2022-2023 ОҚу жылында қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарында



Pdf көрінісі
бет165/170
Дата09.09.2022
өлшемі2,28 Mb.
#38748
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   170
35. 
ЕРЕКШЕ 
РЕЖИМДЕ 
ЖӘНЕ 
ТҮЗЕТУ 
МЕКЕМЕЛЕРІ 
ЖАНЫНДАҒЫ ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРДА ОҚУ-ТӘРБИЕ 
ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
Ерекше режимде және түзету мекемелері жанындағы жалпы білім беру 
ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың нормативтік құқықтық 
негізі 
Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі Қазақстан 
Республикасының Кодексі (2014 жылғы 5 шілдедегі № 234-V ҚРЗ, ҚР 24.11.2021 
№ 75-VII толықтырулар енгізілген) 148-бапына белгіленген талаптарға сәйкес 
Бас бостандығынан айыруға сотталғандардың бастауыш, негізгі орта, жалпы 
орта 
білім 
алуын 
ұйымдастыру 
жүзеге 
асырылады 
https://adilet.zan.kz/kaz/docs/K1400000234

157-бап. Оқу-тәрбие процесiн ұйымдастыру талаптарына сәйкес 
сотталғандардың бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік 
білім алуы Қазақстан Республикасының білім саласындағы заңнамасына сәйкес 
жүзеге асырылады (2014 жылғы 5 шілдедегі № 234-V ҚРЗ бекітілген Қазақстан 
Республикасының Қылмыстық-атқару Кодексінің 157-бабы (ҚР 24.11.2021 № 
75-VII толықтырулар енгізілген). 
Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі Қазақстан 
Республикасының Кодексі (2014 жылғы 5 шілдедегі № 234-V ҚРЗ, ҚР 24.11.2021 
№ 75-VII толықтырулар енгізілген) 127-бап. Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта 
білім алуды ұйымдастыруға сәйкес: 
1) мекемелерде отыз жасқа толмаған сотталғандардың бастауыш, негiзгi 
орта, жалпы орта бiлiмді мiндеттi түрде алуы ұйымдастырылады; 
2) отыз жастан асқан сотталғандар мен мүгедектер бастауыш, негiзгi орта, 
жалпы орта бiлiмдi өздерiнiң қалауы бойынша алады; 
3) емтихандарды тапсыру үшiн оқушылар Қазақстан Республикасының 
еңбек заңнамасына сәйкес жұмыстан босатылады; 


316 
4) өмiр бойына бас бостандығынан айыру жазасын өтеп жүрген, емдеу-
профилактикалық мекемелерінде, тәртіптік изоляторларда, жалғыз адамдық 
камераларда, 
уақытша 
оқшаулау 
үй-жайларында 
жатқан, 
сондай-ақ 
мекемелердегі құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету үшін қауіпсіздігі аралас 
мекемелерге ауыстырылған сотталғандарға өз бетінше бастауыш, негізгі орта, 
жалпы орта білім алу үшін жағдайлар жасалады.
«Бас бостандығынан айыруға сотталғандардың бастауыш, негізгі орта, 
жалпы орта, техникалық және кәсiптiк білім алуын ұйымдастыру қағидаларын 
бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 18 
тамыздағы № 516 бұйрығына сәйкес (Қазақстан Республикасы Ішкі істер 
министрінің 2019 жылғы 24 маусымдағы № 573 бұйрығымен толықтырулар 
енгізілген) бас бостандығынан айыруға сотталғандардың бастауыш, негізгі 
орта, жалпы орта, техникалық және кәсiптiк бiлiм алуын ұйымдастыру тәртібін 
айқындайды.
Сабақ кезеңдерінде білім алушыларды сабақтан қол үзумен байланысты 
мерзімнен тыс жұмыстарға тартуға тыйым салынады. 
Мектепті бітірген сотталғандарға мемлекеттік үлгідегі құжат беріледі. Осы 
құжат, сондай-ақ үлгерімі және сабаққа қатысу табелі сотталғандардың жеке 
істерінде сақталып, жазасын өтеуден босатылғаннан кейін қолдарына беріледі. 
Тәртіптік изоляторға қамалған, бір адамдық камераға ауыстырылған, 
қауіпсіз жерде болу кезеңінде, сондай-ақ жазаны өтеудің қатаң жағдайларында 
болу кезеңінде мектептің білім алушылары мектепке шығарылмайды. Оларға 
дербес оқу және оқытушылардан консультациялар алу мүмкіндігі беріледі. 
Қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде емдеу-профилактикалық 
мекемелеріндегі, тәртіптік изоляторлардағы, жалғыз адамдық камералардағы, 
уақытша оқшаулау үй-жайларындағы, сондай-ақ қылмыстық-атқару жүйесінің 
мекемелерінде мекемелерінде құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету үшін 
қауіпсіздігі аралас мекемелерге ауыстырылған өмір бойына бас бостандығынан 
айыруға сотталғандарға бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімді өз бетінше 
алуы үшін жағдайлар жасалады. 
Сотталғандарға өз бетінше оқу және оқытушылардан консультациялар 
алу мүмкіндігі беріледі. Өмір бойына бас бостандығынан айыруға 
сотталғандарға оқытушылар қажетті әдістемелік және консультациялық 
көмекті жеке тәртіпте көрсетеді.
Қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде емдеу-профилактикалық 
мекемелеріндегі, тәртіптік изоляторлардағы, жалғыз адамдық камералардағы, 
уақытша оқшаулау үй-жайларындағы, сондай-ақ қылмыстық-атқару жүйесінің 
мекемелерінде мекемелерінде құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету үшін 
қауіпсіздігі аралас мекемелерге ауыстырылған сотталғандарға әдістемелік және 
консультациялық көмек жеке не топтарда ұйымдастырылады. 
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 30 
қазандағы № 595 бұйрығымен (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым 
министрінің 2021ж. 29 желтоқсандағы № 614 бұйрығымен толықтырулар 
енгізілген) бекітілген «Тиісті үлгідегі және түрдегі білім беру ұйымдары 
қызметінің үлгілік қағидаларын» сәйкес Мектептің білім беру процесін 


317 
Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы қолданыстағы 
заңнамасына сәйкес жүзеге асырады. 
Республиканың мектептеріндегі оқу процесі Қазақстан Республикасы 
Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 
500 
бұйрығымен
 бекітілген (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым 
министрінің 2022 жылғы 26 қаңтардағы № 25 бұйрығымен толықтырулар 
енгізілген) Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта 
білім берудің үлгілік оқу жоспарларына сәйкес жүзеге асырылады.
«Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын 
бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 
595 бұйрығына сәйкес білім беру ұйымдары нысанына қарамастан, үлгілік оқу 
жоспарын дербес таңдап алады. 
ҚР БҒМ 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығымен бекітілген «Орта 
білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылау, 
оларға аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгілік қағидаларының» 
14-тармағына сәйкес білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылауды 
тоқсан, бөлім (ортақ тақырып) аяқталғаннан кейін оқу материалдарының 
мазмұнын меңгеру деңгейін анықтау және қадағалау үшін жиынтық бағалау 
нысанында педагогтер жүргізеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   170




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет