2билет. 1Этил спиртін алудың өнеркәсіптік әдістері. Этанолдың медицинада қолданылуы


Гендік инженерия. Мысал келтіріңіз



бет2/10
Дата03.05.2023
өлшемі40,39 Kb.
#89455
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
2.Гендік инженерия. Мысал келтіріңіз
Гендік инженерия, немесе генетикалық инженерия [1] — генетикалық және биохимиялық әдістердің көмегімен түраралық кедергілері жоқ, тұқым қуалайтын қасиеттері өзгеше, табиғатта кездеспейтін жаңа гендер алу; молекулярлы биологияның бір саласы. Гендік инженерия әр түрлі организмдер геномының бөлігінен рекомбинатты ДНҚ құрастырумен қатар, ол рекомбинатты молекулаларды басқа ағза геномына енгізіп, жұмыс істеуін (экспрессиясын) қамтамасыз етеді. Гендік инженериядағы тұңғыш тәжірибені 1972 ж. американ биохимигі Пол Берг (Нобель сыйлығының лауреаты) іске асырды. Ол маймылдың онноген вирусы SV-40-тың толық геномын, бактериофаг — L геномының бір бөлігін және Е. Colі бактериясының галактоза генін біріктіру арқылы рекомбинантты (гибридті) ДНҚ алды. 1973 — 74 ж. Америка биохимиктері С. Коэн, Г. Бойер, т.б. түрлі ағзалардан бөліп алынған генді бактерия плазмидасының құрамына енгізді. Бұл тәжірибе басқа организмдер гендерінің жаңа ағза ішінде жұмыс істей алатынын дәлелдеді. Жануарлар клеткаларымен жүргізілген тәжірибелерде бір клетканың ядросын екіншісімен алмастыруға, екі немесе бірнеше эмбриондарды қосып біріктіруге, оларды бірнеше бөлікке бөлшектеуге болатыны анықталды. Гендік (генетикалық) инженерия — молекулалық және клеткалық инженерия белгілі бір мақсатпен жасанды айқын қасиеттері бар генетикалық материалдарды алдын ала құрастырып, оларды басқа клеткаға енгізіп, көбейтіп, зат алмасу процесін өзгеше жүргізу. Бұл әдіспен организмдердегі тұқым қуалайтын информацияны көздеген мақсатқа сай өзгертіп, олардың геномдарын белгілеген жоспармен қайта құруға болады.
Жануарлар селекциясында гендік инженерияға байланысты аустралиялық ғалымдар гендер құрамына өсу гормонының генін енгізе отырып, кәдімгі шошқаға қарағанда екі еседей жылдам өсетін шошқаның жаңа қолтұқымын шшығарды.
3-билет
1.Метанол синтезі. Техношолиялық параметрлері.
Қазіргі кезде метил спиртін синтез газдан (СО+Н2) өндіреді. Метил спиртін синтездеудің физикалық-химиялық негізі жəне технология- сы аммиакты синтездеу əдісіне ұқсас. Синтез газ азот-сутек қоспасы сияқты генератор газдарын немесе табиғи газдарды конверсиялау əдістерімен өндіріледі. 
Метил спиртін синтездеу үрдісі жоғары қысымда жəне үлкен темпе- ратурада катализатор қатысуымен жүреді. Метил спиртінің шығымы, аммиак шығымы сияқты аз болғандықтан технологиялық үрдіс тұйық сызбанұсқамен жүреді, реагенттер толық аяғына дейін əрекеттеспейді.
Аммиак жəне метил спиртін синтездеу əдісінің технологиясы бірдей болғандықтан, аппаратура құрылысы жəне технологиясы екеуін де син- тездеуге арналған.
Үрдісті 350-4000С, 20-30 МПа жəне V=35000-40000 сағ-1 көлемдік жылдамдықта мырыш-хром катализаторының (ZnO+Cr2O3) қатысуымен немесе 210-3000С, 5-10МПа жəне V=8000-10000 сағ-1 төменгі температу- ралық құрамында мыс бар катализаторда (CuO+ZnO+Al2O3 немесе CuO+ZnO+ Cr2O3) жүргізеді. Құрамында мысы бар катализаторлардың тұрақтылығы төмен. Бұл катализатордың активтілігіне газдық құрамындағы аздаған мөлшерде СО2 болуы оң əсер етеді. Бір циклде метанолдың шығымы 4% шамасында.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет