Жеке қолдану папкасы
Әлеуметтік педагог өз жұмысын ұйымдастыруда жеке қолдану папкасы жүргізіп отыру керек.
Жеке қолдану папкасына төмендегі құжаттар енгізіледі:
Мектептің негізгі құжаттары (жарғы көшірмесі, лицензия көшірмесі т.б.).
Әлеуметтік педагогтың қызыметтік және лауазымдық міндеттері;
Мектептің жұмыс жоспары мектептің өндірістік жоспары немесе бөлігі, даму бағдарламасы, тәрбие жұмыс жоспары, сабақ және ұйымдастыру кестесі т.б.
Мектептің педагогикалық тізімі (сынып жетекшілер, пән мұғалімі және әкімшілік, үйінің телефоны көрсетілген).
Әлеуметтік педагогтың кәсіптік қызыметімен байланысты мекемелер тізімі.(қамқорлық және қорғаушылық бөлімі), ішкі істер органдары, емханалар, әлеуметтік қорғау органдары, (мекен-жайы, телефон, мекеме қызыметкерлерінің аты-жөні, жұмыс кестемі көрсетілуі тиіс).
V. Әлеуметтік педагогтың отбасымен жұмысы
Жасөспірімдерді бақылаусыздығы мен қараусыз қалуы – мектеп және әлеуметтік педагогтың өзекті проблемеларын бірі болып табылады. Аталған жағдайдың себебінің бірі ата-ана мен балалар арасындағы қарым-қатынасқа байланысты. Отбасы мен мектептің арасындағы ынтымақтастық – бұл ортақ мақсатқа негізделген және ұзақ нәтижесі болып табылады. Бұл жұмыс ең алдымен отбасын жүйелі, әрі жан-жақты зерттеуден, отбасы тәрбиесін ерекшеліктері мен жағдайын ескеруден ьасталады. Бүгінгі таңда отбасылық тәрбие жүйесі үлкен өзгеріске ұшырауда. Отбасылық дәстүрлі құрылымының өзгеруі төмендегі мәселелерге байланысты:
Отбасындағы балалардың аз болуы;
Жас отбасылардың көбіне ата-аналарынан бөлек тұруы;
Халықтық педагогика дәстүрін жоғалтып алу;
Отбасының әлеуметтік – эканомикалық қиыншылықтарды;
Ата-аналардың балаға қарауына уақытының жетіспеуі;
Бұл өз кезегінде баланың проблемаларымен жалңыз қалуына әкеліп соғады. Бұл проблемаларды шешу жолының бірі ретінде жасөспірім құқықбұзушылық пен қаңғырушылықты таңдау мүмкін.
Ата- аналардың баланаң білім алуы мен тәрбиесінің жауапкершілігін сезінуіне қарай отбасын бірнеше түрге жіктеуге болады:
Қолайлы сәтті отбасы ;
Поблемалық отбасы;
Қолайсыз отбасы;
Отбасылардың түріне қарай мектеп ұжымына оқушы мен оның отбасымен жұмыс жүргізген кезде түрліше әдіс-тәсілдерді қолдануға тура келеді.
Проблемалық отбасынан шыққан балаларды екі топқа бөлуге болады:
Баланың өз отбасының теріс ықпалынан қорғау керек (бейморалды, қылмысты отбасы)
Бақылаусыз және қараусыз қалған балалар, мұнда керісінше ол балардың отбасымен мектепке деген үзіліп қалған байланысын қалпына келтіру керек.
Балалардың бақылаусыз қалуына әсер ететін факторлар:
отбасылық факторлар ( бала мен ата-анасы арасындағы қарым-қатынастар, отбасындағы дағдарыс, күйзеліс, отбасының тәрбиелік мүмкіндігінің төмендеуі, т.б.)
әлеуметтік-эканомикалық;
әлеуметтік-психологиялық (отбасындағы қатігездік, ата-анасының ажырасуы )
мектеп ( мұғалімдердің авторитарлық стильде жұмыс істеуі, т.б. )
психикалық ( психологиялық ауытулары бар балалардың көбеюі );
психологиялық (баланың жеке мінезі ).
Мектепте осы факторлары ескере отырып, бақылаусыздықтың алдан-алу бойынша төмендегі жұмыс баңыттарын көрсетуге болады:
отбасымен жұмыс ( бала мен ата-анасының қарым-қатынасын, отбасы түрін диагностикалау, отбасына көмек пен қолдау көрсету, отбасымен үздіксіз байланыста болу, т.б. )
оқушымен жұмыс ( баланың жеке ерекшіліктерін зерттеу педагогикалық көмек пен қолдау көрсету, оқу жүктемесін азайту, т.б. )
білім беру мекемелерінің педагогикалық ұжымымен жұмыс;
білім беру мекемелерінде тұлғаны әлеуметтік – педагогикалық және психологиялық тұрғыдан сүйемелеу;
баланың әлеуметтік – педагогикалық босаңсуының алдын алу және психологиялық тұрғыдан мәдениетін көрсету;
Бақылаусыздықтан алдын – алудың тиімді болуы келесі жағдайлардың орындалуына байланысты;
баланың білім алуға оң көзқарасының болуы;
баланың ата-анасымен, мұғалімдермен, құрбы құрдастарымен жағымды қарым-қатынас жасауы;
психологиялық қорған,андық;
әлеуметтік жағынан қорғалуы ( оқушының құқы мен міндетін білуі, мектептегі барлық оқушыоардың психологиялық және әлеуметтік жағынан кемсітпеу ) ;
баланың білімі мен тәрбиесіне байланысты ата-аналарға кеңес беру;
баланың үйіне бару;
ата-аналармен әлеуметтік – психологиялық триеингтер жүргізу; Ата – аналармен топтық жұмыс жүргізу;
ата-аналар жиналысын жүргізу;
ата-аналармен топтық тренингтер жүргізу;
Оьтбасы типтері
Достарыңызбен бөлісу: |