3-дәріс. Азаматтық-саяси қайшылықтар Қазан төңкерісі және Қазақстанның саяси өмірі



бет2/7
Дата20.05.2022
өлшемі128,01 Kb.
#35182
1   2   3   4   5   6   7

2 бет

Ташкентте Кеңес үкіметі 1917 жылы 1 қарашада кескілескен ұрыс нәтижесінде орнады. Ал 1917 жылдың қараша айының орта кезінде Кеңес өкіметі Черняев (Шымкент) қаласында жеңді. Қараша-желтоқсан айларында Кеңес өкіметі Әулиетада, Түркістанда, Қазалыда, Аралда және облыстың басқа да ірі елді мекендерінде бейбіт жолмен орнады. Көкшетау, Павлодар, Атбасар, Өскемен уездерінде казак-орыс әскерлерінің басым болуынан Кеңес өкіметі үшін күрес біраз қиындыққа кездесті. Кеңес өкіметі 1918 ж. наурыз айында Жаркентте, Сергиопольде (Аягөзде), Талдықорғанда, сәуірдің бас кезінде Лепсіде орнады.

1917 ж. соңы мен 1918 ж. наурызы аралығында Кеңес өкіметі Қазақстанда негізінен қалалар мен басқа да ірі халық тығыз орналасқан жерлерде орнады. Кеңес өкіметін орнатумен бірге өлкенің шаруашылығы мен мәдениетін қайта құру шаралары қатар жүргізілді. Өнеркәсіп орындарында, мәселен Спасск заводында, Қарағанды шахтасында, Успен кенішінде, Ембі мұнай кәсіпорындарында бақылау қойылып, сондай-ақ банктер мемлекет меншігіне көшірілді. Кеңестердің 2-ші Бүкілресейлік съезінде қабылданған Жер туралы декрет бойынша алғашқы шаралар жүргізіле бастады.

Қазан төңкерісінің алғашқы күндерінен бастап-ақ облыстық және уездік орталықтарда да жұмысшылар мен шаруалардың өкіметін нығайту ісі, ауылдық және селолық Кеңестерді құру ісімен бірге жүргізілді. Алайда ауылдың экономикалық және мәдени жағынан артта қалуынан туындаған қиыншылықтар, әлі де күшті рулық байланыстар қазақ ауылдары мен болыстарында Кеңес өкіметінің органдарын ұйымдастыру жөніндегі жұмыстарын қиындатты. 1918 жылдың күзінен бастап билік Кеңес атқару комитеттері қолына алына бастады. Сонда да болса, ауыл-селоларда әлі Кеңестер күш ала алмай жатты. Халық азық-түлік тапшылығынан зардап шекті. Кеңес өкіметіне қарсы күштер бас көтерді. Кеңеске қарсы күштердің қарсылығын басу үшін, жергілікті жерлерде өкімет билігін нығайту қажет болды. Кеңес өкіметін нығайту жолындағы күресте облыстық және уездік кеңестер съездері көп роль атқарды.

3-бет

  • Қазан төңкерісінің жеңісінен кейін ұлттық, ең алдымен ұлттық-мемлекеттік құрылыс мәселелері талқылана бастады. Кеңес өкіметінің ұлттық саясатының негізгі принциптері маңызды екі құжатта - 1917 ж. 2 қарашада қабылданған “Ресей халықтары құқықтарының Декларациясында” және 1917 ж. 20 қарашада жарияланған Кеңес өкіметінің “Барлық Ресей және Шығыс мұсылман еңбекшілеріне” үндеуінде көрініс тапты. 1918 ж. қаңтарда кеңестердің Бүкілресейлік 3-съезінде В.И.Лениннің дайындаған “Еңбекшілер мен қаналған халықтардың құқықтары Декларациясы” қабылданды. Бұл құжатта Коммунистік партияның кеңес республикасының мемлекеттік құрылымы түріндегі кеңестік федерацияны жақтайтыны айқын көрсетілді. Декларацияда “Кеңестік Ресей Республикасы еркін ұлттар одағының негізіндегі кеңестік ұлттық республикалардың федерациясы түрінде құрылады” делінген.
  • РКФСР құрылғаннан кейін елдің Шығысында жаңа автономиялық республикаларды құруға дайындалды. Большевиктік ұйымдар, Қазақстан және Түркістанның Кеңестері кеңестік бүкілқазақ, бүкілтүркістандық съездерін шақыруға дайындала бастады. 1918 ж. көктемінде еліміздің шығысында Түркістан автономиялық Кеңестік социалистік республикасы құрылды. Қазіргі Қазақстанның оңтүстік аймағы (бұрынғы Сырдария және Жетісу облыстары) Түркістан автономиясының құрамына кірді. Бірақта 1918 ж. қаңтарда кеңестердің 3 - Бүкілресейлік съезі Ленин дайындаған “Еңбекшілер мен қаналушы халықтар құқықтарының Декларациясында” өзге ұлттардың өзін-өзі билеу құқы жоққа шығарылды. Қазақстанның қалған жерінде – Торғай, Орал, Ақмола, Семей облыстарында және Маңғыстауда қазақ кеңестік мемлекеттілігін құруға дайындық жөніндегі күрделі жұмыс одан әрі жалғастырылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет