3-4 I. Шығарма тілінің лексикалық ерекшелігі


Бөрік Елтіріден, аң терісінен жиек жүргізіп тігілген дөңгелек баскиім[ҚТТС, 143 бет]. Қалың ішік



бет58/67
Дата17.03.2023
өлшемі177,14 Kb.
#75120
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   67
Бөрік Елтіріден, аң терісінен жиек жүргізіп тігілген дөңгелек баскиім[ҚТТС, 143 бет].

  1. Қалың ішіктің салақтаған ұзын жеңінен қолын шығара алмай, ұорбаңдап жатқан әлгі жолаушыдан бөтелкені алып, аузын алақанымен басып тұрып, шоқпардай күсті қолымен түбінен бір қойғанда тығын атып шығып қолына келді(«Жапандағы жалғыз үй», 13 бет).

Ішік Іш жағы аңның терісінен тігіліп, сыртын матамен тыстаған жылы сырткиім[ҚТТС, 955 бет].

  1. Бәрінен де пайдалы оралған Тәшім молла. («Жапандағы жалғыз үй», 24 бет)

Молла (молда) Құранды, діни ғибадатты жақсы білетін дін адамы[ҚТТС, 597 бет].

  1. Көптен бастары қосылмай ындыны кеуіп, «сусап» жүрген кәрілерге күні-түні шариғат айтып, шөлдерін қандырған(«Жапандағы жалғыз үй», 24 бет).

Шариғат діни Адам өмірінің барлық жай-жапсарын қамтитын мұсылман дінінің заңы, ережелері[ҚТТС, 905 бет].

  1. Болар-болмас ағараңдап көрінген Ақбөпенің шымылдығынан көзін алмай, оның әрбір дем алысын, тынысын тыңдап, аңға түсетін бүркітше қомданып-қомданып қояды(«Жапандағы жалғыз үй», 27 бет).

Шымылдық Төсек тұсын және театр сахнасын көлегейлеп қоятын матадан тігілген қалқан[ҚТТС, 934 бет].

  1. Төрдегі алаша үстінде ойнап отырған Болаттың нәзік саусақтары қызарып, желке шашы үрпиіп, өңі бозарған(«Жапандағы жалғыз үй», 32 бет).

Алаша Түрлі түсті жіптен арқау салып жолақтап тоқитын тақыр кілем, төсеніш[ҚТТС, 39 бет].

  1. Бәйек болып, шошалаға қарай ұмтылған Жәміштің соңынан Қарасай да шыққан(«Жапандағы жалғыз үй, 51 бет).

Шошала Тошала, ас қойма, ас пісіретін үй[ҚТТС, 922 бет].

  1. Шолақ та болса, сеңсең қойдың терісінен тігілген тұлып үстіме киген соң өне бойым жылынып қоя берді(«Жапандағы жалғыз үй», 75 бет).

Тұлып Мал мен аң терісінен тігілген сырткиім, ішік[ҚТТС, 823 бет].

  1. Жүсіп шал қоярда-қоймай отырып, үлкен бір ту қойды құрбандыққа шалдырып өзімізше серне жасадық(«Жапандағы жалғыз үй», 109 бет).

Серне Бірнеше адам бірігіп бас қосып, сал сойып жеу салты[ҚТТС, 727 бет].

  1. Тұрмысында тұңғыш рет сауда жасай келген Халел дәу қара сабамен қымыз сатып отырған кемиек шарқы шалдың қасынан орын алған(«Жапандағы жалғыз үй», 121 бет).

Саба Жылқының тұтас терісінен жүнін қырып илеп, ыстап жасалған, қымыз ашытатын сыйымды ыдыс[ҚТТС, 694 бет].

  1. «Бұл не басынғандық?», «түнделетіп келіп қыз алып қашу қалған», «әйел адамға бостандық, өз қалағанына барады», «Алтыния шешейдің өліміне құн сұрай келдік, Қарабеттен басқа ешкім емес мұны істеген. Қанға –қан. Балаңды қолымызға бересің», -деп қиғылықты салып алдық(«Жапандағы жалғыз үй, 188 бет).

Құн тар. Ерте кезде кісі өлтірген адам тарапынан төленетін айып мал; төлем[ҚТТС, 541 бет].

  1. Қолтығыма қысқан кішкене дорбада екі уыс малта, азбыншы ірімшік бар(«Жапандағы жалғыз үй», 215 бет).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет