2023ж Мұғалімнің кәсіби бағдарлары пәні бойынша глассари Абстракциялау


Зейін – адамның психикалық әрекетінің белгілі бір нәрсеге бағытталып шоғырлануы. Иллюстрация



бет4/10
Дата02.10.2023
өлшемі82,67 Kb.
#112351
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Зейін – адамның психикалық әрекетінің белгілі бір нәрсеге бағытталып шоғырлануы.
Иллюстрация – әдіс, оқушыларға иллюстрациялық құралдар – атап айтсақ: плакат, кесте, картина, карта, тақтағы суреттер, үлгілер көрсетіледі.
Инновация – педагогикалық процеске оқыту мен тәрбиенің жаңа тұжырымдамаларын, оқу жоспарларын және бағдарламаларын, түрлерін, әдістерін, құралдарын енгізіп, мақсатқа жету.
Инновациялық іс-әрекет –қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағдайына сай мектеп жұмысын дамытатын, мектеп өміріне оң өзгерістер әкелетін іс-әрекет.
Интеграция –әртүрлі пәндердегі негізгі принциптер мен заңдылықтарды өзара тығыз диалектикалық бірлікте қарастыру.
Интеграциялау принципі – жалпы білім мазмұның анықтауда, оқу бағдарламалары мен оқулықтарды жазып шығаруды ескеретін маңызды принцип.
Комбинаторлық инновация – белгілі бір әдістердің элементтерін бір-біріне қосу.
Конференция – тәжірибені зерттеу және жинақтау түрі. Конференция тақырыбына сәйкес мұғалімдер әдебиетті оқиды және аз тәжірибе мәнін, сонымен бірге әріптестер тәжірибесін ұсынады.
Креативтілік (creatio латын тілінен тікелей аудармасы– «жасап шығару»;«жасырын күш»;«жасап шығаруға қабілеттілік».) – өнімді әрекет етуге дайын болу, жаңалық ашуға дайындығын көрсететін индивидтің тұлғалық сапасы. Индивидтің жоғары нәтижелерге жетуге деген тұрақты мотивтерінің болуы.
Конференция (conferentіa, лат. confero – жинаймын) – мемлекеттер мен қоғамдық ұйымдар өкілдерінің, әлдебір ұйымдар мүшелерінің, ғалымдардың жиналысы, мәжілісі.
Конформизм –тұлғаның ұжымға бағынуы.
Көрме – белгілі бір қоғамның не жеке адамның материалдық және рухани жетістіктерін көпшілікке көрсету.
Күнтізбе (ағылш. calendar) – уақыт мезгілін есептеудің аспан денелерінің ауық-ауық қайталану ерекшелігіне негізделген жүйесі, анықтамалық басылым.
Кітаппен және оқулықтармен жұмыс – оқытудың маңызды әдісі, бастауыш сыныптарда кітаппен жұмыс сабақта мұғалім басшылығымен жүзеге асады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет