3-4 I. Шығарма тілінің лексикалық ерекшелігі



бет55/67
Дата17.03.2023
өлшемі177,14 Kb.
#75120
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   67
Авторлық афоризмдер:

  1. «Келіннің бетін кім ашса –сол ыстық» дейді(«Жапандағы жалғыз үй», 10 бет).

  2. «Күн шықса-ақ болды, күн батады» деген сөз осы үйдің кесімді уақыты, өз сағаты секілді(«Жапандағы жалғыз үй», 26 бет).

  3. Шолақ сай тез тасиды. Шолақ ойлы адамдар да сол секілді, бар қаруы ашуында(«Жапандағы жалғыз үй», 213 бет).

  4. Ақылды сөзге арсыз да тоқтайды(«Жапандағы жалғыз үй», 296 бет).

  5. «Әйелі ұрған жер о дүниеде қап-қара болып кетеді. Анасы ұрған жер тамұққа түссе де отқа күймейді»( «Жапандағы жалғыз үй», 317 бет).

  6. Әркім өз бойына шақтап тон пішеді(«Жапандағы жалғыз үй», 322 бет).

  7. Ағаш емес, адам қисығы түзеледі(«Жапандағы жалғыз үй», 323 бет).

Жазушы Сәкен Жүнісовтің «Жапандағы жалғыз үй» романы тілін талдау барысында 34 мақал-мәтел табылып, 22 мақал-мәтелдің мағынасы ашылып, талдауға түсті. 7 авторлық афоризм теріліп талданды.




Кірме сөздер

Кірме сөздер деп әрбір тілдің өзіндік сөз тудыру тәсілімен емес, басқа тілдердің ықпалымен жасалған сөздерді айтамыз. Яғни сөздің белгілі дыбыстық түр- тұрпаты мен мағынасы екеуі де өзге тілге қатысты сөздер кірме сөз делінеді. Жер шарында өмір сүріп келе жатқан үлкенді-кішілі халықтардың қай-қайсысында болсын өзге тілдерден ауысып келген кірме сөздер көптеп кездеседі. Қазақ тілінің сөздік құрамындағы кірме сөздер негізінен төрт халықтан келіп енген:



  • Араб тілі

  • Парсы тілі

  • Монғол тілі

  • Орыс тілі

Кез келген дамыған тіл құрамында болатын өзге тілден енген атаулар кірме сөздер деп аталады. Кірме сөздердің енуі әр кезеңдегі қоғамдағы өзгерістермен, өркениеттің, ғылым мен техниканың, мәдениеттің дамуымен байланысты жаңа ұғымдардың, заттардың пайда болуымен, сол ұғыммен немесе затпен бірге оның атауының да кіруімен байланысты.
Қазақ тіліндегі кірме сөздер – тек зат атаулары. Кірме сөздердің тек зат атаулары болуының өзіндік ішкі заңдылығы да бар, өйткені жаңадан жасалған, пайда болған, танылған денотаттық ұғымдардың атауы ғана кірме сөз ретінде енеді. Кірме сөздердің дені соңғы ғылыми прогреске сәйкес енген әр түрлі ғылым салаларына байланысты терімсөздер екені айдан анық. Өзге елдің тілінен енген лексикалық бірліктердің ана тіліне сіңу деңгейі мен құрылымдық-семантикалық түрленуіне, тіліміздегі қолданысына байланысты былайша бөлу орынды болмақ: 1) кірме сөздер; 2) шетел сөздері; 3) экзотикалық сөздер.
Кірме сөздерді тарихи қалыптасқан тіларалық байланыс негізінде қарастыру абзал. Осыған орай, оның құрамында туыстас түркі тілдерінің бірінен енген сөздер, алтай жүйесінен тарайтын туыстас тілдерден енген сөздер (монғол) және туыс емес, өзге жүйедегі тілдерден енген сөздер болады.
Кірме сөздер дегеніміз – басқа тілдердің ықпалымен жасалған немесе олардан енген сөздер. Яғни, сөздің дыбыстық тұлғасы да, мағынасы да өзге тілге қатысты сөздер кірме сөздер делінеді. Жер шарында өмір сүріп келе жатқан үлкенді – кішілі халықтардың қай-қайсысында болсын өзге тілдерден ауысып келген кірме сөздер көптеп кездеседі.
Жазушы С.Жүнісовтың «Жапандағы жалғыз үй» романында кездесетін кірме сөздер:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет