әртүрлі халық топтарының тамақтануы.

  16. Артық салмақ пен семіздік кезіндегі тамақтану мен оның алдын алу жолдары

  17. II типті қант диабеті кезіндегі тамақтану мен оның алдын алу жолдары

  18. Жүрек –қантамыр аурулары кезіндегі тамақтану мен алдын алу шаралары

  19. ҚР темір жеткіліксіздігінен болатын анемия мәселелері

  20. ҚР йод жетіспеушілік жағдайы

  21. ҚР микронутриенттік жетіспеушіліктің алдын алу шаралары бойынша регламенттейтін нормативті-әдістемелік база.

  22. Еңбек гигиенасы негіздері. Пән, міндеттері және әдістері.

  23. Кәсіптік зияндылықтар және кәсіптік аурулар туралы негізгі түсінік.

  24. Еңбек физиологиясы және психологиясы негіздері

  25. Өндірістегі метеорологиялық жағдайлар. Гигиеналық нормалау

  26. Электромагниттік, электрлік және магниттік өрістер

  27. Лазерлік сәулелену. Лазерлердің қолданылуы

  28. Ультракүлгін сәулелену

  29. Атмосфералық қысым

  30. Өндірістік шу және діріл. Гигиеналық нормалау және профилактика

  31. Ультрадыбыс және инфрадыбыс

  32. Өндірістік шаң, классификация, ағзаға әсері, профилактика. Шаң аурулары

  33. Өндірістік улар. Жалпы сипаттамасы. Токсикометрия негіздері. Тағайындау принциптері ШРЕК (шектеулі рұқсат етілген концентрация)

  34. Негізгі өндірістік улардың токсикологиясы

  35. Өндірістік ғимараттарды желдету

  36. Өндірістік жарықтандырудың гигиеналық негіздері

  37. Жеке басты қорғау құралдары

  38. Өнеркәсіптің жеке салаларындағы және ауыл шаруашылығындағы еңбек гигиенасы

  39. Елді мекенді сумен қамтамасыз ету. Сумен қамтамасыз ету көздерін салыстырмалы гигиеналық бағалау.

  40. Ауыз су сапасын нормалау. Су- жұқпалы және жұқпалы емес ауруларды таратуда негізгі фактор.

  41. Ауыз су сапасын жақсартудың әдістерін гигиеналық бағалау.

  42. Су нысандары суында химиялық заттарды гигиеналық нормалау.

  43. Шайынды суларды тазарту және зарарсыздандыру әдістерін гигиеналық бағалау.

  44. Су нысандарын санитарлық қорғау бойынша шаралар жүйесі.

  45. Жер қыртысындағы химиялық заттарды нормалаудың гигиеналық принциптері.

  46. Елді мекенді санитарлық тазартуды ұйымдастыру және жүргізудің негіздері.

  47. Қатты және сұйық қалдықтарды тазарту және зарарсыздандырудың негізгі әдістері.

  48. Тұрғындардың денсаулығына және санитарлық өмір сүру жағдайына атмосфералық ластаушы заттардың әсері.

  49. Атмосфералық ауада химиялық заттарды нормалаудың негізгі принциптері.

  50. Атмосфералық ауаны санитарлық қорғау бойынша шаралар жүйесі.

  51. Тұрғын және қоғамдық ғимараттардың микроклиматын, жылытылуын, желдетілуін және жарықтануын нормалаудың гигиеналық негіздері.

  52. Тұрмыстық қызмет көрсету кәсіпорындарының құрылымына және қондырғыларына қойылатын гигиеналық талаптар.

  53. Емдеу-профилактикалық мекемелерінің гигиенасы.

  54. Елді-мекен аумағын фунционалдық зоналау. Қала құрушы факторлар.

  55. Қаланың селитебті аумағын ұйымдастыру. Тұрғын аудандар және ықшам аудандар.

  56. Елді мекендегі шу тәртібі және электромагниттік өрістерді гигиеналық бағалау.

  57. Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы пәні және міндеттері.

  58. Балалар мен жасөспірімдер гигиенасының ғылыми және оқу пәні ретіндегі дамуы.

  59. Дене бітімінің дамуын бағалау. Балалар мен жасөспірімдердің аурушаңдық көрсеткіштері. Балалар мен жасөспірімдердің денсаулық жағдайын кешенді бағалау.

  60. Балалар мен жасөспірімдердің тамақтануын бақылаудың формалары мен әдістері.

  61. Балалардың тамақтануының физиологиялық нормалары.

  62. Білім беру және тәрбиелеу мекемелерінде балалардың тамақтануын ұйымдастыру жағдайын гигиеналық бағалау.

  63. Балалардың күн тәртібін құрастырудың гигиеналық негіздері.

  64. Білім беру гигиенасы. Балаларда қажудың дамуының ерекшеліктері.

  65. Жалпы білім беру мекемелерінде оқу үрдісін ұйымдастырудың гигиеналық принциптері. Компьютерлік білім берудің гигиеналық негіздері.

  66. Балаларды дене шынықтырудың құрылымдары мен формалары.

  67. Шынықтыру, оның физиологиялық мәні. Балаларды шынықтырудың негізгі принциптері.

  68. Дене шынықтыруды дәрігерлік бақылау.

  69. Балаларды еңбекке баулу және оқытудың гигиеналық және физиологиялық негізі.

  70. Балалар организміне кәсіби-өндірістік фактордың әсері.

  71. Кәсіби бағыттау және кеңес берудің медициналық-физиологиялық негіздері.

  72. Балалардың киіміне, аяқ киіміне, ойыншықтарға, балалар және оқу кітаптарына қойылатын гигиеналық талаптар. Оқу жиһаздарына, қондырғыларға және оның бөлмеде орналасуына қойылатын гигиеналық талаптар.

  73. Балалар мен жасөспірімдер мекемелерін жоспарлау, орналастыру, пайдалануға берудің гигиеналық принциптері.

  74. Балалар мекемелерін сумен қамтамасыз ету, жарықтануға қойылатын гигиеналық талаптар, ауалы-жылулық тәртіп.

  75. Балаларды оқыту және тәрбиелеу жағдайын бақылауды ұйымдастырудың міндеттері, қызметі, жалпы принциптері.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет