3 б. І. ҚР азаматтық іс жүргізу заңдары



бет25/26
Дата31.12.2021
өлшемі244,5 Kb.
#23754
түріҚұрамы
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26
Қорытынды
Қорыта келгенде, айтуға болады, бұл тақырып азаматтықіс жүргізуде үлкен роль атқарады.

Азаматтықсот ісін жүргізудің міндеттері азаматтардың, мемлекеттің және ұйымдардың бұзылған немесе даулы құқықтарын, бостандықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау, заңдылықпен құқықтәртібін нығайту, құқықбұзушылықтың алдын алу болып табылады.

Сот істерді азаматтықсот ісін жүргізу тәртібімен шешу кезінде Қазақстан Республикасы Конституциясының, Азаматтықіс жүргізу Кодекстің, басқа да нормативтік кұкықтықактілердің талаптарын дәлмедәл сактауға міндетті /3/.

Соттардың адам мен азаматтың Конституцияда баянды етілген құқықтарына және бостаңдықтарына қысым жасайтын заңдар мен өзге де нормативтік құқықтықактілерді қолдануға құқығы жоқ. Егер сот қолданылуға тиісті заң немесе өзге де нормативтік құқықтықакт адам мен азаматтың Конституцияда баянды етілген құқықтары мен бостандыктарына қысым жасайды деп тапса, ол іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұруға және КонституциялықКөңеске осы актіні конституциялықемес деп тану жөнінде ұсыныс жасауға міндетті. Сот КонституциплықКеңестің шөшімін алған соң іс бойынша іс жүргізу қайта басталады /2/.

Азаматтықіс жүргізуде маңызды тақырыптардын бірі-сот шығындары.

Сот шығындары мемлекеттік баж бен іс бойынша іс жүргізуге байланысты шағындардан тұрады.

Мемлекеттік баж—уәкілдік берілген мемлекеттік органдардың немесе лауазымды адамдардың заңдықмәні бар іс-қимылдар жасағаны үшін және (немесе) құжаттарды бергені үшін алынатын міндетті төлем.

Мемлекеттік баж Салық Кодексте белгіленген.

Төлеушілер:

Заңдық мәні бар іс-қимылдар жасау және (немесе) құжаттар беру женінде мемлекет уәкілдік берген органдарға немесе лауазымды адамдарға өтініш жасайтын жеке және заңды тұлғалар мемлекеттік баж төлеушілер болып табылады.

Іс бойынша іс жүргізуге байланысты шағындарға:

1) куәгерлерге, сарапшыларға және мамандарға теленуге тиісті сомалар;

2) сол жерде қарау жүргізілуге байланысты шығындар;

3) заттай дәлелдемелерді сақтауға байланысты шағындар;

4) жауапкерді іздестіру женіндегі шығындар;

5) іс бойынша жарияланымдар мен хабарландыруларға байланысты шығындар;

6) тараптарға хабарлау және оларды сотқа шақыру жөніндегі шығындар;

7) тараптар мен үшінші тұлгалардың жолақысы және олардың сотқа келуіне байланысты шеккен тұрғын жайды жалға алу жөніндегі шығындар;

8) өкілдердің кемегіне ақы телеу жөніндегі шығындар;

9) соттың шешімдерін, үкімдерін, ұйғарымдарын және қаулыларын орындауға байланысты шығындар;

10) сот қажет деп таныған өзге де шығындар жатады.

Азаматтық іс-жүргізу Кодексінде сот шығындарына бірнеше баптар арналған.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет